Армысың, әз Наурыз! тәрбие сағаты

Армысың, әз Наурыз! тәрбие сағаты

Армысың, әз Наурыз! тәрбие сағаты

Мақсаты:

  • Оқушыларды Наурыз мерекесінің ерекшеліктерімен, қазақтың салт-дәстүрлерімен таныстыру;
  • Өз халқының салтын ұмытпай, жалғастыра білуге баулу;
  • Ұлтжандылыққа, бірлікке, татулыққа, кешірімді бола білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Плакат, салт-дәстүрлерге қатысты суреттер, слайд, өрнектелген көрпешелер, қолөнер бұйымдары, жайылған дастархан

Сабақтың барысы:

Мұғалім:

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар және қонақтар. Бүгінгі күн Наурыз мейрамы.
Көне парсы тілінен қазақша аударғанда «Жаңа күн» деген мағына беретін Наурыз – жыл басы. Қыстың көбесі сөгіліп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып, жаңаратын, табиғат-әлем көгеріп, көктейтін шақ.

Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін — әз Наурызбен шын жүрегімнен құттықтаймын!

Наурыз мейрамы

Күллі шығыс жұртына ортақ мереке — Наурыздың тарихы тым тереңде жатыр. Күн мен түн теңелетін, ырысы мол мереке біздің жан — дүниемізді шуаққа бөлейді, ой — ниетімізді таза арнаға бұрады. Бұл кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі. Бұл күні біз өткен жылы жасаған жұмысымызға есеп беріп, келешекке жоспар құрамыз, тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз. Наурызда айтылған барлық тілек қабыл болады деген де наным бар.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін!
Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.

Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз — көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол — өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.
Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық!

Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз. Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!

Ұлтым қазақ дәстүрім бұл Наурыз
Қазағым мен жасасып келе жатыр
Қарсы алыңдар қазағым халқым менің
Улыстың ұлы күні бұл Науырыз.
Күн мен түн теңелген,
Жер шуаққа кеңелген,
Наурыз келді әлемге!

Наурыз келсе, құт келгені, халайық!
Шашу шашып, ел боп қарсы алайық!

Бұрынғы ата-бабаларымыз бата жасап бет сипайды екен.

1-оқушы:

Бата

Ендеше осы батамыз қабыл болсын дей отыра осынау бұл ұлы күнде бар өнерімізді ортаға салайық балалар!

Оқушылар өлеңдері

Қазақ биі (Бипыл)

Әу демейтін қазақ жоқ деп бекер айтылмаған ғой халайық! Ата-аналарымыздан бір әсем ән салуын өтінейік

Ән: Наурыз

Мұғалім:

Наурыз мерекесі ұлттық мерекеміз болғандықтанда өз ұлтымыздың салт-дәстурін айтпай кетпеске болмас. Салт-дәстүрлерінің ішіндегі бала тәрбиесіне байланысты тәрбие дәстүріне тоқталсақ.

Тәрбие дәстүрі

Салт — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі. Қазақтың салттарын ата-аналарымыз қаншалықты білетінін тексеріп көрелік.

(Қобдишадан сұрақтар таңдалып алынады. Ата-аналар жауап береді)

  1. Шілдехана (салт). Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той.
  2. Кіндік кесер (салт). Нәресте туған сәтте оның кіндігін әйелдер (кіндік шешесі) дайын тұрады. Кіндік кесу-мәртебелі, абыройлы іс.
  3. Бесікке салу (салт). Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.
  4. Тұсау кесер (салт). Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.
  5. Базарлық (дәстүр). Алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес, көрші-көлем, жас балалар, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы.
  6. Байғазы(дәстүр). Балалардың, жастардың жаңа киім үшін берілетін ақшалай, заттай сый.
  7. Асату (дәстүр). Ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.

Мінекей көптеген салт-дәстүрлерімізді біліп біраз мағлұмат алдық. Енді ата-аналарымыз бесікке бөлеу салтын көрсетпекші. Барлығымыз тамашалайық.

Бесікке бөлеу көрініс

Бесік жыры

Наурыз мерекесі көктем мерекесі болғандықтан, ендігі кезекті биге берейік.

Көктем вальсі

Мұғалім:

Балалар, қазақтың ұлттық биін білеміз бе? Әрине қара жорға! Ендеше бәріміз бірге билейік!

Би Қара жорға

Мұғалім:

Наурыз мейрамы құтты болсын молшылық, береке болсын, ұлыс оң болсын ақ көп болсын. Барлық қонақтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз! Барлығыңызды наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз!

Сау болыңыздар!

Добавить комментарий