Күкірт қышқылы. Көмірсүтектер мен олардың туындыларының арасындағы генетикалық байланыс

Күкірт қышқылы. Көмірсүтектер мен олардың туындыларының арасындағы генетикалық байланыс

Сабақтың тақырыбы: Күкірт қышқылы. Көмірсүтектер мен олардың туындыларының арасындағы генетикалық байланыс

Мақсаты: Оқушылар күкірт қышқылының химиялық, құрылымдық және электрондық формуласын жаза алады. Күкірт қышқылының физикалық, химиялық қасиеттері мен қолданылуы және күкірт қышқылының тұздары туралы білім алады.

Міндеттері

1. Екі негізді күкірт қышқылының диссоциациялану теңдеуін жаза білу
2. Қышқылдарға тән қасиеттерді білу
3. Қышқылдармен жұмыс жасаудың қауіпсіздік техникасының ережесін білу

Оқыту нәтижелері:

Концентрациялы күкірт қышқылы ерекше қасиеті бар күшті тотықтырғыш екенін біледі. Концентрациялы және сұйытылған күкірт қышқылдарының химиялық қасиеттері бойынша тиісті реакция теңдуін жазып, күкірт қышқылының маңызды тұздарын атай алады.

Негізгі идеялар:

Жеке, жұптық және топ болып жұмыс жасауға үйренеді. Бір-бірімен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатып, формативті бағалау арқылы өзін-өзі, жолдастарын және бірлескен топ жұмысын бағалай алады. Әр түрлі тапсырмалар арқылы өз білімдерінің деңгейлерін анықтай алады.

Ресурстар: Қиықшалар, дәптер ,қалам, маркер, А-4 қағазы, бор т.б.

Қолданылатын әдістер, тәсілдер, тапсырмалар: Ой қозғау, кластер, кіріспе сұрақтар,сұрақтар кестесі, БББ (блемін, білгім келеді, білдім) жеке, жұп және топтық жұмыстар, бағалау ( формативті және суммативті)

Күкірт қышқылы. Көмірсүтектер мен олардың туындыларының арасындағы генетикалық байланыс

Сабақ барысы

Сынып атмосферасын қалыптастыру: Қол шапалақтағанда бір-бірімен амандасу және екі қолды көтерген кезде арқаларын бір-біріне тигізеді.

Үй тапсырмасын сұрау

  1. Күкірт диоксиді табиғатта қалай түзіледі?
  2. «Қышқылды жаңбыр» қалай пайда болады және оның қоршаған ортаға әсері қандай?

Сұрақтарға жауап береді

Ой қозғау; Күкірт қышқылы туралы не білесіз?

Сұрақ-Жауап:

  • Күкірт қышқылының электрондық формуласы
  • Күкірт қышқылының құрылымдық формуласы
  • Күкірт қышқылының физикалық қасиеттерң
  • Қышқылды суда еріту кезіндегі қауіпсіздік ережесі

Оқушылар қиықшамен жеке жұмыс жасайды. Жұп болып талқылайды.

Сабақтың тақырыбы: Күкірт қышқылы. Көмірсүтектер мен олардың туындыларының арасындағы генетикалық байланыс

Добавить комментарий