Химия әлеміне саяхат

Химия әлеміне саяхат

Сабақтың тақырыбы: Химия әлеміне саяхат. Оксидтер. Негіздер. Қышқылдар. Тұздар

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың өткен тарауларын саралау, жүйелеу, жетілдіру.
  2. Дамытушылық: Оқушылар арасында алған білімдерін жадында сақтау мен ойлау қабілетін, дүниетанымдық көзқарасын, ықыласын, іскерлігін, ізденімпаздығын арттыру.
  3. Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше ой қорыта білуге, есте сақтауға, топпен жұмыс жасауға, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Типі: Оқушылардың білімін және білігін тексеру, есепке алу және бағалау

Түрі: Сайыс сабақ

Оқыту әдісі: Ұжымдық оқыту жүйесі

Көрнекі құралдары: Презентация

Химия әлеміне саяхат. Оксидтер. Негіздер. Қышқылдар. Тұздар

Сабақтың барысы:

  • I. Ұйымдастыру кезеңі
  • II. Алған білім мен білікті қорытындылау

«ҚЫЗЫҚТЫ ӘЛЕМ» АРАЛЫ
«ЖҰМБАҚТАР» АРАЛЫ
«ТАҢҒАЖАЙЫПТАР» АРАЛЫ
«ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР» АРАЛЫ

  • III. Қорытындылау
  • IV. Оқушыларды бағалау
  • V. Үйге тапсырма беру
1. «ҚЫЗЫҚТЫ ӘЛЕМ» АРАЛЫ
  • Mg→MgO→Mg(OH)2→MgCl2
  • C→CO2→H2CO3→CaCO3
  • P → P2O5 →H3PO4 → K3PO4
  • Ca → CaO → Ca(OH)2 → CaCO3
2. «ЖҰМБАҚТАР» АРАЛЫ

Мен химия пәнінің зертханасында жұмыс жасағанды ұнатамын. Зертханаға кіргенде мен міндетті түрде халатымды шешемін және тартқыш шкафты сөндіремін. Бөлме қараңғы болмас үшін спирт шамын жағып қоямын. Жұмыс жасайтын болсам, зертханадағы барлық реактивтерді қасыма әкеліп қоямын. Ерітінді жасау үшін, құрғақ затты воронкада өлшеп алып, таразыға салып, үстіне спирт құямын. Сосын штативке ерітінділерді құйып, оны пробиркамен араластырамын. Ерітінді артық болып кетсе, оны қайтадан ыдысына құйып қоямын. Себебі, ерітінділерді босқа төге беруге болмайды.

Егер пробирканы ысыту керек болса, мен оның аузын ұстағышпен жауып, пробкамен абайлап ұстап, салқын суға немесе муфель пешіне қоямын. Тәжірибе жасап болғаннан кейін, мен ерітінділердің барлығын раковинаға төгіп, пробиркаларды тартқыш шкафқа салып кетемін. Жұмыс жасап болғаннан кейін халатымды киіп, бөлменің жарығын және тартқыш шкафты қосып кетемін.

  1. Зертханаға кіргенде халатты кию керек;
  2. Тартқыш шкафты қосу керек;
  3. Бөлме жарық болу үшін жарықты қосу керек;
  4. Жұмыс жасағанда тәжірибеге қажет реактивтерді ғана әкелу керек;
  5. Құрғақ затты таразыда өлшейді;
  6. Ерітінді жасау үшін арнайы ыдыстар пайдаланылады;
  7. Ерітіндіге дистилденген су пайдаланылады;
  8. Ерітіндіні пробиркаға құяды;
  9. Ерітіндіні араластыру үшін таяқша пайдаланылады;
  10. Ерітіндіні қайтадан ыдысына құюға болмайды;
  11. Пробирканың аузын пробкамен жабады;
  12. Ұстағышпен ұстайды;
  13. Ысыту үшін су моншасы қолданылады;
  14. Немесе спирт шам пайдаланылады;
  15. Пробирканы муфель пешіне салуға болмайды;
  16. Ерітінділердің барлығын раковинаға құюға болмайды;
  17. Пробиркаларды жуып кету керек;
  18. Жұмыс аяқталғаннан кейін халатты шешеді;
  19. Бөлме жарығын сөндіреді;
  20. Тартқыш шкафты сөндіреді;
«ТАҢҒАЖАЙЫПТАР» АРАЛЫ
«ХИМИЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР» АРАЛЫ

20

Во время Петра І это вещество называлась “крепкая водка”?

  • Серная кислота
  • Царская водка
  • Азотная кислота

20

Тоң май деп ұстап жүрме кетіп
Дененді күйдіреді күлдіретіп
Ерітіндісі мөп-мөлдір, судан тұнық
Алатын майға қосып, сабын етіп

  • NaOH
  • CaOH
  • KOH

30

Түсі де жоқ, көрінетін тұманды
Иісі де жоқ, көңіл ашар ұнамды
«Көңілдеткіш» қандай газды білесің
Қасиетін осының кім ұға алды?

  • NO2
  • CO2
  • Н2О

30

Купоросным маслом называют?

  • Серная кислота
  • Соляная кислота
  • Азотная кислота

40

В 1943 году выдающийся датский химик лауреат нобелевской премии Нильс Бор вынужден был тайно покинуть Копенгаген, оккупированный гитлеровцами. Но у него хранились две золотые медали лауреатов Нобелевской премии немецких физиков-антифашистов. Не рискуя брать медали с собой, ученый сделал остроумный шаг

  • Покрыл их аллюминиевой краской
  • Растворил в царской водке
  • Покрыл слоем шоколада

40

Жалын түтін шығарма
Шатыр-шұтыр жауамын
Ал канекей айтыңдар
Қай қосылыс боламын?

  • Н3РО4
  • HCl
  • H2SO4
Қорытындылау
  • Мен не білдім?
  • Мен не білемін?
  • Мен не білгім келеді?
Бағалау

Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Өмірлік орта мектебі
Химия пәні мұғалімі Курмашова А.Ж.

Добавить комментарий