Аналар жайлы мақал-мәтел — 8 Наурыз
Алда 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесі жақындап келеді. Мереке алдында аяулы аналарымыз туралы айтылған мақал-мәтелдерді топтастыруды жөн көрдік. Ендеше, бағзы заманнан бүгінге дейін мағынасын бұзбай жеткен ата сөздерін назарларыңызға ұсынамыз.
***
Ана – біреу, ағайын – алтау.
***
Алып анадан туады,
Ат биеден туады.
***
Ердің анасы – елдің анасы.
***
Анасын сүйгеннің баласын сүй.
***
Ананың ізін қыз басар,
Әкенің ізін ұл басар.
***
Анасын көріп қызын ал,
Аяғын көріп асын іш.
***
Ананың алақаны – балаға айдынды қоныс.
***
Ана сүтін ақтамағанды ешкім жақтамайды.
***
Атыңа ауыр жүк артпа,
Анаңа ауыр сөз айтпа.
***
Ана баласын арыстанның аузынан алады.
***
Мылқаудың тілін анасы біледі.
***
Анасын сыйламағанды адал деме,
Ұстазын сыйламағанды адам деме.
***
Ана тілін алмаған – арсыз.
***
Тапқан ана емес, баққан ана.
***
Ананың қақы – Құдайдың қақы.
***
Анаңа рақым етпесең,
Балаңнан рақым күтпе.
***
Анаға баланың алалығы жоқ.