География пәнінен тест сұрақтары 9 сынып
1. Қазіргі географияның негізгі екі саласы?
- A) Физикалық және экономикалық
- B) Әлеуметтік және экономикалық
- C) Саяси және экономикалық
- D) Физикалық және гидрологиялық
- E) Экономикалық және гидрологиялық
2. ҚР-ның ТМД-ға мүше болған жылы?
- A) 1995 ж. 30 қаңтар
- B) 1992 ж. 2 қаңтар
- C) 1991 ж. 22 желтоқсан
- D) 1991 ж. 25 қаңтар
- E) 1991 ж. 2 наурыз
3. Қара металлургияның өнімі?
- A) Шойын, болат, прокат
- B) Концентраттар
- C) Мыс, мырыш
- D) Алюминий
- E) Алтын
4. Қазақстан шаруашылығының басты саласы
- A) Денсаулық сақтау
- B) Өнеркәсіп
- C) Ауыл шаруашылығы
- D) Көлік саласы
- E) Балық шаруашылығы
5. Егістік құрылымында Қазақстан негізгі орын алады
- A) Астық шаруашылығы
- B) Техникалық дақылдар
- C) Бау-бақша
- D) Жем-шөп
- E) Майлы дақылдар
6. Қазақстанда күріш өсірілетін аймақтар
- A) Сырдария, Іле, Қаратал өзендері бойында
- B) Солтүстікте
- C) Сырдария, Арыс өзені
- D) Шығыста
- E) Жайықта
7. Қазақстанда қанша экономикалық аудан бар?
- A) 3
- B) 4
- C) 5
- D) 7
- E) 8
8. Ең көп халық тараған аудан
- A) Солтүстік
- B) Оңтүстік
- C) Орталық
- D) Шығыс
- E) Батыс
9. Павлодар алюминий зауыты … бокситін пайдаланып жұмыс істейді.
- A) Қостанай
- B) Торғай
- C) Жітіқара
- D) Арқалық
- E) Шымкент
10. Бекіре балықтарына бай ірі көл
- A) Арал
- B) Балқаш
- C) Каспий
- D) Зайсан
- E) Марқакөл
11. Қалалардың қалыптасуын және дамуын не деп атайды?
- A) Қалашық
- B) Агломерация
- C) Мегаполис
- D) Урбандалу
- E) Елді- мекендер
12. Қазақстандағы ірі агломерация:
- A) Қарағанды – Теміртау
- B) Өскемен
- C) Қостанай
- D) Алматы
- E) Шымкент
13. Қазақстанда ең алғашқы игерілген мұнай кен орны.
- A) Мақат
- B) Доссор
- C) Теңіз
- D) Қаражамбас
- E) Құмкөл
14. Қазақстанда ірі газ кен орыны
- A) Теңіз
- B) Доссор
- C) Қарашығанақ
- D) Қашаған
- E) Қаламқас
15. Қазақстанның оңтүстік облыстарын газбен қамтамасыз ететін:
- A) Бұхара — Орал
- B) Бұхара — Алматы
- C) Атырау — Самара
- D) Орта Азия — Орталық
- E) Маңғыстау — Алматы
16. Дәрі – дәрмек шығаратын ірі зауыт қай қалада орналасқан?
- A) Таразда
- B) Павлодарда
- C) Ақтауда
- D) Шымкентте
- E) Қызылордада
17. Табиғат жағдайларына ең тәуелді сала
- A) Машина жасау
- B) Темір жол көлігі
- C) Қара металлургия
- D) Ауыл шаруашылығы
- E) Құрылыс
18. Қазақстанда кондитер өнеркәсібінің орталықтары
- A) Талдықорған
- B) Алматы
- C) Көкшетау
- D) Астана
- E) Семей
19. Қазақстанның алғашқы ірі темір жолы
- A) Түркісіб
- B) ТрансАзия
- C) Орынбор — Ташкент
- D) Трансқазақстан
- E) Мойынты — Шу
20. Қазақстанның ұлттық әуе тасымалдаушысы
- A) «Эйр Қазақстан»
- B) «Эйр Астана»
- C) «СКАТ»
- D) «Атырау әуе жолы»
- E) «Эйр Көкшетау»
21. Қазақстанда мұнай өңдеу зауыттары қай жерлерде орналасқан?
- A) Атырау, Павлодар, Шымкент
- B) Актау, Қызылорда, Алматы
- C) Ақтөбе, Атырау, Қарағанды
- D) Павлодар, Ақтау, Шымкент
- E) Қызылорда, Семей, Алматы
22. Алтын өндіретін қандай кәсіпорындарды білесің?
- A) Хромтау
- B) Ақбақай
- C) Никельтау
- D) Мақат
- E) Қаламқас
23. Қандай ірі темір кен орындары бар
- A) Хромтау
- B) Ақбақай
- C) Соколов- Сарыбай
- D) Бақыршық
- E) Қаламқас
24. Қазақстанда химия өнеркәсібінің қандай саласы жақсы дамыған?
- A) Органикалық синтезбен полимер химиясы
- B) Құрылыс материалдар
- C) Минералды тыңайтқыштар
- D) Кен – химия
- E) Химиялық қосылыстар
25. Қарағанды көмір бассейні қай жылы құрылды
- A) 1931 ж.
- B) 1932 ж.
- C) 1941 ж.
- D) 1945 ж.
- E) 1947 ж.
26. Қазіргі уақыттағы Қазақстандағы көмір кендерінің саны
- A) 500 ден астам
- B) 300 ден астам
- C) 400 ден астам
- D) 250 ден астам
- E) 600 ден астам
27. Қазақстанда көмір қоры көп шоғырланған аудан
- A) Солтүстік Қазақстан
- B) Оңтүстік Қазақстан
- C) Шығыс Қазақстан
- D) Батыс Қазақстан
- E) Орталық Қазақстан
28. Қазақстанның негізгі отын көзі боп саналады
- A) Көмір
- B) Мұнай
- C) Табиғи газ
- D) Уран
- E) Тақтатас
29. Қазақстандағы толық циклді металлургия комбинаты орналасқан
- A) Соколов-Сарыбайда
- B) Лисаковта
- C) Теміртауда
- D) Қаражалда
- E) Ақсуда
30. Қазақстанда әлемдегі ең үлкен ферроқорытпа заводы орналасқан қала
- A) Ақсуда
- B) Теміртауда
- C) Алғада
- D) Қаражалда
- E) Лисаковта
31. Алюминий шығаратын зауыт
- A) Ақтөбеде
- B) Арқалықта
- C) Павлодарда
- D) Торғайда
- E) Қостанайда
32. Қазақстан газ қоры жөнінен дүниежүзінде нешінші орында?
- A) 12
- B) 10
- C) 8
- D) 2
- E) 1
33. Республикамызда өндірілетін электр энергиясының неше пайызын жылу электр стансыларына тиесілі?
- A) 20%
- B) 90%
- C) 10%
- D) 25%
- E) 85%
34. Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында қандай электр стансысы орналасқан?
- A) СЭС
- B) СЭС, АЭС
- C) АЭС
- D) ЖЭС
- E) Барлығы дұрыс
35. Қант қызылшасы шаруашылығын маманданған облыстар?
- A) Қостанай облысы, Ақмола облысы
- B) Қарағанды облысы, Қызылорда облысы
- C) Ақтөбе облысы, Маңғыстау облысы
- D) Жамбыл облысы, Алматы облысы
- E) Батыс Қазақстан облысы, Атырау облысы
36. Түйе шаруашылығын маманданған облыстар?
- A) Қостанай облысы, Ақмола облысы
- B) Қарағанды облысы, Қызылорда облысы
- C) Ақтөбе облысы, Маңғыстау облысы
- D) Жамбыл облысы, Алматы облысы
- E) Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан
37. Толық жанатын, ауаны ластамайтын, құбыр жолымен тасымалданатын отын түрі?
- A) Газ
- B) Мұнай
- C) Көмір
- D) Кокс
- E) Дұрыс жауап жоқ
38. Қазақстандағы қара металлургияның негізі қай жылдан бастап қаланды?
- A) 1959
- B) 1938
- C) 1954
- D) 1934
- E) 1964
39. Электротехника зауыты қайда орналасқан?
- A) Павлодар
- B) Өскемен
- C) Алматы
- D) Шымкент
- E) Тараз
40. Ең үлкен химфарм зауыты қайда орналасқан?
- A) Павлодар
- B) Өскемен
- C) Алматы
- D) Шымкент
- E) Тараз
41. Қазақстанда неше шетелдік әуе компаниялары жұмыс істейді?
- A) 20
- B) 9
- C) 51
- D) 21
- E) 19
42. Күздік бидай егіледі?
- A) Солтүстікте
- B) Оңтүстікте
- C) Орталықта
- D) Шығыста
- E) Батыста
43. Әрбір халықтың өндірістік тәжірибесі, тұрмыстық және мәдени ерекшеліктері, шығу тегі, қоныстануы және мәдени өзара айырмашылықтарын зерттейтін ғылым
- A) Этнография
- B) Депопуляция
- C) Депортация
- D) Агломерация
- E) Миграция
44. Ең жақсы игерілген табиғат зонасы
- A) Шөл
- B) Шөлейт
- C) Орманды дала
- D) Дала
- E) Барлығы
45. Жеңіл өнеркәсіп салаларын көрсет
- А) Білім беру, мәдениет
- Б) Сауда, көлік, телекоммуникация
- С) Аяқ киім, тоқыма, былғары, тамақ өнеркәсібі
- Д) Тұрғын үй,құрылыс өнеркәсібі
- Е) Мал шаруашылығы, егін шаруашылығы
46. Ең көп халық тараған аудан
- A) Солтүстік
- B) Оңтүстік
- C) Орталық
- D) Шығыс
- E) Батыс
47. Каспий теңізінің жағалауында орналасқан экономикалық аудан
- A) Орталық
- B) Батыс
- C) Солтүстік
- D) Шығыс
- E) Оңтүстік
48. Қазақстанның химия өнеркәсібі дамыған неше саладан тұрады
- A) 4
- B) 2
- C) 3
- D) 5
- E) 8
49. Қазақстан Каспий теңізі арқылы байланысатын елдер
- A) Армения, Әзірбайжан
- B) Иран, Түркия
- C) Әзірбайжан, Иран
- D) Иран, Грузия
- E) Қырғызстан, Қытай
50. Кондитер фабрикалары
- A) Алматы, Қарағанды, Жамбыл
- B) Семей, Орал, Қостанай
- C) Алматы, Қарағанды, Қостанай
- D) Орал, Ақтөбе, Өскемен
- E) Тараз, Шымкент
51. Қазақстанның бұрынғы астаналары
- А) Орынбор, Қызылорда, Алматы,
- Б) Семей, Орал, Қостанай
- С) Алматы, Қарағанды, Астана
- Д) Орал, Ақтөбе, Өскемен
- Е) Орынбор, Алматы
52. Қазақстандағы халық санағы қай жылы өтті?
- A) 1999 ж
- B) 2005 ж
- C) 2009 ж
- D) 2010 ж
- E) 2008 ж
География пәнінен тест сұрақтары 9 сынып