Ауырлық күші. Тартылыс құбылысы

Ауырлық күші. Тартылыс құбылысы

Сабақтың тақырыбы: Ауырлық күші. Тартылыс құбылысы

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Тартылыс құбылысы және ауырлық күші туралы түсінік беру. Барлық заттар өзара тартылыс құбылысы арқылы байланысатынын түсіндіру. Тақырыпқа байланысты есептер шығарып үйрету.
  2. Дамытушылық: Тәжірибелік фактілерді анализдеу арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
  3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ұжым алдында жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: СТО элементтері, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Көрнекіліктер: бағалау парағы, доп, бор, қалам, смайликтер, стикер, электронды оқулық

Ауырлық күші. Тартылыс құбылысы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын стикерге жазылған сұрақтар бойынша оқушылар суырады да, сол сұрақтарының тақырыптары бойынша, яғни «Инерция», «Кеңістік және уақыт», «Күш» тақырыптары бойынша топқа бөлініп отырады және сұрақтарға жауап береді.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Енді сабағымызды бастамас бұрын, ортаға үш топтан үш оқушыны шақырайық. Бірінші оқушыға доп, екінші оқушыға бор, үшінші оқушыға қалам береміз:

  • Қолдарыңдағы заттарды жерге тастайық, не байқаймыз?
  • Доп пен бор, қалам да жерге түседі.
  • Ал сендердің ойларыңша бұл заттар не себепті басқа жаққа кетіп қалмай, міндетті түрде жер бетіне түседі?

(Оқушылар өз ойларын айтады)

Иә, жақсы! Жауаптарың дұрыс. Жақсы, ойларыңмен келісемін, енді мені тыңдаңдар.

Жаңағы сұрақтардың шынайы жауабын қазір түсінесіңдер. Балалық шағымыздан әрқайсымызға денелердің жерге тартылуы жақсы таныс, мысалы тебілген доп та, бұтағынан үзілген алма да Жерге түседі.

(Тартылыс құбылысына мысалдар ретінде бейнеролик көрсетіледі)

Тартылыс құбылысы

Демек, денелерге Жер тарапынан күш әрекет етеді. Жер барлық денелерді өзіне тартады.
Күнді айнала қозғалатын планеталар тартылыс өрісі әрекетінен Күнге тартылады және өздері де бір-біріне тартылады.

Барлық кеңістікті жайлаған тартылыстан “Жеті қат көкке ұшсақ та”, “Жеті қабат Жер астына енсек те” құтыла алмаймыз. Сондықтан әлемдегі денелердің бір-біріне тартылуы бүкіләлемдік тартылыс деп аталады. Ағылшын ғалымы И. Ньютон бұл құбылысты зерттеп, табиғаттың ұлы заңы — Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдады. Бұл заңмен сендер 9-сыныпта таңысасыңдар.

Ауырлық күші

Бүкіләлемдік тартылыс күші көрінісінің бірі – денелердің Жерге тартылу күшін ауырлық күші деп атайды және оны Fa әріпімен белгілейді. Жүргізілген көптеген тәжірибелерден денеге әрекет ететін ауырлық күші дененің массасына тура пропорционал болатыны анықталған. Барлық денелер үшін ауырлық күшінің дене массасына қатынасы тұрақты болады. Бұл тұрақты шаманы g әрпімен белгілейік, сонда болады.

V. Қорытындылау

Сонымен, ауырлық күші мен тартылыс құбылысы дегеніміз не?

VI. Бағалау

Оқушыларды бағалау.

VII. Үйге тапсырма

 

Атырау облысы, Индер ауданы
Махамбет атындағы орта мектеп
Дауимова Майра Таңатарқызы

Добавить комментарий