Материктің жағалауындағы мұхиттар. Ашылу және зерттелу тарихы

Материктің жағалауындағы мұхиттар. Ашылу және зерттелу тарихы

Сабақтың тақырыбы: Материктің жағалауындағы мұхиттар. Ашылу және зерттелу тарихы

Мақсаты: Оқушыларға Оңтүстік Америка материгінің географиялық орнына жалпы шолу, ашылуы мен зерттелу тарихына тоқталу

Көрнекі құралдар: Оңтүстік Американың физикалық картасы, стикерлер, атлас, кескін карта, кеспе қағаздары.

Әдісі: Венн диаграммасы, тест, кескін картамен жұмыс, оқулықпен жұмыс

Материктің жағалауындағы мұхиттар. Ашылу және зерттелу тарихы

Сабақтың барысы:

І – кезең

1. Ұйымдастыру

  • а) Оқушылармен амандасу, түгендеу;
  • ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау;
  • б) «Жер сілкінісі» атты сергіту сәті
  • в) Сыныпты топқа бөлу

2. Үй тапсырмасын сұрау

а) Сәйкестендіру кестесі

  1. Антарктида қандай материк?
  2. Антарктида материгінің ауданы
  3. Материктегі мұздың жалпы көлемі
  4. Ең биік шыңы
  5. Ең терең ойысы
  6. Жанартауларының ең ірісі
  • 24 млн км3
  • Винсон
  • Эребус
  • Ең суық
  • Бентли
  • 14 млн км2

ә) «Көпір тапсырмасы»

  1. Антарктида материгі қашан ашылды, оны кімдер зерттеді?
  2. Оңтүстік полюске кімдер және қашан барды?
  3. Антарктида қай бұғаз арқылы қандай материкпен шектесіп жатыр?
ІІ – кезең
Білу

Табиғатының ерекшелігіне байланысты тапсырмалар

  1. Анхель сарқырамасының биіктігі 1054 м.
  2. Оңтүстік Американың ауданы 18,3 млн км2.
  3. Материкте жер шарындағы ең суы мол және су жинау алабы өте үлкен өзен – Амазонка орналасқан.
  4. Анды тауының ұзындығы 9000 км.
  5. Анды тауының ең биік нүктесі – Аконкагуаның биіктігі 6960 м.
  6. Валдес түбегінде материктің ең төмен жатқан нүктесі (-40м) орналасқан.
  7. Анды тауларында дүние жүзіндегі биік тау көлдерінің ең ірісі – Титикака
    орналасқан. Теңіз деңгейінен 3812м биіктікте.

Географиялық орнына байланысты тапсырмалар

  1. Оңтүстік Америка оңтүстік және солтүстік жарты шарда орналасқан.
  2. Оңтүстік Америка Солтүстік Америкамен бірігіп Америка дүние бөлігін құрайды.
  3. Аралдарының ең ірісі Отты жер аралы.
  4. Материктің ең енді жері 50 о.е. бойына сәйкес келеді.
  5. Отты жер аралын материктен Магеллан бұғазы бөліп тұр.
  6. Отты жер аралы мен Антарктида материгін Дрейк бұғазы бөліп жатыр.

Жағалауындағы мұхиттар бойынша тапсырмалар

  1. Материктің батысын Тынық мұхит, ал шығыс жағалауын Атлант мұхитының суы шайып жатыр.
  2. Материктің солтүстік жағалауын Атлант мұхитының Кариб теңізі шайып
    жатыр.
  3. Материк табиғатына Атлант мұхитының әсері өте күшті.
  4. Перуан суық ағысы қоңыржай ендік пен экватор аралығындағы жағалау
    арқылы өтеді.
  5. Тынық мұхит жағалауларында бірден терең шұңғымалар басталады.

Ашылу және зерттелу тарихы бойынша тапсырмалар

  1. Материк жағалауларына алғашқылардың бірі болып Христофор Колумб келген.
  2. Оңтүстік Америка ұзақ уақыт бойы Испания мен Португалияның отары болды.
  3. Атақты орыс климат зерттеушісі А. И. Воейков 1874 жылы Оңтүстік Америка климатының өзіндік ерекшелігін зерттеді.
  4. Анд тауларын зерттеген географ – ғалым Александр Гумбольд.
  5. Материктегі ежелгі егіншілік орталықтарын анықтаған орыс ботанигі – Н. И. Вавилов
  6. Португал басқыншылары Оңтүстік Америка материгінің сол кездің өзінде жоғары дамыған Инктер мемлекетін жойып жіберді.
  7. «Кіші Венеция» деген атты қазіргі Венесуэла мемлекетіне А. Веспуччи берген.
Түсіну
  1. Неліктен материкке Атлант мұхитының әсері мол?
  2. «Америка» атауы қалай пайда болғанын түсіндіріңдер.
  3. Атакама шөлі неліктен материктің оңтүстік батыс бөлігінде қалыптасқан?
  4. Неге материктің батыс жағалауы бірден терең шұңғымаларға ұласқан?
Талдау
  1. Оңтүстік Америка материгі мен Африка материгінің географиялық орны мен ашылу мен зерттелу тарихына венн диаграммасын құрастыру.
Қолдану

Кескін картамен жұмыс.

  1. Оңтүстік Америка материгінің жағалауындағы мұхиттардың атын жазыңыздар.
  2. Материктің солтүстігінен оңтүстігіне дейінгі ара қашықты өлшеңдер
Баға беру
  1. Қалай ойлайсыңдар?

Болашақта Оңтүстік Америка материгінің географиялық орны өзгеруі мүмкін бе?
Егер еліміз Бразилия мемлекетінің орнында болса, селомыздың климаттық жағдайында қандай өзгерістер орын алады?

ІІІ – кезең
Бекіту

«Даналық ағашы».

Оқушылар сұрақтар құрап, басқа топтарға береді.

Бағалау

Топ оқушылары бағаланады.

Үй тапсырмасы

Тақырыпты оқу, «Амазонка нуы» тақырыбында эссе жазу

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Бейнеу лицейі ММ география пәні мұғалімі
Мұхаммедов Манас Амантұрдыұлы

Добавить комментарий