Қазақша өлең: 8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күні — Қыз сөзi
Жүрегiмде қандай мұңым жатты екен?
Деме менi тұрақсыз.
Болар едiм, әттең, саған тәттi өлең,
Махаббатта болмайды екен сынақсыз.
Өмiр өтеді өзендейiн тасып мың,
Кедергiсiн келтiрмесiн бiзге бiр.
Сенесiң бе, ғашықпын,
Айта алмайды қыз-көңiл.
Менiң нәркес жанарымнан сез ендi,
Қыз сезiмiм iштей ғана көсiледі,
Сезем сен де ұнатасың, өзендi
Жiгiт болсаң, кешiп өт.
Орнасыншы арамызда теңдiк мың,
Адалдықтың жолы нық.
Иә, иә! Мен сендiкпiн гой, сендiкпiн!
Соны ұқ!
Сенiң маған болмысың ұнап тұрды.
Бiрақ, әттең, көңiлде сұрақ тұрды.
Өйткенi сен өтiрiк айтқан сайын,
Қыз-жүрегiм қайғыдан жылап тұрды.
Деп едiм-ау сезiмге айналар бақ,
Қыз көңiлi,айтшы ендi, қайда қалады?
«Неге?» дедiм аспаннан, бұлттан сұрап,
«Неге?» дедiм жұлдызға, айға қарап.
Жүрегiмде мөлтiлдеп қалды жаңбыр,
Алдамашы, шын сенген жанды нандыр.
Өтiрiкпен мың рет өлтiргенше,
«Сүймеймiн» деп көңiлдi мәңгi қалдыр.