Химиядан олимпиада есептерін шешу жолдары 9 сынып
9-1. 25% тұз қышқылы берілген заттардың қайсысымен әрекеттеседі?
- Ba(NO3)2
- Fe2O3
- Zn(OH)
- SiO2
- AgNO3
- KMnO4
- Cu
- Ag
Реакция теңдеулерін жазыңдар.
9-2. Мына заттар берілген: Al, MnO2, CuSO4(ер.), концентрлі тұз қышқылы. Осы заттардың арасында мүмкін болатын 4 реакция теңдеуін жазыңдар.
9-3. Калий сульфаты ерітіндісін алу үшін калий карбонатының есептелген мөлшерін 5%-к күкірт қышқылында ерітті. Калий сульфатының алынған ерітіндісінің массалық үлесін есептеңдер.
9-4.1 моль уротропинді оттектің артық мөлшерінде жаққанда 4212 кДж жылу бөлінген. Егер уротропиннің осы мөлшерін жағуға 5,6 л оттек (қ.ж.) жұмсалса, қанша жылу бөлінеді?
9-5. Металл стронцийдің Х затымен реакциясы кезінде У газы бөлінді. Реакцияның қатты өнімінің 71% -ін стронций құрайды. Көлемі 2,24 л У газын (қ.ж.) массасы 2,5 г резина қабықшаға толтырды, шар ауада еркін ілініп тұрды, не құлаған жоқ, не көтерілген жоқ. Егер бұл қабықшаны қ.ж. 2,24,л Z газымен толтырса, онда шар сол көтерілу күшінде болады. У және Z газдарын анықтаңдар.
9-6. А металын құрамында 72,4 % А заты бар өнім алынғанша ток ағынында жақты. Алынған өнімді азот қышқылының 50% артық мөлшерінде ерітті. Алынған нитратты реакция аяқталғанша ауада суытты. Құрамында 70,0 % А заты бар оксид түзілді. А металын анықтап, реакция теңдеулерін жазыңдар. Металының азот қышқылының артық мөлшерімен үш реакция теңдеуін жазып, реакцияның жүру жағдайын көрсетіңдер. А металы мен оның оксидтері өндірісте қалай алынады?
Шешу жолдары
9-1.
- Ba(NO)3 әрекеттеспейді.
- Fe2O3 +6HCl =2FeCl3+3H2O;
- Zn(OH)2+2HCl =ZnCl2+2H2O
- SiO2 әрекеттеспейді.
- AgNO3+HCl=AgCl+HNO3
- 2KMnO4+16HCl=2KCl+2MnCl2+8H2O+5Cl2
- Cu+2HCl=H[CuCl2]+1/2H2;
- Ag +2HCl=H[AgCl2]+1/2H2 конц.тұз қышқылымен комплексті қосылыс түзіледі.
9-2.
- 2Al+6HCl=2AlCl3+3H2
- 3MnO2+4Al=t=3Mn+2Al2O3
- 3CuSO4+2Al=3Cu+Al2(SO4)3
- 4HCl(к)+MnO2=MnCl2+Cl2+2H2O
9-3.
1) K2CO3+H2SO4+H2O+CO2↑
2) 100г күкірт қышылында 5 г н/е n(H2SO4)=5/98=0,051 моль
n(K2CO3)=n(H2SO4)= 0,051моль ; n(CO2)=n(H2SO4)= 0,051 моль;
n(K2SO4)= n(H2SO4)= 0,051моль,
3) Зат массалары:
m(K2CO3)=nM=0,051×138=7,04г; m(K2SO4)=nM=0,051×174=8,87г;
m(CO2)=nM=0,051×44=2,24г.
4) Калий сульфатының массалық үлесі мен ерітіндінің массасы анықталады:
m(ер.)=100+7,04-2,24=104,8 г. W(K2SO4)=(8,87/104,8)x100%=8,5%.
9-4.
C6H12N4+9O2=2N2+6CO2+6H2O+4212кДж.
1 моль уротропинге 9х22,4=201,6л оттек қажет. Егер 5,6 л оттек жұмсалса, онда жанады: (201,6/5,6)=(1/x)
x=0,0276моль уротропин бөлінген жылу 4212х0,0278=117кДж.
Уротропин массасы 140х0,0278=3,89г.
9-5.
У газының көтерілу күші: (2,24 л ауаның массасы)-(2,24 л Угазының массасы)=2,5 г.
2,9 г-мУ=2,5 г; 2,24 л У газдың массасы 0,4 г, яғни молярлық масса 4г.
Бұл гелийдің молярлық (атомдық) массасы, бірақ гелий — бұл Z газы, У газы емес, сондықтан У-инертті газ емес, реакция өнімі.
Металл стронцийдің қышқылмен және сумен реакциясы кезінде сутек бөлінеді, сутектің молярлық массасы 2. У газы сутек емес, молярлық массасы 4-ке тең дейтерий D2 болуы мүмкін.
Оны мына реакциямен алуға болады: Sr+D2O=Sr(OD)2
тексереміз: Sr(OD)2-гі стронцийдің массалық үлесі: 88/124=0,71
9-6.
Оксидтердің формуласы бойынша металды анықтаймыз.
Бір валентті металл үшін: (72,4/X)=(27,6/8); X=M1=21-жоқ;
M2=42-жоқ ; M3=63-жоқ;
Екінші оксид үшін қайталаймыз: (70/X)=(30/8); X=M1=18,7- жоқ;
M2=37,4-жоқ; M3=56-темір.
Онда екінші оксид Fe2O3, бірінші оксид-темір қағы Fe3O4.
Реакция:
3Fe+2O2=Fe3O4; Fe3O4+10HNO3=3Fe(NO3)3+NO2+5H2O
2Fe(NO3)3=Fe2O3+3N2+7,5O2(NO,NO2)
Барлық жүретін реакция:
8Fe+30HNO3=8Fe(NO3)3+3NH4NO3+9H2O
10Fe+36HNO3=10Fe(NO3)3+3N2+18H2O
8Fe+30HNO3=8Fe(NO3)3+3N2O+15H2O
Fe+4HNO3=Fe(NO3)3+NO+2H2O
Fe+6HNO3=Fe(NO3)3+3NO2+3H2O (домна процесі)
Қызылорда обл., Сырдария ауд., №130 Абай орта мектебі
Тұяқова Зиягүл Оразалықызы
Химиядан олимпиада есептерін шешу жолдары 9 сынып