Қош келдің, Наурыз! — балабақша ертеңгілігі

Қош келдің, Наурыз! - балабақша ертеңгілігі

Қош келдің, Наурыз!

(шаттыққа толы саз әуені ойнап тұрады)

Жүргізуші:

Қырдан бүгін бу ықты,
Қуды жерден суықты.
Құтты болсын мерекең,
Құтты болсын берекең!
Былтырғы жыл мерейлі жыл болды,
Былтырғы жыл елеулі жыл болды.
Биылғы жыл молшылық жыл болсын,
Халқымыз тоқ болсын,суықта тоңбасын!

Уа халайық, бүгін ұлыстың ұлы күні. Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ-ақ түйенің қарны жарылған күн — Наурыз мейрамы. Балалар, қане, бәріміз жиналып қалған екенбіз қане маған айта қойыңдаршы қазір далада қай мезгіл?

Балалар: Көктем!

Жүргізуші: Көктемнің қай айы және қалай аталады екен?

Балалар: Көктемнің бірінші айы. Наурыз деп аталады.

Жүргізуші: Өте жақсы. Сендер наурыз айында қандай мерекелерді тойлайсыңдар?

Балалар: Аналар мерекесі және 22-наурыз жаңа жылды тойлаймыз.

Жүргізуші: Қандай ақылды балалар!

Олай болса наурыз мерекесіне арналған ертеңгілгімізді тамаша бір әнмен бастайық!

Ән: «Жетісу жұлдыздары»

Жүргізуші: Балалар, сендердің естеріңдеме біз жаңа жылда тоғайда серуендеп келе жатып ағашқа оратылып жатқан нені көрдік?

Балалар: Жыланды.

Жүргізуші: Құрметті халайық, біз өткен жылан жылына ризамыз ба? Өкпеміз жоқпа?

Балалар: Ия, өкпеміз жоқ, ризамыз!

(Жылан ортада жүреді)

Жүргізуші: Ал өзіңнің мына жұртыңа не айтарың бар?

Жылан өз сөзін айтады. Қоштасып шығып кетеді.

Жүргізуші: Ал, балалар, ортаға жаңа жылқы жылын шақырайық!

Шапалақтау

Ортаға жылқы келеді. Жылқы өз сөзін айтады.

Жүргізуші: Ата-баба салты бойынша Қызыр бабаның  батасын алайық.

Бата:

Амысыңдар жамағат!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын.
Қайда барсаң, жол болсын!
Ұлыс бақты болсын
Төрт түлік бақты болсын
Ұлыс береке берсін
Бәле жала жерге енсін.
Уайым қайғы жоқ болсын
Ұлы халқым тоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын! Әумин

Жылқы жылы: Балалар, менің сендерге дайындаған бір сыйлығым бар.

Қандай сый екенін айтады.

Жүргізуші:

Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын таба ма екен ата – аналар,
Сол себептен қоятын сұрақтар бар.

  1. Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? (Жауабы: Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған)
  2. Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта т.б.)
  3. Наурыз тілек деген не? (Жауабы: наурыз тілек – достық көңіл мен тілектестіктің, адамгершіліктің, белгісі әр тойдың жарасты салтының бірі ретінде айтылған. Әр адам өзіне, отбасына немесе туыс – туғандары мен дос – жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір – бірінің үйіне кіріп дәм татады)
  4. Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған? (Жауабы: 21 наурыз)
  5. Наурыз бата дегеніміз не? (Жауабы: халықта батаның түрлері көп. Соның бірі – Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге осы күнге арнап, «наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға т.б. өнерпаздарға, жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді.

Жүргізуші:

Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған
Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын,
Қазақ атты үлкен, кіші балдырған
Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде
Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де
– деп ендігі кезекті Наурыздағы салт-дәстүрлерге берсек.

«Балдәурен» тобы көрсетеді

Тұсаукесер

Жүргізуші:

Тыңда ағайын тыңдаңдар
Тойда босқа тұрмаңдар
Ойын-ойнап ән салып
Наурыз тойын тойлаңдар — деп кезекті ұлттық ойындарға берейік.

Наурыз тойының басты кәделерінің бірі — Айтыс

Жүргізуші: Біздің балабақша балалары да құр алақан емес.

Айтыс

Ән мен күйді шалқытып інжу маржан шашашайық
Жиналған халық таң қалсын өнерден күмбез жасайық

Жүргізуші:

Арта берсін халайық
Берекелі байлығың
Наурыз күні құтты қонақ көбейсін
Өрістерің кеңейсін
Тойларыңыз құтты болсын!
Дендеріңіз сау мықты болсын — деп  наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігімізді  аяқтаймыз.

Добавить комментарий