Соңғы қоңырау кешіне арналған қазақша сценарий

Соңғы қоңырау кешіне арналған қазақша сценарий

Соңғы қоңырау кешіне арналған қазақша сценарий

1-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, қадірлі жас түлектер! Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын – соңғы қоңырау салтанаты.

2-жүргізуші: Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Бүл күн-мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық.

1-жүргізуші: Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар 2023-2024 оқу жылының соңғы қоңырау, яғни «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші:

Жас жүректің өмірлік құштары гүл
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

1-жүргізуші:

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді шақырайық ортаға.

2-жүргізуші:

Бүгінгі салтанатты жиын – 2023-2024 оқу жылындағы 11 – сынып оқушылары үшін аса салтанатты күн. Бүгін 11 – сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау соғылады. 11 жыл бойы бұл оқушылар ұстаздарды тік тұрып қарсы алса, біз бүгін үлкен өмірге қадам басқан түлектерді тік тұрып қарсы алайық.

(11-сынып оқушылары мектеп алдына 1-сынып оқушыларымен бірге қол ұстасып шығады)

I. Түлектерді шақыру

1-жүргізуші: (Жәнібекке)

Ғылым жолын қызығумен қарайды,
Жәнібектің болашағы арайлы.
Ұстаздарын сыйлап, үлкен құрметпен,
Ал мектебін өз үйіне балайды.

2-жүргізуші: (Назираға)

Тәрбиенің нұры ескен бойынан,
Ақындықтың барын көрем ойынан
Назираның болашағы ақ болсын,
Кедергілер кездеспесін жолынан

1-жүргізуші: (Бағдатқа)

Бағдат достарының берекесі,
Жайдарлы, әрқашанда ел еркесі.
Өмірден алар орны жақсы болып,
Жайылсын көпшілікке керегесі.

2-жүргізуші: (Данагүлге)

Кім қияды мектептегі дәуренін,
Жастық шақта шырқап салған әндерін.
Мінезіне, ақылы сай тәнтімен,
Данагүлдей сылу қыздың өнерін.

1-жүргізуші: (Айболға)

Айболдың да орны бөлек сыныпта,
Талапты, еңбекшіл ол сабақта.
Талабыңа нұр жаусын деп тілейміз,
Студент боп, жеңіске жет сынақта

2-жүргізуші: (Алтынайға)

Сахнаның төрінде,
Әнімен жұртты баураған.
Алтынай ол бір төбе,
Сенімді әркез ақтаған.

1-жүргізуші: (Амандыққа)

Өмір сыйлар өз үлесін еселеп,
Бақыт пенен қуанышты жетелеп.
Амандықта болашақтың маманы
Көрсетейік қане халқым қошемет.

2-жүргүзуші: (Ханмырзаға)

Бақытты ғой бүгінгі күн түлегі,
Жүзінде шаттық, көздерінде нұр еді.
Ханмырза деген әп-әдемі оқушы,
Өнер десе дүрсілдейді жүрегі.

2-жүргізуші:

Көк байрағы бүгінгі ұрпақ жалауы
Бұл белгіміз – бар халықтың қалауы
Жер жүзіне желбіресін қашан да,
Шарықтасын Қазақстан жалауы.

1-жүргізуші:

Назар аударыңыздар, Қ.Р Мемлекеттік Туы енгізілсін

(Туды 11-сынып оқушылары алып кіреді)

2-жүргізуші:

Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалсын!

1-жүргізуші:

Жас болса да мектебіме бас болған
Досбол ағай үміт күтер жастардан
Ұйымшылдық ұжым үшін жақсы леп
Айтатыны ақ бата мен ақ тілек

(Директордың қызметін атқарушы: Есепбаев Досболға сөз беріледі)

2-жүргізуші:

Ажырамай мектептен бір елі сіз
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз
Сөз берейік құрметпен өзіңізге
Түлектерге арналсын тілегіңіз
Сөз ауыл әкімі — ағаға беріледі.

1-жүргізуші:

Жайнаса бал-бұл бүлдіршін
Бір сынып тағы өрлеген
Түлектер тұйық, кім білсін.
Сезім бе қимас кернеген
Мерейлі топтан алқалы
Сыр тартып бір көрейік
Сөз кезегін, ал қане,
Балдырғанға берейік.

(Құтықтау кезегі бірінші сыныпқа беріледі)

2-жүргізуші:

Уақыт шіркін, неткен жылдам десеңші,
Өткен жылдар қол бұлғайды – мұнар шың
Тарыдай боп кеше кірген балаңды,
Таудай етіп, бүгін міне шығардың.

2-жүргізуші:

Жүректер лүпіл қаққан қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек, ендігі сөзді сендерге береміз.

11-сынып оқушылары

Жәнібек:

Алтын ұя, алтын бесік — мектебім,
Мәңгі есімде анам болып өткенің.
Парызыңды өтедің мен білемін,
Ал, қарызым саған берер көп менің.

Назира:

Мектепке алғаш келгенде,
Мейірлі жанды көргенде,
Шарықтап биік қиялым,
Шаттаным шексіз сый алдым.
Анамдай ұстаз, мектебім,
Алғысым айтар көп менің

Жәнібек:

Әлі есімде әліппені ашқаным,
Есіміңді есте мәңгі сақтадым.
Жүрегімде нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашан да суынып.
Бүгін мына сәт жүректі тербейді,
Бал дәурен балалық айналып келмейді.
Алғашқы ұстазым әліппе ұстатқан
Жүректен ешқашан, ешқашан сөнбейді.

11 жыл бойы бізге білім нәрімен сусындатқан мұғалімдердің арасында әліппе ұстатқан алғашқы ұстазымызда тұр. Келесі құттықтау сөз алғашқы ұстазым Нағашыбаева Әсемкүл апайға беріледі.

Назира:

Бірге өткізген күндерін қыс-жазына,
Жазып шықты қаншама іс-қазына.
Балапанын ұшырған ұясынан,
Сөз берейік жетекші ұстазыма.

Ортаға сынып жетекшіміз Ділжанова Назира апайды шақырамыз.

Жәнібек:

Айта берсек таба берер жалғасын,
Көңілге толғаныстар орнасын.
Мүмкін емес ардақтамау осындай,
Ұшқан ұя нағыз білім ордасын.

Жәнібек:

Ұстаз! Осы сөзде қаншама ұлылық жатыр десеңізші! Сөз маржанын терген ақын –жазушыда, көк күмбезіне самғаған ғарышкер де ұстаз алдында иіліп тағзым ететіні рас. Өз уақытын аямаған, шәкіртінің уақытын аялаған, ұстаздарға сазды сәлем жолданады.

Мектебімнің мақтанышы Назира сіздердің құрметтеріңізге ұстазым әнін орындайды.

Ән: Ұстазым

II. Ұстаздарды құттықтау

Назира:

Ұшырса да өмірдің сан түлегін,
Ұстаз ғалым, толастамас мәңгі сын.
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің сәлемін!

Жас түлектердің ұстаздар қауымына арнаған алғыс-сәлемін қабыл алыңыздар.

Ән: Қош бол, мектебім!

1-жүргізуші:

Мектеп түлектері қасиетті көк байрақты 10 сынып оқушыларына тапсыру рәсімін орындайды.

Еліңді таң қалдыршы ұлы істермен,
Қатарына қаймықпай құрышты ерген.
Туды биік көтеріп қалықтатшы,
Қуанта бер қашанда жеңістермен.

III. «Жас түлек» лентасын тағу

1-жүргізуші:

Ұстаздарым, неткен асыл жандарсың,
Тілегім сол, үміттерің ақталсын.
Жүздеріңді мұң шалмасын ешқашан,
Қызметіңе талай ұрпақ таңдансын.

2-жүргізуші:

Жас ұрпақтардың қанатын қатайтып, біліммен сусындатуға өз үлесін қосып жүрген аяулы ұстаздарымызға «Жас түлек» лентасын тағу рәсімі беріледі.

1-жүргізуші:

Бауыржан Жәнібек — оқу екпіндісі, жүргізуші, математика пәні бойынша аудандық пәндік олимпиада жеңімпазы. Таңдау пәні — биология. Жәнібекке «Жас түлек» лентасын тағу рәсімі математикаі пәнінің мұғалімі Ділжанова Назираға беріледі.

2-жүргізуші:

Шарапова Назира — оқу екпіндісі, әнші, әрі биші. Биология пәні бойынша аудандық, аймақтық пәндік олимпиада жүлдегері. Таңдау пәні — биология. Назираға «Жас түлек» лентасын биология пәнінің мұғалімі Есепбаева Гүлвираға беріледі.

1-жүргізуші:

Амангелдиев Амандық — оқу екпіндісі, тарих пәні бойынша аудандық пәндік олимпиаданың жеңімпазы. Таңдау пәні — биология. «Жас түлек» лентасын тағу тарих пәнінің мұғалімі Райымбердиева Ғазиза апайға беріледі.

2-жүргізуші:

Мектебіміздің «Спорт министрі», оқушылар арасында өткен футболдың, волейболдың ең үздік ойыншысы, ең салауатты оқушылардың бірі — Қожабергенов Бағдат. Таңдау пәні — физика. Нұрлыбекке «Жас түлек» лентасын тағу рәсімі, мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әбдіраманов Сағымбай ағайға беріледі.

1-жүргізуші:

Жеткерген Данагүл — оқу екпіндісі, әнші, сыныптағы ақырын жүріп, анық басатын, ең қамқор оқушысы. Таңдау пәні — ағылшын тілі. «Жас түлек» лентасын тағу ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Гүлзина апайға беріледі.

2-жүргізуші:

Бакирамов Ханмырза — сыныптағы ең шығармашыл оқушылардың бірі, өте қарапайым, жайдарманшы, әдеби шығармаларды сүйіп оқиды. Таңдау пәні — физика. «Жас түлек» лентасын тағу физика пәнінің мұғалімі Сұлтаниязов Берік ағайға беріледі.

1-жүргізуші:

Әлімбай Алтынай — сыныптағы ең кішіпейіл, тәртібі — үлгілі, жауапкершілігі мол оқушылардың бірі. Таңдау пәні — биология. «Жас түлек» лентасын тағу қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жұмахметова Сабира апайға беріледі.

2-жүргізуші:

Әбжамиев Айбол — сыныптағы ең үлгілі, тәрбиелі оқушылардың бірі, әрі биші. Таңдау пәні — физика «Жас түлек» лентасын тағу рәсімі география пәнінің мұғалімі Өтегенова Мариям апайға беріледі.

1-жүргізуші:

Күмбірлей күй естілсе домбырадан
Көңілге шаттық сезім қондырар ән.
Шымырлай шыққан кезде шырқау көкке
Елітіп тұла бойың балбыраған.

Ән: Балалық шақтың бекеті

2-жүргізуші:

Көрмеген артық сөйлеп артық күліп,
Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып
Шақырайық вальске түлектерді
Қоштасу вальсін айтып тұрып.

Би: «Қоштасу вальсі»

IV. Білім кілтін тапсыру

1-жүргізуші:

Алдарыңнана арман жолы ашылады
Түлектерге бақыт жолы ашылады
Қимастықпен 11-дің «алтын кілтін»
Ізін басар сыныпқа тапсырады

Назира:

Білімге басқан жастарың,
Ғылымды іздер үңіліп,
Өмірге сапар бастадық,
Алдымда үміт тұр үміт.
Білімді құйып санаңа
Шәкірт болдыңдар білікті.
Орнымызды нық басар деп
Тапсырамыз «алтын кілтті»

Қаламқас:

Қанатын қағар ақ жолдан
Болыңдар сендер жаңа ұрпақ
Жарқыраңдар жұлдыздай
Қарасын жұрт таңырқап
Аяқтап бүгін мектепті
Гүлдерге толы қолдары
Шаттықтан тіпті ес кетті
Сәт сапар болсын жолдарың.

V. Марапаттау

1-жүргізуші:

Бүгінгі салтанатты жиын тек бітірушілер құрметіне ғана арналмайды, ол сондай-ақ 2023-2024 оқу жылының қорытындысын шығару жиыны. Салтанатты жиынымыздың марапаттау рәсіміне кезек берейік. Оқу озаттары мен мектептің қоғамдық жұмысына белсене қатысқан оқушыларды, сондай-ақ үздік жетістіктерге жеткен ұстаздар қауымын мақтау қағаздарымен марапаттау үшін сөз _____________ беріледі

(Марапаттау рәсімі)

VI. Ата-ана тілегі

2-жүргізуші:

Ата-ана секілді таза бұлақ,
Перзентің бауырында жайнар құрақ.
Құттықтау сөз кезегін алады енді,
Ата-ана, ұл-қызына тілек арнап — деп, құттықтау сөз — Жаңыл апайға беріледі.

1-жүргізуші:

Ата-ананың бауыр еті баласы,
Бала деген көздің ақ пен қарасы.
Шын жүректен алғысымды білдірем,
Рахмет сізге, сыныбымның анасы.

Ән: Асыл ана

VII. Соңғы қоңырау

2-жүргізуші:

Гүлдерге толып омырау
Түлектер тойын тойлайды.
Қағылмақ соңғы қоңырау
Қаққызбай өмір қоймайды.

Соңғы қоңырау соғу салтанаты құрметпен 11-сынып оқушысы Амангелдеев Амандық пен 1 сынып оқушысы ____________________________

1-жүргізуші:

Бұл соңғы қоңырау үні. Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу үні. Осыдан 11 жыл бұрын өздеріңе жаңа ғана ақ жол тілеген бүлдіршіндер секілді едіңдер. Көз салып қараңдаршы. Сендер де сондай тәтті едіңдер, бір сәт балалықпен қауышыңдар. Әне, олар сендерді үлкен өмірге аттандыруға бара жатыр. Жүректерің не дейді?

Назира:

Дауыс (музыка әуенімен):

Бүлдіршіндер өздеріңдей болғанбыз,
Құшақ ашқан алтын ұя ордамыз.
Сол бір сәттер енді қайта келер ме?
Балалығым біз өзіңді қимаймыз,
Алтын ұя мектебім мен аяулы
Ұстаздарым өздеріңді қимаймыз.
Қош бол енді балалығым бал дәмім
Мен өзіңді ғұмыр бойы аңсаймын.

1-жүргізуші:

Сап түзелсін, салтанатты жиыннан ту шығарылсын.

2-жүргізуші:

Қанаттарын қағып ұшқалы отырған түлектерге сәттілік, жақсылық, ақ жол тілей отырып, ортаға ақ жаю құрметі ата – аналарға беріледі.

VIII. Оқушыларды ақ матамен жүргізу

1-жүргізуші:

Мойытпасын қиындықтар сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.

Үлкен өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын! Жас түлектер!!!

2-жүргізуші:

Қоштасады алтын ұя мектебің,
Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн
«Сәт сапар!» — деп қол бұлғайық бәріміз,

Тілейік біз армандарға жеткенін — дей келе бітіруші түлектермен қоштасып, мектеп алаңынан шығарып салайық.

1-жүргізуші:

Жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар.

Салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялаймыз.

Добавить комментарий