Тотығу дәрежесі

Тотығу дәрежесі

Сабақтың тақырыбы: Тотығу дәрежесі

Мақсаты:

  • а) Білімділік. «Тотығу дәрежесі» тақырыбында білім беру
  • ә) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, бақылап, анализ жасау, салыстыру, себеп-салдарлы байланыстарды табу, қорытынды жасау, алгоритммен жұмыс жасау дағдасын дамыту, пәнге қызығушылығын қалыптастыру.
  • б) Тәрбиелік. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, еңбек ету дағдысын жетілдіру, оларды логикалық ойлауға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Ұйымдастыру формалары: жеке, топтық, жалпылама

Өту әдісі: СТО әдісі

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, тірек-хабарлар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: Физика,математика

Тотығу дәрежесі

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

а) Ой толғау

  1. Электртерістілік деген не?
  2. Ковалентті байланыс деген не?
  3. Ковалентті полюсті байланысқа мысал келтір
  4. Иондық байланыс деген не?
  5. Кристалдық тор дегеніміз не?
  6. Кристалдық торлардың түрлерін ата

б) Кім жылдам

  1. Ковалентті полюсті байланыс
  2. Ковалентті полюссіз байланыс
  3. Иондық байланыс

Cl2 , HCl, F2 , NaCl, CaCl2 , CO2 , O2 , NH3 , KF

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
  • а) Кіріспе (презентация)
  • Ионды қосылыстардағы ион заряды, полюсті ковалентті қосылыстардағы атомдардың шартты заряды тотығу дәрежесі деп аталады. Тотығу дәрежесінің мәні осы элементтің атомынан басқа элемент атомына шартты түрде ығысқан электрон санымен анықталады.
    Тотығу дәрежесін «+» немесе «-» белгілерімен көрсетеді. Кез келген күрделі қосылыстарда әрбір атомға белгілі бір тотығу дәрежесі сәйкес келеді. Мысалы HF да сутектің тотығу дәрежесі +1, ал фтордыкі -1
  • б) мәтінмен жұмыс
ІV. Бекіту

Кім тапқыр!

  1. ТД +4 ке тең
    а) CO2 ә) K2O б) HF в) H2O
  2. Қай қосылыста элементтің ТД нольге тең ?
    а) FeS ә) F2 б) CaF2 в) Ca3(PO4)2
  3. Қосылыстардағы хлордың +7 тотығу дәрежесін анықта
    а) KClO3 ә) HClO4 б) HCl в) Cl2
  4. Қосылыстағы металл атомдарының тотығу дәрежесі
    а) үнемі оң б) бірде оң, бірде теріс
    ә) үнемі теріс в) нольге тең
  5. Күкірттің төменгі тотығу дәрежесі неге тең?
    а) -6 ә) -4 б) -2 в) 0

№3 жаттығу

Мына қосылыстардағы атомдардың тотығу дәрежесін анықтаңдар:

SiCl4 , MgI2 , NaBr , HCl , H2 O, NH3

3-тапсырма

Реакция теңдеуін аяқтап, қосылыстардағы атомдардың тотығу дәрежесін анықтау

  • 1-қатар
    Na + O2 =
    CO2 + H2 O =
  • 2-қатар
    HCl + CaCO3 =
    C + O2 =
  • 3-қатар
    H2 + Cl2=
    BaCl2 + H2 SO4 =

Есептер шығару

  • Бірінші есеп
    200 г кальций карбонаты ыдырағанда түзілетін көмірқышқыл газының көлемін есептеңдер
  • Екінші есеп
    Натрий сумен әрекеттескенде 11,2л сутек бөлінді. Бастапқы натрийдың массасын есептеңдер
V. Оқушыларды бағалау
VІ. Үйге тапсырма беру

Кызылорда облысы
Кармакшы ауданы
№105 орта мектебінің химия пәні мұғалімі: Дегенбаева Гулнур Жаксылыковна

Добавить комментарий