Жаңашыл әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру

Жаңашыл әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру

Тұмсықтының тамағы,
Шокуменен табылар,
Өнер-білім дегенің,
Оқуменен табылар.
(Ыбырай)

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстан -2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы делінген.Ол елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігімізбен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан екендігі айтылған.XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар делінген. Барлық дамыған елдерде сапалы бірегей білім беру жүйесі бар.Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсынудың маңыздылығы айтылған. Орта білім жүйесіндегі жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізіп, оқыту нәтижесінде оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеруі болуға тиіс делінген.
Әр мұғалімнің алдындағы мұраты, ең қасиетті міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған жеке-дарынды тұлғаны қалыптастыру және өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың мүмкіндігін ашу, оны шығармашылық тұлғаға жетелеу. Осы мақсатта жүзеге асыру барысында оқу тәрбие үрдісінің өзегі- жаңа технологиялар екені мәлім.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңына сәйкес “Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын,талантын,қабілетін дамыту” сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі.Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғарғы дайындығы бар білікті мамандар қажет. Бүгінгі таңда,балалардың қабілеттерін жоғарғы деңгейде қанағаттандыратындай білім беру, көптеген өркениетті елдерде саралап оқыту принципінің негізінде одан әрі дамытылуда. Ол Франция, Америка, Германия, Англия, Жапония т.б. елдердің білім беру жүйесінде қазір жоғарғы деңгейде жүргізілуде. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Осындай табиғи сұраныстарға орай оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Мәселен, академик В.И.Монаховтың технологиясы, В.К.Дьяченконың ұжымдық оқыту әдісі, М.М.Жанпейсованың оқытудың модельді технологиясы және Ж.А.Қараевтың білім беру жүйесін ақпараттандырумен қатар оқушылардың өскелең оқу тәрбие үрдісін түгелдей терең дараландырып жаңаша білім алуына, өздігінен іздену сезімін ояту, дарындылық пен талапқа жол ашуға бағытталған технологияларын атап көрсетуге болады.
Олай болса, оқытушы педагогикалық ізденіспен озық технологиялардың әдіс-тәсілдерін аса жоғары талғаммен қолдана білуі тиіс. Оқушылар алған білімдерімен келешекте белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін, яғни тез бейімделе алуы арқылы функционалдық сауаттылыққа қол жеткізеді. Химия пәнінде сабақ өту барысында шынайы өмірмен ұштастыру оқушылардың функцияналдық сауаттылықтарын және келешекте өз манмандықтарын дұрыс таңдауына әсер етеді деп есептеймін.

«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңаны табатын өнер» — деп Ж.Аймауытов айтқандай ұстаз әрқашан сабақты қызықты етіп , түрлендіріп өткізіп отыруы тиіс. Сонда оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, өз беттерінше ізденіске ұмтылады.
Химия материалдық дүние, оның барлық өзгерістерін жан-жакты және терең зерттейтін жартылыстану ғылымдарының іргелі бір бөлігі. Сондықтан химия пәнін медицина, экология, биология т.б пәндермен байланыстыру, жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдану оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады.
«Алюминий және олардың қосылыстары» тақырыбында 9-шы сыныптарда интерактивті тақтада өткізілген сабағымда «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясын пайдаландым. Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларға алдын –ала сенімділік туғызу мақсатында мынадай сөздерді қайталауды ұсындым. Оқушы өзінің басты міндеті –оқу екенін білуі тиіс.
— Мен оқушымын
— Менің міндетім сабақ оқу, білім алу
— Келешекте Отаныма пайдалы азамат болғым келеді
— бұл менің парызым – деген жолдар айтылады.
Алдын –ала дайындап келген: Сабақтың тақырыбы, өтілу кезеңдері , есеп шығаруға қажетті формулалар жазылған парақшаны ұсыну.

Мысалы:
№ Сабақтың тақырыбы:
Алюминий және олардың
қосылыстары.
1. Үй жұмысын тексеру.
(тест тапсытмасы)
2. Жаңа сабақты игеру
3. Қорытынды
4. бағалау
5. Үйге тапсырма:
Есеп шығаруға қажетті формулалар
V= mp
v = m/Mr т.б

1.Үй жұмысын тексеру. Оқушыларды «Алғырлар» және «Тапқырлар» деп екі топқа бөлдім. «Ою-өрнек перфокартасы» арқылы іске асырылды.
16 сұрақтан тұратын тест дайындалады.Оқушылар жауабын перфокартаға белгілейді. Дұрыс жауап берілсе перфокарта мына түрде орналасады.
А
Б Б А
Б А А Б
Б А А Б
А Б Б А

Жаңа сабақты меңгерту. Алдымен кесте құрылады.Екі топ оқушылар алюминий туралы білетін мәліметтерін ортаға салады.

Кестеге сүйеніп Алюминийдің табиғатта таралуы, алынуы, қасиеттері, қосылыстары және олардың қасиеттері мен қолданылуы түсіндірілді.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру максатында суреттер көрсетіледі.
т.б
Мектеп медбикесін шакырылып, ол аллюминийдің биологиялық маңызын, алюминий жетіспеуінен туындайтын ауруларды баяндап берді. Қажетті мәләметтер дәптерге түсірілді. Сабақты бекіту сұрақтары берілді.
Сегіту сәті ұйымдастырылды.Бір оқушы химия пәніне қатысты сөз айтады келесі оқушы сол сөздің соңғы әрпінен басталатын тағы бір сөз айтады, таппаса оқушы ойыннан шығады. ион →натрий т.б

INSERT
Мен үшін түсінікті V
Мен үшін түсініксіз —
Жаңа ақпарат +
Мені жұмбақтандырады ?
Мұнда оқушылардың сабақты қаншалықты түсінгендігі байқалады.
Ой-толғаныс.Салыстыру стратегиясы. Венн диаграммасын құру. Екі топтан оқушылар шығып жауап береді. Өткен сабақпен жаңа сабақты ұштастыру.

Екі топтан шыққан оқушылар «Вен диаграммасын » толтырып жатканда , басқа оқушыларға «Карточка ойыны» үлестірмелері таратылады. Ол мына түрде жүргізілді.

р/с Формула глинозем боксит каолин криолит
1 Al2O3∙2SiO3 ∙2H2O а Б Х С
2 Al2O3 ∙H2O Б о е з
3 Al2O3 л ы в У
4 Na [AlF6] д ф ж л
Бұл жерден 1886жылы алюминиді криолите балқытылған бокситтің электролизі арқылы алған ағылшын химигінің аты шығады. (Ч. Холл)
Оқушылар бағаланып, үй тапсырмасы беріледі.
Сабақ өз нәтижесінде өтілетін болса балалардың сабаққа ынтасы өзгереді. Қызықты ақпараттарды өз бетінше ізденіп, ой бөлісуге асығады. Оқушының өз бетінше ізденуі , көп мәліметтер жинақтауы өзіне сенімділік ұялатып, ойын еркін жеткізуге мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе, ұлы жазушы әрі ғұлама ғалым М. Әуезовтің: « Ел болам десең, бесігіңді түзе!»- деген өте терең мәнді нақылы бар. Ол еліңнің ертеңі жас ұрпағыңды жақсылап өсір дегені. Оған қоса «бесік» сөзі тәрбиең ұлттық мәйекті болсын дегенге меңзеп тұр. Осы міндеттің көп салмағы, ұстаздар, біздерге түсетіні аян. Ұлы данышпан Әл — Фараби: «Ұстаздар — құдды жұрт айтатын, тамшысымен тас тесетін су сияқты» — деген. Осы сөзден – ақ ұстаздық жолдың, ұстаздың міндеттің жүгі ауыр екені айдан анық. Ендеше «ел келешегі — ұстаз қолында»- деген лепті тұжырымды баса айта отырып, өнімді шығармашылықты өрістету жолында өркениет шыңына ілгері, басу мақсатында шебер ұстаздарымыздың саны жыл санап, арта берсін деген тілегімді білдіремін.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. «Химия мектепте» ғылыми-педагогикалық журнал.
2. «Химия» анықтамалығы М.Б Усманова,Қ.Н Сақариянова
Алматы 2008ж
3. ҚР Президентінің халқына жолдауы .«Химия» Р.А Лидин, В.А Молочко,Л.Л.Андреева Москва 2002г

Добавить комментарий