Сабақтың тақырыбы: Орын басу және алмасу реакциялары
Білімділік: химиялық реакция типтерінің жіктелуін сипаттай білу, орын басу және алмасу химиялық реакция теңдеулерін жаза білуге баулу.
Дамытушылық: Химиялық реакциялардың төрт типіне тоқтала отырып реакция теңдеулерін жазып, оны айтып беру дағдысын дамыту. Химиялық реакция теңдеуі бойынша есептеу жүргізуді қалыптастыра отырып, есепті орындау шартын жаза білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, уақытты үнемді пайдалана білуге тәрбиелеу.
Орын басу және алмасу реакциялары
Сабақтың жоспары:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Үй тапсырмасын тексеру
- Жаңа сабақ
- Бекіту кезеңі
- «Бейнет түбі зейнет» (қорытындылау, бағалау)
- Үйге тапсырма.
Әдіс-тәсілі: іздену, практикалық, жаңа технология элементтері, Венн диаграммасы, перфакарта, №2 зертханалық жұмыс.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
1. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың көрнекілігі: сіріңке, темір (шеге), мыс (ІІ) сульфаты, электорндықоқулық 8-сынып, химиялық реактивтер, баспа және экрандық жабдықтар, «Д.И. Менделеев жасаған химиялық эелементердің периодтық жүйесі» кестесі, карточкалар.
2. Үй тапсырмасын тексеру
Ой қозғау, жалпы сынып оқушылармен жұмыс, оқушыларды сұрақ қою арқылы және топтастыру стратегиясы бойынша үй тапсырмасын тексеру.
а) «Менен сұрақ, сіздерден жауап» (жеке жұмыс)
- Айырылу реакциясы дегеніміз не?
- Қосылу реакция дегеніміз не?
- Осы екі реакцияның ұқсастығы мен айырмашылығына Венн диаграммасын құру?
- Химиялық реакция теңдеулері дегеніміз не?
- Зат массасының сақталу заңын ашқан кім және анықтамасы?
ә) Перфакатамен жұмыс (топтық жұмыс)
- 1-топқа: 1А-ның салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер және 3Е-ның массалық қатынасын анықтаңыз.
- 2-топқа: 3Г-ның салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер және 4Д-ның массалық қатынасын анықтаңыз.
- 3- топқа: 6А-ның салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер және 3Е-ның массалық қатынасын анықтаңыз.
б) Химиялық диктант (топтық жұмыс), (слайд көрсету)
- Жануарлардың тыныс алуына оттек ………керек.
- Қанттың судағы ертіндісінде қант……. және су…….біртіндеп араласады.
- Оттек суда ерігенде оттегінің ……судың …….арасына орналасады.
- Қант ……..құрамына оттегі және сутегі …….басқа да көміртек …….кіреді.
- Балық суда еріген оттегі ……….. тыныс алады.
3. Жаңа сабақ
Проблемалық сұрақ: Қосылу және айырлу реакциясынан басқа химиялық реакция түрлері бар ма? (Слайд: химиялық реакциялар)
№ 2 зертханалық жұмыс.
4. Бекіту
- Химиялық реакцияның негізгі типтері?
- Орын басу реакция дегеніміз не?
- Алмасу реакция дегеніміз не?
а) Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс.
Стандартты деңгей (3)
8 9
4Na+O2= 2Na2O 2HgO—>2Hg+O2↑
4Ag+O2=2Ag2O 2CuO—>2Cu+O2↑
4Ag+O2=2Ag2O
4Al+3O2=2Al2O3
Алгоритмдік деңгей (4)
6
C+2H2—>CH4(қосылу) FeO+H2—>Fe+H2O(орын басу)
KOH++H2SO4—>K2SO4+2H2O(алмасу)
2HgO+—>2Hg+O2(айырылу)
7
Mg+?—>MgO 2Mg+O2—>2MgO
Fe(OH)3—>Fe2O3+? 2Fe(OH)3—> Fe2O3+3H2
Zn+?—>Cu+ZnCl2 Zn+CuCl2—>ZnCl2+Cu
?+HCl—>ZnCl2+? Zn+2HCl—>ZnCl2+H2↑
Эврикалық деңгей (5)
11
FeS+2HCl=FeCl2+H2S↑
Күкіртсутек газы
Реакция типін анықтаңыз. Дұрыс жауапты тапсаңыз,химиялық элеметтің аты шығады.
Реакция теңдеуі
- Қосылу
- Айырылу
- Орын басу
Zn+2HCl—>ZnCl2+H2
2Na+S—>Na2S
CaCO3—>CaO+CO2
N2+3H2—>2NH3
2Fe(OH)3—>Fe2O3+3H2O
Mg+CuCl2—>Cu+MgCl2 Ц
Е
Т
Р
Ш
Л Ч
Е
Р
Н
У
Н Ф
Ю
К
О
Х
М
ә) Кім шапшаң?
5. Бағалау
«Бейнет түбі — зейнет» (Қорытындылау)
6. Үйге тапсырма
§18 Эврикалық деңгей. №11
Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы
Мерген ауылы
Химия пәнінің мұғалімі: Султангалиева Кумис