Сутек. Қышқылдар. Тұздар

Сутек Қышқылдар Тұздар

Сабақтың тақырыбы: Сутек. Қышқылдар. Тұздар

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың алған білімдерін белгілі жүйеге келтіру, сутек пен қышқылдардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жаза білуге, күрделі химиялық қосылыстарды бір-бірінен ажырата білуге баулу.
  2. Дамытушылық: оқушылардың өз бетімен, топпен жұмыс істеуін негізге ала отырып, деңгейлік тапсырмалар арқылы химиялық формула, теңдеу құру, есеп шығару біліктіліктерін дамыту және танымдық ойындар арқылы оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту.
  3. Тәрбиелік: оқушыларды іздемпаздыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: жекелей, топтық

Көрнекіліктері: слайдтар, тірек-сызбанұсқалар, үлестірме материалдар, тест тапсырмалары.

Химиялық реактивтер: тұз қышқылы, индикаторлар, металдар.

Сутек Қышқылдар Тұздар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың басында мұғалім оқушыларды 3 деңгейлік топқа бөледі:

  • 1 топ – Сутегі
  • 2 топ – Қышқылдар
  • 3 топ – Тұздар

Әр дұрыс орындалған тапсырма үшін сутегі атомының моделі беріледі.
Әр топтың жетекшісі сайланады.

1. Тірек – сызбалармен жұмыс

Әр топтың жетекшісі тірек — сызба көмегімен өздерін таныстырады.

2. Заттарды жіктеу

Химиялық қосылыстардың формулалары берілген:

KCI, H2S, AI2O3, HNO3, Ca3(PO4) 2, Li2O,
Ag2O, ZnSO4, H2CrO4.

Оқушылар дәптерлеріне кесте сызып, заттарды 3 класқа жіктейді.
Әр топтан 1 оқушы тақтаға шығып, тапсырманы орындайды.

  • 1 топ оксидтерді
  • 2 топ қышқылдарды
  • 3 топ тұздарды теріп жазады, формулаларын оқиды және заттарды атайды.
3. Кубизм стратегиясы

Кубиктің қырларындағы сандар бойынша карточкаларда күрделі қосылыстардың атаулары берілген, олардың формулаларын құру.

  1. барий оксиді 
  2. фосфор (V) оксиді
  3. күкіртсутек қышқылы
  4. көмір қышқылы
  5. темір (ІІ) хлориді
  6. мыс (ІІ) сульфаты
4. Зертханалық тәжірибе

Қауіпсіздік техникасының ережелерін қайталау.

Әр топтың алдында 2 сынауықта 2 түссіз сұйықтық берілген.

Тапсырма: қышқылдың қай санауықта екенін анықтау.

5. Молекула құрамын ескере отырып, Венн диаграммасын толтыру
6. Сергіту сәті

Формула құра білуге арналған тапсырма. “Өз жұбыңды тап” ойыны.
Үлестірме карточкалар бойынша:

  • 1 топ оксидтердің
  • 2 топ қышқылдардың
  • 3 топ тұздардың формулаларын құрады

Құрастырған формулаларын 2 оқушыдан шығып, көрсетеді және атайды.

7. Сәйкестік тест жұмысы

Әр топқа үлестірме тапсырмалар таратылады. Бос торкөздерді толтырып, бір-бірінің жұмыстарын тексереді.

1 топ
Оксид формуласы, оксид атауы, оксидке сәйкес қышқыл формуласы, қышқылдың атауы
SO2 H2SO3
SO3 H2SO4
CO2 H2CO3

2 топ
Оксид формуласы, оксид атауы, оксидке сәйкес қышқыл формуласы, қышқылдың атауы
SO2 H2SO3
Күкірт (VІ) оксиді, күкірт қышқылы
CO2 H2CO3

3 топ
Оксид формуласы, оксид атауы, оксидке сәйкес қышқыл формуласы, қышқылдың атауы
Күкірт (ІV) оксиді
SO3
H2CO3

8. Алты шаршылы логикон

Логикалық тізбекті жалғастыру.
Жалпы сыныптық жұмыс: 6 торкөздің соңғысын толтыру керек.

ботаника зоология химия
Ө.Т.Ғ. Ж.Т.Ғ.

Mn B Hg
Марганец бор

AI O H
ІІІ ІІ

CO2 H2SO4 Na2SiO4
O Қ

2KCIO3 2KCI +3O2
CaO + H2O Ca(OH) 2 Fe+CuSO4 FeSO4+Cu
А.Р. Қ.Р.

9. Химиялық лото

Берілген карточкаларға жазылған формулалар көмегімен химиялық реакция теңдеулерін толықтырып, коэффициенттерін қою және реакция типін анықтау.

  1. P + ? P2O5
  2. PbO + H2 ? + H2O
  3. CuO + ? CuSO4 + ?
10. Зертханалық тәжірибе

Төрт сынауыққа аз мөлшерде тұз қышқылының сұйытылған ерітіндісін құямыз. Біріші сынауыққа магний ұнтағын, екіншісіне – мырыш кесегін, үшіншісіне — темір жоңқасын, төртіншісіне – мыс сым саламыз.

  • Қай санауықта химиялық реакция жүрді?
  • Химиялық реакция белгілері қандай?
  • Сутектің бөлініп жатқанын қалай дәлелдейміз?

Қорытынды: жасалған тәжірибелерден тұз қышқылымен шабытты әрекеттесетін магний, одан соң мырыш, баяу әрекеттесетін темір , ал мыс салынған сынауықта ешқандай өзгеріс байқалмайды, яғни металдардың қышқылдарға қатысты белсенділігі әр түрлі. Осы тәжірибелерге сүйеніп, орыс ғалымы Н.Н.Бекетов металдардың ығыстыру қатарын құрған.
Оқушылар өз беттерімен химииялық реакция теңдеулерін құрады.

11. Химиялық ринг

Топ жетекшілері тақтада есептер шығарады.

  • 1 топ: 2 моль сутектің массасын есептеңдер.
  • 2 топ: Массасы 4,8 г оттектің зат мөлшерін есептеңдер.
  • 3 топ: Массасы 27 г алюминий тұз қышқылымен әрекеттескенде сутектің (қ.ж.) қандай көлемі бөлінеді?
12. Химиялық эстафета

Топ мүшелері химиялық реакция теңдеулерін кезекпен тақтаға жазады.

  • 1 топ: Mg MgO MgCI2
  • 2 топ: P P2O5 H3PO4 Ca3(PO4) 2
  • 3 топ: H2O H2 Cu CuO CuSO4
13. Сабақты қорытындылау

Тапсырмаларды орындау барысында әр топтың жинаған ұпайларын есепке алып, сабақты қорытындылаймыз.
Қорытынды баға шығару рейтингісі:

  • 2-8 — ұпай — “3”
  • 9-12 — ұпай – “4”
  • 13-15 – ұпай – “5”

Сабақтың тақырыбы: Сутек Қышқылдар Тұздар

Ақмола облысы, Бұланды ауданы
Алтынды ауылы
Тұрсынбек Кәкішев атындағы Алтынды орта мектебінің
химия пәнінің мұғалімі Садвакасова Рауза Рахметоллақызы

Добавить комментарий