Сабақтың тақырыбы: Қырықжапырақтәріздес өсімдіктер
Сынып: 6
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Қырықжапырақтәріздес өсімдіктердің табиғаттағы маңыздылығын түсіндіру
Сабақ нәтижесі:
- Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
- Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
- Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды.
Бағалау критерийі: Тақырыптың маңызын түсіндіреді. Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады
Тілдік құзіреттілік: Фотосинтез, спора, спорангий, вайя.
Ресурстар: Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс: Химия, медицина.
Алдыңғы оқу: Қырықбуынтәріздес өсімдіктерге жалпы сипаттама беру. Қырықбуын медицина да қандай мақсатта қолданылады?
Қырықжапырақтәріздес өсімдіктер
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру
Топтарға бөлу
Гүл суреттері бойынша топқа бөліну.
Оқушыларға буын қиындыларын беремін. Буын қиындыларын құрастырғанда тақырыпқа сай сөздер шығуы керек.
Психологиялық ахуал қалыптастыру
«Сәлемдесу» жаттығуы
Мақсаты: Қатысушылармен сәлемдесу, топқа энергия беру;
Жаттығу барысы: Қатысушыларға шеңбер құрып тұруға және 3 топқа бөліну ұсынылады.
- 1-топ Усасыр
- 2-топ Мыңжылқы
- 3-топ Шолпан шаш
Әрбір қатысушы әр түрлі өсімдіктерді танып білуге болады
II. Жаңа білім
Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
«Еркін микрофон» әдісі
(Микрофонды бір-біріне беру арқылы әрқайсысы жауаптарын айтады.)
III. Жаңа сабақ
1 топ. Қырықжапырақ туралы сипаттама
Қырықжапырақ тәріздестер — жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің ең ерте пайда болған тобы. Ертедегі жойылып кеткен үлкен ағаш тәрізді түрлері ылғалды тропиктік орман болып өскен.
Қазіргі кезде қырықжапырақ тәріздестердің 10 000 — нан астам түрлері белгілі. Қырықжапырақтылар тропикте ағаш, лиана (басқа өсімдікке оралып өсу) түрінде өседі. Суда өсетіндері де бар. Аустралия мен Жаңа Зеландияда ағаш болып өсетін түрлерінің биіктігі 20 метрге дейін жетеді. Қазақстанда ағаш тәрізді қырықжапырақ тәріздестерді тек ботаникалық бақтардан ғана көруге болады.
Қырықжапырақтылар — тең споралы және әртүрлі споралы өсімдіктер. Қазақстанда көпжылдық шөптекті түрлері ғана кездеседі. Олардың кең тараған өкілдерінің бірі – усасыр қырықжапырағы. Ол ылғалды, көлеңкелі жерлерде, орман шетінде және сайлар мен жыраларда өседі. Усасыр қырықжапырағы – тамырсабақты өсімдік. Тамыр сабақтарынан төмен қарай – қосалқы тамырлары, ал жоғары қарай жапырақтары өседі.
Бізде шөптекті болып өсетін қырықжапырақтың жер үсті сабағы дамымаған. Оның есесіне жерасты тамыр сабағы жақсы дамыған. Сондықтан тамыр сабағын қысқарған сабақ дейді. Усасыр қырықжапырақтың жапырақтары өте баяу өседі. Мұнда үш түрлі жапырақ бар. Бірінші жылғы жапырақтар бүршік түрінде болады және тамырсабақтың ұшына жақын орналасады. Осы бүршіктерден екінші жылғы жапырақтар пайда болады. Екінші жылғы жапырақтары биіктеліп, сыртын түктер жауып тұрады. Үшінші жылы көктемде бүктелген жапырақтар жазылып, қауырсынды тілімделген нағыз жапыраққа айналады.
Жапырақтары ұшынан шексіз өсетіндіктен, өте ірі болады. Олардың мөлшері бірнеше миллиметрден 30 метрге дейін жетелі.
Қырықжапырақтылардың жапырақтары 2 түрлі қызмет атқарады:
- Фотосинтез үдерісінде ағзалық зат түзіледі;
- Споралар түзіліп, көбеюге қатысады.
Фотосинтез үдерісі болатын жапырақтарында сағағы мен тақтасы бар.
2 топ. Қырықжапырақтың көбеюі
Қырықжапырақтар өсімді, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Өсімді көбеюі тамырсабақтары және өнім бүршіктері арқылы жүзеге асады. Өнім бүршіктері қырықжапырақтардың барлығында бірдей бола бермейді. Мұндай бүршіктер жапырақтың негізгі жүйкесін бойлай орналасады. Олардан жапырақтың нышаны бар кішкентай қырықжапыраққа бекиді де нағыз қырықжапыраққа айналады.
Жыныссыз көбею жаз кезінде усасыр қырықжапырақ жапырағының астыңғы бетінде, орталық жүйкені бойлай қоңыр төмпешіктер түзіледі. Оларды сорустар деп атайды. «Сорус» дегеніміз спорангийлердің жиынтығы. «Спорангий» — споралар дамып жетілетін орын — қалта. Сорустың үстін жауып тұратын жарғақша жамылғысы болады.
Спорангийлері жапырақтың астыңғы бетінде ұзынаяқшалары арқылы негізгі жүйкеге бекініп тұрады. Пісіп жетілген споралар спорангийдің қабықшаларының жыртылуы нәтижесінде жерге шашылады. Қолайлы жерге түскен споралар өніп, өскіншелер береді. Усасыр қырықжапырақ – тең споралы өсімдік.
Жыныстық көбеюі осы өскіншеде жүзеге асады. Өскінше жүрек пішінді, жасыл түсті, диаметрі 4 миллиметрдей. Ол ризоидтары арқылы топыраққа бекиді. Өскіншенің астыңғы бетінде аталық және аналық жыныс мүшелері жетіледі. Аталық жыныс мүшесінен – аталық жыныс жасушалары, ал аналық жыныс мүшесінен аналық жыныс жасушасы(жұмыртқа жасушасы) пайда болады. Екі әртүрлі жыныстық жасушалардың қосылуының нәтижесінде өсімдік ұрықтанады. Ұрықта болашақ өсімдік тамырының, сабағының, жапырағының бастамасы болады. Ұрық алғашқы кезде өскіншенің есебінен қоректенеді. Кейін ұрықтан тамыр және жапырақ жетіледі.
3 топ. Қырықжапырақтың маңызы және қорғау
Қырықжапырақ тәріздестерді сәндік өсімдіктер ретінде өсімдікжайда (оранжереяларда) өсіреді және жұмыс орындарын көгалдандыруға жиі пайдаланады. Кейбір түрлері дәрілік өсімдіктер болып табылады. Мысалы, усасыр қырықжапырағы дәрілік өсімдік ретінде көп уақыттан бері белгілі. Оны ішек құрт ауруларына қарсы қолданады. Жапырағынан жараларды жазатын тұнбалар, суық тигенде және ауырғанды басатын препараттар алынады. Ағаш тәрізді жойылып кеткен қырықжапырақтар тас көмірдің түзілуінде орасан зор рөл атқарған.
Бұдан 300 млн жыл бұрын қырықжапырақ тәріздестерден түзілген орманға су көп жайылған. Сөйтіп жер жиі батпақты жерге айналған. Жердің батпақтануына климаттық өзгеріп, қалың нөсердің болуы да әсер еткен. Спора арқылы ғана көбейетін, биіктігі 40 метрге жететін қырықжапырақ тәріздес ағаштар құлап, лайға батқан, құм басқан. Су қысымы үйінділер астында қалған қырықжапырақты ағаштарды нығыздап, оттегінің қатысуына мүмкіндік қалдырмаған. Миллиондаған жылдар бойы оттегі қатысынсыз нығыздалған ағаштардан таскөмір пайда болған.
Таскөмір – өте қызулы отын. Таскөмірден алынатын химиялық шикізаттар қаншама? Жанғыш газ, пластмасса, асфальт, сабын, шайыр, өзге де халық шаруашылығына қажетті өнімдер таскөмірлер алынады.
Демек қырықжапырақ тәріздестердің табиғат және адам тіршілігі үшін маңызы ерекше екенін естен шығаруға болмайды.
Қазіргі кездерде қырықжапырақтың кейбір түрлерінің саны жылдан — жылға азайып келеді. Соған байланысты оларды қорғаудың қажеттігі туындауда. Мысалы, Қазақстанда олардың сирек кездесетін, тіптен жойылуға жақын түрлері бар. Бұларға мың жыл қықырықжапырағы мен шолпаншаш сүмбілі жатады. Олардың екеуі де Қазақстанның Қызыл кітабына енген.
IV. Қолдану
Талдау
Ортақ тапсырма: «Стоп-кадр» әдісі
Суреттер беріледі. Оқушылар суреттерді сөйлетеді.
Қырықжапырақ Таскөмір
V. Сабақты бекіту
Балама тест Ортақ тапсырма
- Қырықжапырақтәріздес өсімдіктердің 10000-нан түрі бар (+)
- Қырықжапырақтәріздінің жапырақтары үш түрлі қызмет атқарады (–)
- Қырықжапырақтар тропикте ағаш лиана түрінде өседі ( +)
- Қырықжапырақтәрізділердің жапырақтары екі түрлі қызмет атқарады (+)
- Қырықжапырақтар вегетативті, жынысты, жыныссыз жолмен көбейеді (+)
- Жапырақтарының биіктігі 20 мм-ге жетеді (-)
- Еркек усасыр шөптің үш түрлі жапырағы болады (+)
- Қырықжапырақтың дойылып кеткен түрінен таскөмір түзіледі (+)
- Мыңжылқы қырықжапырағы, шолпаншаш сүмбіл қызыл кітапқа тіркелмеген (-)
- Қырықжапырақтардың қауырсын тәрізді ірі жапырақтары вайялар деп атайды (+)
VI. Бағалау
Оқушының аты-жөні | Мәтінмен жұмыс | «Стоп-кадр» әдісі | Тест | Топтық жұмыстарды қорғау | Балл |
Дұрыс жауапқа 5 балл
VII. Рефлексия
Кері байланыс
Бір ауыз сөз
Оқушылар стикерге сабақ туралы бір ауыз сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады. (Ұнады, қажет, пайдалы, білдім, үйрендім, қызықты, ұмтылдым, есте сақтадым)