Сабақтың тақырыбы: Мыс-тас ғасыры энеолит
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілетін дамыта отырып, ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, оқушыларға адамзат баласының металдан жасалған құралдарды мыс-тас ғасырынан (энеолит) игере бастағанын түсіндіру.
- Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, тарихқа деген қызығушылығын және ойды жүйелеу қабілетін және шығармашылығын дамыту.
- Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаларды тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Топтық жарыс сабақ
Сабақтың әдісі: Таныстыру, «Жинақтау», «Сиқырлы сандықша», «Тарих әлемі» ойындары.
Көрнекілігі: Ежелгі адамдар еңбек құралдары, энеолиттік қыш ыдыстар суреттері, буклеттер.
Мыс-тас ғасыры энеолит
Сабақтың барысы:
- I. Ұйымдастыру кезеңі.
- II. Үй тапсырмасын сұрау.
- III.Жаңа сабақ
Сабақтың жоспары:
- Мыс-тас ғасырының ерекшелігі.
- Еңбек құралдарының жетілдіруі.
- Мыс-тас ғасырының ескерткіштері.
Ұйымдастыру кезеңі
Топтармен таныстыру:
- I-топ: «Жас қыран»
- II-топ: «Болашақ»
Жарыс жоспары:
- 1-кезең. «Сәлем сөздің анасы» таныстыру, топ аты, топ ұраны.
- 2-кезең. « Жинақтау». Адамның қалыптасу кезеңдерін ретімен орналастыру
- 3-кезең. «Сиқырлы сандықша». Сандықша ішінде заттар жасырылады
- 4-кезең. «Тарих әлемі». Әріптер артына сұрақтар жасыру.
1-кезең. Әр топ – топ атын, топ ұранын таныстырады.
Мұғалім: Карта арқылы алғашқы адамдардың қоныстанған жерлерінен жүріп өтеміз. Әр қоныстанған шатқалдардан өткен сайын көптеген тапсырмаларға жауап беруіміз керек.
2 -кезең. Жинақтау
Адамның қалыптасу кезеңдерін ретімен орналастыру.
Слайд арқылы көрсету.
Дұрыс жауабы.
3-кезең. Сиқырлы сандықша
Мұғалім: Мұқият тыңдап алыңдар, содан кейін барып сиқырлы сандықша ішінде не жасырылғанын табасыңдар
I топ
Бұл сандықшаның ішіндегі затты 1969 жылы Жетісу жеріндегі Есік қорғанынан археолог К. Ақышев тапқан. Зерттеушілердің пікірі бойынша, ол б.з.б.V-IV ғасырларға, ерте темір дәуіріне жатады. Қазіргі таңда бұл зат Қазақстанның егемендігінің рәмізіне айналып, Республика алаңында ұлттығымызды асқақтатып тұр. Сандықшаның ішіндегі не ? (Алтын адам)
II топ
Сандықшаның ішіндегі зат немісше – “түпнұсқа”, ал грекше – “ жазу папирусы” деген ұғымды білдіреді. Бұл зат әлемде алғашқы рет Қытайда жасалған. Кейінірек Ежелгі Грекияда жақсы дамыған. Б.з.б.V ғасырда өмір сүрген “тарих атасы” Геродот алғаш рет осы заттың кескінін жобалап жасады. Ол не? (Карта)
I топ
Тас дәуірі аса ұзақ уақытқа созылды. Осы аралықтағы адам баласының қолданған еңбек құралдары түгелге жуық тастан жасалды. Ежелгі адамдар қатты тастан осы құралды жасаған. Бұл құрал ғылымда чоппер деп аталады. Сандықшаның ішінде жасырылған ежелгі адамдардың қандай еңбек құралы? (Кескіш)
II топ
Б.з.б 40-12 мың жылдықты қамтитын кейінгі палеолитке тән құралдардың бірі. Ежелгі аңшылар осы құрал арқылы мамонт, жүндес мүйізтұмсық, кішкене бизон, үңгір аюы, мен жолбарысты аулаған. Сондықтан да бұл қару ежелгі аңшылардың басты қаруы болып табылды. (Найза)
4-кезең. Тарих әлемі
Берілген әріптердің артында сұрақ жасырылған. Жасырылған сұрақтың жауабы таңдаған әріптеріннен басталады.
Т А Р И Х Ә Л Е М І
Мұғалім:
- Т – Өсімдіктердің тамыры мен құстардың жұмыртқаларын жинап қорек ету кәсібі қалай аталады? (Терімшілік)
- А – Ертедегі адамдардың бірлесіп тамақ табуы мен жабайы жануарлардан қорғанып жүруі қалай аталады? (Адамдар тобыры)
- Р – Тас құралдың жүзін ұсақ кертік-ойықтар арқылы өткірлеу әдісі.
(Ретушь әдісі) - И – Сурет жазудың ерекше дамыған түрі. (Иероглиф)
- Х – Қазақстандағы ең биік жер. (Хантәңірі шыңы)
- Ә – Шығыстың ғұлама ғалымы. (Әл-Фараби)
- Л – Қыран құстың бірі. (Лашын)
- Е – Алғаш жыл санауды кімдер ойлап тапты. (Египеттіктер)
- М – Палеолит дәуіріндегі ең көп тараған жануар. (Мамонттар)
- І – Қазақ халқының теріден тігілетін киімі. (Ішік)
Мұғалім: «Тапқырлар» тобы мен «Білгірлер» тобының ұпай сандарын санап, жеңімпаз топты анықтайтын кез келді.
Қорытынды
Адамзат баласының металдан жасалған құралдарды игере бастауы мыс – тас ғасырынан (энеолит) басталды. Бұл кезең шамамен алғанда б.з.б. 3000-1800 жылдары өткен. Адамдар даму барысында еңбек құралдарын үнемі жетілдіріп отырды. Адамның жасағаны, тапқаны бәрі еңбек өнімі деп аталды. Сол кезеңдерде металдың кейбір түрлері: алтын, күміс, мыс табиғатта дайын күйінде кездесті. Ең бірінші қолданылған металл – мыс. Бұдан 5 мың жыл бұрын адамдар мыс өңдеуді үйренді. Қазақстан аумағында энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші – Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы. Ботай тұрағы б.з.б. 3-2 мың жылдықтармен мерзімделеді. Бұл тұрақ 15 гектар жерді алып жатыр. Тұрақты қазу барысында 158 тұрғын үй табылды
Үйге тапсырма
Мазмұндау. Кесте толтыру. Тас дәуірінің кезеңдері.
Облыс: Қарағанды
Қаласы: Шахтинск
Мектебі: Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі
Пәні: Қазақстан тарихы
Мұғалімі: Аспандиярова Гаухар Балтабаевна
Сабақтың тақырыбы: Мыс-тас ғасыры энеолит