География пәнінен қазақ тілінде тест сұрақтары 6 сынып
1. География ғылымы бөлінеді
- A) 2 салаға
- B) 1 салаға
- C) 3 салаға
- D) 4 салаға
- E) 5 салаға
Дұрыс жауап: A
2. География ғылымы ретінде пайда болған
- A) Римде
- B) Грекияда
- C) Египетте
- D) Испанияда
- E) Италияда
Дұрыс жауап: В
3. Тұңғыш рет дүние бөліктері туралы ұғымды айтқан
- A) Римдіктер
- B) Гректер
- C) Немістер
- D) Испандықтар
- E) Португалдықтар
Дұрыс жауап: В
4. Магелланның саяхатының нәтижесінде дәлелденді
- A) Жердің құрлық екендігі
- B) Жердің дөңгелек екендігі
- C) Жердің шар тәрізді екендігі
- D) Жердің көп бөлігі су екендігі
- E) Жердің көп бөлігі арал екендігі
Дұрыс жауап: С
5. Орта Азия мен Орталық Азияны зерттеуге үлкен үлес қосты
- A) П.П. Семенов
- B) Н.М. Пржевальский
- C) Ш. Уәлиханов
- D) И.В. Мушкетов
- E) Л.С. Берг
Дұрыс жауап: С
6. Күн жүйесіндегі планеталар саны
- A) 7 планета
- B) 8 планета
- C) 9 планета
- D) 10 планета
- E) 11 планета
Дұрыс жауап: B
7. Жердің полюстік радиусы экваторлық радиустан
- A) 22 км. қысқа
- B) 21 км. қысқа
- C) 20 км. қысқа
- D) 23 км. қысқа
- E) 24 км. қысқа
Дұрыс жауап: В
8. Жер пішіні шар тәріздес болғандықтан оның бетіне күн сәулесі түседі
- A) Бірдей
- B) Әркелкі
- C) Тура
- D) Тік
- E) Бұрыштан
Дұрыс жауап: В
9. Күн жүйесіне кіретін ұсақ аспан денелері
- A) Планеталар
- B) Ай
- C) Астероидтар
- D) Шаң-тозаң
- E) Ай
Дұрыс жауап: С
10. Жер өз білігінен … айналады
- A) Оңтүстіктен солтүстікке қарай
- B) Шығыстан батысқа қарай
- C) Батыстан шығысқа қарай
- D) Батыстан оңтүстікке қарай
- E) Шығыстан оңтүстікке қарай
Дұрыс жауап: С
11. Жер күнді бір рет айналып шығады
- A) 364-365 күнде
- B) 362-663 күнде
- C) 367 күнде
- D) 368 күнде
- E) 369 күнде
Дұрыс жауап: A
12. Жердегі “Кібісе жылы” қайталанып отырады
- A) Әрбір 3-ші жылда
- B) Әрбір 4-ші жылда
- C) Әрбір 2-ші жылда
- D) Әрбір 5-ші жылда
- E) Әрбір 6-ші жылда
Дұрыс жауап: B
13. Меридиандар мен параллель сызықтарының қиылысуынан пайда болған тор
- A) Глобус торы
- B) Карта торы
- C) Градус торы
- D) Шар торы
- E) Жердің торы
Дұрыс жауап: C
14. Жер бетінін қағазға кішірейтіліп түсірілген бейнесі
- A) План
- B) Сурет
- C) Карта
- D) Жер бедері
- E) Фотосурет
Дұрыс жауап: C
15. Әртүрлі сулар картада бейнеленеді
- A) Жасыл түспен
- B) Көгілдір түспен
- C) Ақ түспен
- D) Қызыл түспен
- E) Қоңыр түспен
Дұрыс жауап: B
16. Атмосфераның жер бетіне таяу орналасқан ең төменгі қабаты
- A) Ноосфера
- B) Тропосфера
- C) Стратосфера
- D) Жоғарғы қабат
- E) Озон қабаты
Дұрыс жауап: B
17. Күннен таралатын “әсірекүлгін” сәулелерді ұстап қалатын атмосфераның қабаты
- A) Жоғарғы қабат
- B) Төменгі қабат
- C) Озон қабаты
- D) Ауа қабаты
- E) Тропосфера
Дұрыс жауап: C
18. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал
- A) Гигрометр
- B) Барометр
- C) Термометр
- D) Миллиметр
- E) Миллибар
Дұрыс жауап: B
19. Ауаның салыстырмалы ылғалдығын өлшейтін құрал
- A) Желбезен
- B) Гигрометр
- C) Термометр
- D) Конденсатор
- E) Борометр
Дұрыс жауап: B
20. Жерге жауын-шашын әкелмейетін бұлт
- A) Будақ
- B) Қабат
- C) Шарбы
- D) Қабатты
- E) Ұлпа
Дұрыс жауап: С
21. Ауаның жер бетіне таяу қабатынан түсетін ылғал
- A) Жаңбыр
- B) Шық
- C) Қар
- D) Бұршақ
- E) Жауын
Дұрыс жауап: B
22. Адам желдің күшін пайдаланады
- A) Өндірісте
- B) Электр қуатын алуға
- C) Ауылшаруашылығында
- D) Егін шаруашылығында
- E) Мал шаруашылығында
Дұрыс жауап: B
23. Солтүстік жарты шардағы ең ұзақ күн
- A) 20-шы маусым
- B) 21-ші маусым
- C) 22-ші маусым
- D) 23-ші маусым
- E) 24-ші маусым
Дұрыс жауап: C
24. Тропосфераның белгілі бір жердегі қысқа мерзімдік жай-күйі
- A) Климаты
- B) Ауасы
- C) Ауа райы
- D) Ылғалдығы
- E) Бұлттылығы
Дұрыс жауап: C
25. Жердегі әр жарты шарда негізгі ауа массасы … болады
- A) 3
- B) 4
- C) 2
- D) 5
- E) 6
Дұрыс жауап: B
26. Ауа райын бақылап отырады
- A) Стансалар
- B) Метеорологтар
- C) Синоптиктер
- D) Гидрологтар
- E) Сейсмологтар
Дұрыс жауап: B
27. Жердің тірі ағзалар мекендейтін қабығын атайды
- A) Тропосфера
- B) Биосфера
- C) Гидросфера
- D) Литосфера
- E) Атмосфера
Дұрыс жауап: B
28. Белгілі бір табиғи ортаға шоғырланған ағзалар тіршілік бірлестігін құрайды
- A) Өсімдіктер
- B) Жануарлар
- C) Биоценоз
- D) Адамдар
- E) Құстар
Дұрыс жауап: C
29. Өсімдік пен жануарлардың таралуына әсіресе қажетті жағдай
- A) Жарық
- B) Климат
- C) Табиғат
- D) Ауа
- E) Жер бедері
Дұрыс жауап: B
30. Географиялық компоненттің бір бөлігі
- A) Шыны
- B) Жиһаз
- C) Су
- D) Мата
- E) Жүк
Дұрыс жауап: C
31. Табиғат компоненттерінің жиынтығы … құрайды
- A) Жерді
- B) Материкті
- C) Табиғат кешенін
- D) Мұхитты
- E) Қабықтарды
Дұрыс жауап: C
32. Жердегі ең үлкен табиғат кешені
- A) Материк
- B) Географиялық қабық
- C) Мұхит
- D) Ландшафт
- E) Аймақ
Дұрыс жауап: B
33. Жер бетіндегі адамзат сыртқы келбетінің ерекшеліктеріне байланысты … бөлінеді
- A) 1 – нәсілге
- B) 2 – нәсілге
- C) 3 – нәсілге
- D) 4 – нәсілге
- E) 5 – нәсілге
Дұрыс жауап: C
34. Европеидтық нәсілдің өкілдеріне жатады
- A) Орыс пен немістер
- B) Қытай мен монғолдар
- C) Қазақ пен татарлар
- D) Үндістер мен аборигендер
- E) Корейлер мен жапондар
Дұрыс жауап: A
35. Әр түрлі нәсілдердің өкілдері бір-бірінен ерекшеленеді
- A) Ойлау қабілетімен
- B) Көру қабілетімен
- C) Ұғу қабілетімен
- D) Есту қабілетімен
- E) Сырт қабілетімен
Дұрыс жауап: E
36. 2-Дүниежүзілік соғыс қарсаңында нәсілдік кемсітушілік үлкен орын алған
- A) Қазақстанда
- B) Германияда
- C) Қытайда
- D) Жапонияда
- E) Қырғызстанда
Дұрыс жауап: B
37. Жер бетінің табиғаты, халқы, оның шаруашылық әрекеті туралы ғылым
- A) Геология
- B) Гидрология
- C) География
- D) Картография
- E) Топография
Дұрыс жауап: C
38. Грек тілінен аударғанда «география» сөзінің мағынасы
- A) Жерді өлшеу
- B) Жерді зерттеу
- C) Жерді оқу
- D) Жерді сипаттап жазу
- E) Жерді сызу
Дұрыс жауап: D
39. Дүние жүзін алғаш рет айналып шыққан саяхатшы
- A) Н. М. Пржевальский
- B) Дж. Кук
- C) Васко да Гама
- D) Ф. Магеллан
- E) Х. Колумб
Дұрыс жауап: D
40. «Ұлы географиялық ашулар» заманы
- A) ХV ғ.
- B) ХV ғ.аяғы – ХVІІ ғ. ортасы
- C) ХVІ ғ. басы
- D) ХVІІ ғ.
- E) ХVІ ғ.ортасы – ХVІІ ғ. басы
Дұрыс жауап: B
41. Христофор Колумб экспедиция бастаған жыл
- A) 1521
- B) 1700
- C) 1492
- D) 1821
- E) 1892
Дұрыс жауап: C
42. География ғылымы зерттейді
- А) Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын.
- В) Жердіз табиғатын, халқын, оныз шаруашылығын.
- С) Табиғат денелері мен құбылыстарды.
- D) Жер бетініз жеке аймақтарын.
- Е) Жердіз Күн жүйесіндегі орнын.
Дұрыс жауап: В
43. «География» ұғымын енгізген
- А) Аристотель
- В) Эратосфен
- С) Геродот
- D) Страбон
- Е) Платон
Дұрыс жауап: В
44. География ғылымыныз салалары
- А) Экономикалық, әлеуметтік.
- В) Саяси, физикалық.
- С) Физикалық, экономикалық.
- D) Аймақтық, физикалық.
- Е) Рекреациялық, экономикалық
Дұрыс жауап: С
45. Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар
- A) Плутон
- B) Нептун
- C) Сатурн
- D) Уран
- E) Меркурий
Дұрыс жауап: E
46. Күннен ең алыс орналасқан ғаламшар
- A) Шолпан
- B) Жер
- C) Плутон
- D) Марс
- E) Уран
Дұрыс жауап: C
47. Қазақтың тұңғыш ғарышкері
- A) Талғат Мұсабаев
- B) Юрий Гагарин
- C) Нил Армстронг
- D) Тоқтар Әубакіров
- E) Эдвин Олдрин
Дұрыс жауап: D
48. Күзгі күн теңелуі
- A) 21 наурыз
- B) 23 қыркүйек
- C) 22 желтоқсан
- D) 22 маусым
- E) 29 желтоқсан
Дұрыс жауап: B
49. Көктемгі күн теңелуі
- A) 21 наурыз
- B) 23 қыркүйек
- C) 22 желтоқсан
- D) 22 маусым
- E) 29 желтоқсан
Дұрыс жауап: A
50. Жердің радиусы
- A) 40000 км
- B) 6371 км
- C) 2900 км
- D) 3600 км
- E) 5400 км
Дұрыс жауап: B
51. Жер Күннен … орналасқан?
- А) 1-ші
- В) 2-ші
- С) 3-ші
- D) 4-ші
- Е) 5-ші
Дұрыс жауап: С
52. Жердің шар тәріздес болуының географиялық мәні
- А) Күн сәулелері әркелкі таралады.
- В) Күн сәулелері бірдей түседі.
- С) Жердің дәл картасы жасалады.
- D) Жер бедеріне әсер етеді.
- Е) Ешқандай мәні жоқ
Дұрыс жауап: А
53. Жер бетінде жыл маусымдарының ауысу себебі
- А) Жер білігінің обитасына тік орналасуы.
- В) Күннің Жерді зор тарту күші.
- С) Жыл мезгілдері ауыспайды.
- D) Күн сәулесінің түсу бұрышы мен түсу уақытының ұзақтығы.
- Е) Жердің өз осінен айналуынан
Дұрыс жауап: D
54. Жер өз білігін айналып өтеді
- А) 21 сағатта
- В) 22 сағатта
- С) 23 сағатта
- D) 24 сағатта
- Е) 25 сағатта
Дұрыс жауап: D
55. Жердің білігі орбита кезістігіне орналасқан
- А) 23,5ғ
- В) 33,5ғ
- С) 65ғ
- D) 66,5ғ
- Е) 86,5ғ
Дұрыс жауап: D
56. Оңтүстік жарты шарда жаз айлары
- А) Маусым, шілде, тамыз
- В) Қыркүйек, қазан, қараша
- С) Желтоқсан, қаңтар, ақпан
- D) Наурыз, сәуір, мамыр
- Е) Қазан, қараша, желтоқсан
Дұрыс жауап: С
57. Көкжиек тұстарының бағыттары
- A) Рулетка
- B) Азимут
- C) Флюгер
- D) Румб
- E) Нивелир
Дұрыс жауап: D
58. Жердегі белгілі бір зат пен солтүстік бағыт арасындағы бұрыш
- A) Масштаб
- B) Полюс
- C) Нивелир
- D) Рулетка
- E) Азимут
Дұрыс жауап: E
59. 270º азимутқа сәйкес келетін көкжиек түсі
- A) Солтүстік
- B) Оңтүстік
- C) Батыс
- D) Солтүстік-шығыс
- E) Шығыс
Дұрыс жауап: C
60. Шығыс бағытына сәйкес келетін азимут
- A) 0º
- B) 90º
- C) 180º
- D) 270º
- E) 360º
Дұрыс жауап: B
61. 1 см–100 м масштабы
- A) Ірі
- B) Атаулы
- C) Сандық
- D) Сызықтық
- E) Ұсақ
Дұрыс жауап: B
62. Жерде әр түрлі бағыттың азимутын анықтайтын аспап
- A) Планшет
- B) Термометр
- C) Тұсбағар
- D) Нивелир
- E) Флюгер
Дұрыс жауап: C
63. Көкжиек дегеніміз
- А) Тұрған жеріңді бағдарлау
- В) Жер бетінің көзге көрінетін бөлігі
- С) Азимут бойынша жүру
- D) Картадан қашықтықты өлшеу
- Е) Қажетті бағытты тауып жүру
Дұрыс жауап: В
64. Жергілікті жерді бағдарлау … айтамыз
- А) Көкжиек тұстарын табуды
- В) Берілген бағыт пен солтүстік бағыттыз арасындағы бұрышты
- С) Карта бойынша географиялық ендікті анықтауды
- D) Карта бойынша географиялық бойлықты анықтауды
- Е) Картада жер бетіндегі объектілерді бейнелеуді
Дұрыс жауап: А.
65. Солтүстік бағыт пен жердегі заттың арасындағы бұрыш
- А) Румб
- В) Градус торы
- С) Географиялық ендік
- D) Географиялық бойлық
- Е) Азимут.
Дұрыс жауап: Е.
66. Азимут өлшенетін градус аралығы
- А) 90ғ-180ғ
- В) 180ғ-270ғ
- С) 270ғ-360ғ
- D) 0ғ-360ғ
- Е) 0ғ-180ғ
Дұрыс жауап: D
67. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал
- А) Тұсбағдар
- В) Нивелар
- С) Барометр
- D) Гигрометр
- Е) Термометр
Дұрыс жауап: А
68. Жер бетінде қашықтықты өлшеу тәсілдері
- А) Жер бетінде заттардың қай бағытта орналасқанын анықтау
- В) Тұсбағдардыз көмегімен
- С) Таспамен, өлшеуіш ашамен, қадаммен, көз мөлшерімен
- D) Жер бетін планға түсіру арқылы
- Е) Масштабтың көмегімен
Дұрыс жауап: С.
69. Масштаб дегеніміз не?
- А) Жер бетінде өлшенген қашықтықты қағазға түсіргенде кішірейтілгенін көрсететін шама
- В) Картада көрсетілген қашықтықтың саны
- С) Екі объектінің арасындағы қашықтық
- D) Белгілі бір затқа бағытталған бұрыш
- Е) Картадағы қашықтықтың өлшемін көрсету
Дұрыс жауап: А
70. Жергілікті жердің планы
- А) Жер бетініз жалпы сипаты
- В) Жердегі заттардың пішіні
- С) Жердегі заттардың ара қашықтығы
- D) Жер бетінің қағазға кішірейтіліп түсірілген нұсқасы
- Е) Жердегі заттардың алып жатқан орны
Дұрыс жауап: D
71. Жер бетіндегі нүктенің мұхит немесе теңіз деңгейінен бастап есептелінетін биіктік
- А) Салыстырмалы
- В) Абсолюттік
- С) Горизонтальдар
- D) Жер бедері
- Е) Бергштрихтар
Дұрыс жауап: В
72. Горизонтальдар деп аталады
- А) Шартты белгілер
- В) План мен картада биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар
- С) Жер бетініз сипаты
- D) Бергштрихтар
- Е) План мен картадағы бағыттар
Дұрыс жауап: В
73. Ірі масштабты анықтаңдар
- A) 1:5000
- B) 1:25000
- C) 1:10000
- D) 1:50000
- E) 1:100000
Дұрыс жауап: A
74. Ұсақ масштабты анықтаңдар
- A) 1:1000000
- B) 1:200000
- C) 1:50000
- D) 1:500000
- E) 1:25000
Дұрыс жауап: A
75. Нүктенің бастапқы меридианнан градус есебімен алынған қашықтығы
- A) Ендік
- B) Меридиан
- C) Экватор
- D) Бойлық
- E) Параллель
Дұрыс жауап: D
76. Жер бетіндегі бір полюстен екінші полюске қарай шартты түрде жүргізілетін сызық
- A) Экватор
- B) Меридиан
- C) Параллель
- D) Горизонталь
- E) Бергштрих
Дұрыс жауап: C
77. Материктер, мұхиттар, теңіздер, аралдар, өзендер, көлдер бейнеленген карта
- A) Климаттық
- B) Саяси
- C) Физикалық
- D) Экономикалық
- E) Синоптикалық
Дұрыс жауап: C
78. Экватордың ұзындығы (км)
- A) 20000
- B) 40000
- C) 60000
- D) 30000
- E) 50000
Дұрыс жауап: B
79. Жердің нақты үлгісі
- А) Карта
- В) План
- С) Глобус
- D) Масштаб
- Е) Планшет
Дұрыс жауап: С
80. Географиялық карта дегеніміз
- А) Жер бетінің белгілі масштаб бойынша жазықтықта шартты белгілермен кескінделуі
- В) Жазықтықтағы жердің кескінделуі
- С) Жер беті кіші бөлігінің кескінделуі
- D) Жер бетініз барлық көлемін қамту
- Е) Жер бетініз дөңестігін ескеру
Дұрыс жауап: А
81. Экваторға сәйкес келетін жауапты анықта
- А) Бұл ең ұзын параллель
- В) Оның ұзындығы кез келген меридиан ұзындығына тең
- С) Ол дата ауысу сызығы
- D) Ол глобуста жарты шеңбер
- Е) Ол Австралияны кесіп өтетін сызық
Дұрыс жауап: А
82. Глобус пен карта бетіндегі экваторға параллель жүргізілген сызықтар
- А) Азимут
- В) Экватор
- С) Радиус
- D) Параллельдер
- Е) Меридиандар
Дұрыс жауап: D
83. Географилық ендік деп атаймыз
- А) Градус торын
- В) Меридианнан белгілі бір жерге дейінгі градус есебімен алынған қашықтықты
- С) Экватордан белгілі бір жерге дейінгі градус есебімен алынған қашықтықты
- D) Меридиандар мен параллельдердің бейнелеу ерекшеліктерін
- Е) Азимутты
Дұрыс жауап: С
84. Меридиандар мен параллель сызықтарының қиылысуынан пайда болады
- А) Бойлықтар
- В) Ендіктер
- С) Градус торы
- D) Параллельдер
- Е) Меридиандар
Дұрыс жауап: С
85. Мазмұнына қарай карталар … топқа бөлінеді
А) 1
В) 2
С) 3
D) 4
Е) 5
Дұрыс жауап: В
86. Карталар масштабына … болып бөлінеді
- А) Тақырыптық, жалпы географиялық
- В) Климаттық
- С) Өте ірі
- D) Топографиялық
- Е) Ұсақ, орташа, ірі
Дұрыс жауап: Е
87. Ең ірі масштабты көрсет
- А) 1:5000
- В) 1:2000
- С) 1:250
- D) 1:150
- Е) 1:10
Дұрыс жауап: Е
88. Географиялық картадан құрлықтың биіктігін және мұхиттың тереңдігін анықтауға болады
- А) Географиялық кардағы сандық көрсеткіштер көмегімен
- В) Географиялық координаталар көмегімен
- С) Биіктік пен шкалалар көмегімен
- D) Әр түрлі есептерді шешу арқылы
- Е) Географиялық картада биіктік пен тереңдікті анықтау мүмкін емес
Дұрыс жауап: С
89. 00 ендік пен 00 бойлық координаталарында орналасқан
- А) Еуразия материгі
- В) Атлант мұхиты
- С) Географиялық полюс
- D) Австралия материгі
- Е) Үнді мұхиты
Дұрыс жауап: В
90. Жер бетіне шығып төгілген магма
- A) Гейзер
- B) Кратер
- C) Ядро
- D) Лава
- E) Жанартау
Дұрыс жауап: D
91. Мезгіл-мезгіл ыстық су мен бу шапшып тұратын қайнар
- A) Жанартау
- B) Гейзер
- C) Кратер
- D) Эпицентр
- E) Магма
Дұрыс жауап: B
92. Орташа биіктегі тау
- A) Кавказ
- B) Алтай
- C) Карпат
- D) Тянь-Шань
- E) Памир
Дұрыс жауап: C
93. Абсолют биіктігі 500 м асатын жазық
- A) Қырат
- B) Ойпат
- C) Таулы үстірт
- D) Төбе
- E) Аласа таулар
Дұрыс жауап: C
94. Магмалық тау жыныс
- A) Тас көмір
- B) Базальт
- C) Шымтезек
- D) Мәрмәр
- E) Құмтас
Дұрыс жауап: B
95. Жердің ең ортасында орналасқан
- A) Мантия
- B) Жер қыртысы
- C) Ядро
- D) Магма
- E) Лава
Дұрыс жауап: C
96. Бұрын теңіз түбі болып, кейін көтерілудің нәтижесінде пайда болған жазықтар
- A) Тегіс жазықтар
- B) Төбелі жазықтар
- C) Қырат жазықтар
- D) Алғашқы жазықтар
- E) Таулы жазықтар
Дұрыс жауап: D
97. Жер шарының сыртқы қатты тас қабаты
- А) Атмосфера
- В) Гидросфера
- С) Литосфера
- D) Биосфера
- Е) Географиялық қабық
Дұрыс жауап: С
98. Жердің ішкі құрылысы … қабаттарынан тұрады
- А) Литосфера, мантия
- В) Ядро, гидросфера
- С) Жер қыртысы, биосфера
- D) Литосфера, жер қыртысы
- Е) Жер қыртысы, мантия, ядро
Дұрыс жауап: Е
99. Литосфералық тақталар жылына қозғалады
- А) 2-5 см
- В) 10-20 см
- С) 20-30 см
- D) 30-40 см
- Е) 40-50 см
Дұрыс жауап: А
100. Тау жыныстарының түрлері
- А) Биологиялық
- В) Тақталар
- С) Ядро
- D) Мантия
- Е) Шөгінді, магмалық, метаморфтық
Дұрыс жауап: Е
101. Жер қыртысы мен жоғарғы мантиядағы кенет ығысу әсерінен туатын жер астының қозғалысы
- А) Жанартау атқылауы
- В) Жер сілкіну
- С) Эпицентр
- D) Тау жасалу
- Е) Баяу қозғалу
Дұрыс жауап: В
102. Таулар дегеніміз
- А) Жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан қатты тілімденген биік бөліктері
- В) Жер бетінің аз тілімденген, тегіс алқабы
- С) Ішкі күштердің әсері
- D) Жер қыртысындағы болып жатқан үрдістер
- Е) Жер бедері түрлерінің өзгеруі
Дұрыс жауап: А
103. Жер бетінің аз тілімденген, тегіс немесе белесті алқабы
- А) Жазықтар
- В) Таулар
- С) Қыраттар
- D) Үстірттер
- Е) Ойпаттар
Дұрыс жауап: А
104. Терең мұхит түбі ойыстары … деп аталады
- А) Шельф
- В) Шұңғыма
- С) Қайраң
- D) Қазан шұңқыры
- Е) Мұхит жазығы
Дұрыс жауап: В
105. Материктік жер қыртысының таулар астындағы қалыңдығы
- А) 20-30 км
- В) 30-40 км
- С) 40-50 км
- D) 50-60 км
- Е) 70-80 км
Дұрыс жауап: Е
106. Ойпаттардың мұхит деңгейінен салыстырмалы биіктігі
- А) 0 м-ден 200 м-ге дейін
- В) 200 м-ден 500 ге дейін
- С) 500 м-ден 1000 м-ге дейін
- D) 1000 м-ден 1500 м-ге дейін
- Е) 1500 м-ден 2000 м-ге дейін
Дұрыс жауап: А
107. Жанартаулар мен жер сілкінісі жиі болатын аймақ
- А) Маржан аралдарында
- В) Жазықтарда
- С) Материк шетіндегі таулы аудандарда
- D) Үнді мұхитында
- Е) Платформаларда
Дұрыс жауап: С
108. Жанартаудың төбесінде пайда болған шұңқыр
- А) Жанартау көмейі
- В) Кратер
- С) Магма
- D) Жанартау ошағы
- Е) Эпицентр
Дұрыс жауап: В
109. Көпшілік жанартаулар … мұхитының жағалауында
- А) Солтүстік Мұзды
- В) Үнді
- С) Тынық
- D) Атлант
- Е) Оңтүстік
Дұрыс жауап: С
110. Екі немесе бірнеше тау жоталарының түйісуі
- А) Таулы аймақ
- В) Торабы
- С) Таулы жерлер
- D) Тау түйінділері
- Е) Таулы өлке
Дұрыс жауап: В
111. Орташа биіктіктегі таулар мұхит деңгейінен биікте орналасқан
- А) 200-500 м
- В) 500-1000 м
- С) 1000-2000 м
- D) 1500-2000 м
- Е) 2000-3000 м
Дұрыс жауап: С
112. Материктік жер қыртысының мұхиттық жер қыртысынан айырмасы
- А) Гранитті қабаты бар
- В) Шөгінді қабаты жоқ
- С) Жоғары мантия қабаты жоқ
- D) Базальт қабаты бар
- Е) Айырмашылық жоқ
Дұрыс жауап: А
113. Органикалық жолмен пайда болған шөгінді жыныстар
- А) Тас көмір, шымтезек
- В) Бор, гранит
- С) Құм, мәрмәр
- D) Саз, темір кені
- Е) Тұз, шымтезек
Дұрыс жауап: А
114. Ең жоғары және ең төменгі температуралардың айырмасы
- A) Изобара
- B) Изотерма
- C) Ылғалдылық
- D) Амплитуда
- E) Ауа райы
Дұрыс жауап: D
115. Белгілі бір жағдайда су буларының сұйық күйге айналуы
- A) Ылғадылық
- B) Конденсация
- C) Амплитуда
- D) Ауа райы
- E) Құрғақшылық
Дұрыс жауап: B
116. 66,5ºс.е. және 66,5ºо.е. параллельдердің атауы
- A) Тропиктер
- B) Поляр шеңбері
- C) Поляр белдеулері
- D) Тропиктік белдеу
- E) Экватор
Дұрыс жауап: B
117. Құрғақ ауаның газдық құрамы
- A) 71% азот, 28% оттегі
- B) 28% азот, 71% оттегі
- C) 21% азот, 78% оттегі
- D) 78% азот, 21% оттегі
- E) 1% азот, 78% оттегі
Дұрыс жауап: D
118. Ауаның ылғалдылығын анықтайтын аспап
- A) Анемометр
- B) Барометр
- С) Термометр
- D) Гигрометр
- E) Флюгер
Дұрыс жауап: D
119. Тәулік ішінде бағыттарын өзгертіп отыратын жел
- A) Цунами
- B) Бриз
- C) Пассат
- D) Муссон
- E) Торнадо
Дұрыс жауап: B
120. Атмосфераның құрылысы
- A) Тропосфера, стратосфера, мезосфера
- B) Мезосфера, тропосфера, гидросфера
- C) Биосфера, гидросфера, термосфера
- D) Мезосфера, экзосфера, биосфера
- E) Стратосфера, гидросфера, экзосфера
Дұрыс жауап: A
121. Өте биікте, жауын-шашын жаумайтын бұлт
- A) Будақ
- B) Қабат
- C) Қабат-қабат
- D) Шарбы
- E) Будақ-жаңбырлы
Дұрыс жауап: D
122. Жердің газ тәріздес қабығы
- А) Атмосфера
- В) Гидросфера
- С) Литосфера
- D) Биосфера
- Е) Географиялық қабық
Дұрыс жауап: А
123. Атмосфера қабаттары
- А) Литосфера, тропосфера, гидросфера
- В) Тропосфера, стратосфера, атмосфераның жоғарғы қабаты
- С) Стратосфера, биосфера, литосфера
- D) Литосфера, тропосфера, биосфера
- Е) Биосфера, гидросфера, атмосфераның жоғарғы қабаты
Дұрыс жауап: В
124. Ауаның жер бетіне түсіретін салмағы
- А) Ауа температурасы
- В) Атмосфералық жауын-шашын
- С) Жел
- D) Атмосфералық қысым
- Е) Адам денесіндегі ішкі қысым
Дұрыс жауап: D
125. Атмосфераның төменгі қабаты
- А) Тропосфера
- В) Стратосфера
- С) Ионосфера
- D) Озоносфера
- Е) Мезосфера
Дұрыс жауап: А
126. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал
- А) Желбағар
- В) Анемометр
- С) Термометр
- D) Барометр
- Е) Гигрометр
Дұрыс жауап: D
127. Тәулік ішіндегі ең жоғарғы және ең төменгі температура арасындағы айырмашылық
- А) Тәуліктік орташа температура
- В) Температура ауытқуының тәуліктік амплитудасы
- С) Ауа-райының өзгерісі
- D) Жылдық орташа температура
- Е) Айлық орташа температура
Дұрыс жауап: В
128. Жел дегеніміз …
- А) Атмосфералық қысым
- В) Ауадағы су буы
- С) Ауаның горизонталь бағытта орын ауыстыруы
- D) Атмосфералық жауын-шашын
- Е) Бұлттылық
Дұрыс жауап: С
129. Ауа-райының негізгі элементтері
- А) Температура, ылғалдылық, атмосфералық қысым
- В) Қар жамылғысы, жел, бұлттылық
- С) Ауадағы су буы, топырақ жамылғысы, атмосфералық қысым
- D) Жел, күн радиациясы, бұлттылық
- Е) Жел, ауа массалары, теңіз ағыстары
Дұрыс жауап: А
130. Оңтүстік және солтүстік жарты шарға күн сәулесі бірдей түседі
- А) Екі жарты шарда барлық уақытта бірдей түседі
- В) 22 маусым және 22 желтоқсанда
- С) 23 қыркүйек және 22 наурызда
- D) 1 қазтар мен 1 маусымда
- Е) Қыс пен жазда
Дұрыс жауап: С
131. Грек тілінен «климат» сөзінің мағынасы
- А) Жаз кезіндегі күн сәулесінің еңістігі
- В) Қыс кезіндегі күн сәулесінің еңістігі
- С) Жер бетіне күн сәулесінің еңістігі
- D) Тал түстегі күн сәулесінің мөлшері
- Е) Климат элементі
Дұрыс жауап: С
132. Желдің соғу себебі
- А) Кориолис күшінен
- В) Жердіз Күнді айнала қозғалуынан
- С) Жердіз өз білігінен айналуынан
- D) Температураның айырмасынан
- Е) Қысымның айырмасынан
Дұрыс жауап: Е
133. Атмосферадағы 80% ауа массасы кездеседі
- А) Стратосферада
- В) Мезосферада
- С) Тропосферада
- D) Геоносферада
- Е) Экзосферада
Дұрыс жауап: С
134. Тәулік ішінде бағытын өзгертіп тұратын жел
- А) Бриз
- В) Муссон
- С) Пассат
- D) Фен
- Е) Батыс желдері
Дұрыс жауап: А
135. Күндізгі бриздің соғу бағыты
- А) Құрлықтан теңізге
- В) Теңізден құрлыққа
- С) Қыста теңізден құрлыққа
- D) Жазда құрлықтан теңізге
- Е) Төменнен жоғарыға
Дұрыс жауап: В
136. Тауда 1 км-ге көтерілген сайын температура төмендейді
- А) 2 0С
- В) 3 0С
- С) 4 0С
- D) 5 0С
- Е) 6 0С
Дұрыс жауап: Е
137. 1 км-ге көтерілген сайын ауа қысымы төмендейді
- А) 10 мм сынап бағанына
- В) 20 мм сынап бағанына
- С) 40 мм сынап бағанына
- D) 80 мм сынап бағанына
- Е) 100 мм сынап бағанына
Дұрыс жауап: Е
138. Жердің ең ыстық белдеуі тропиктер арасында орналасуының себебі
- А) Ыстық желдер соғады, шөлдер көп
- В) Күн дәл төбеде ұзақ және ауаның жоғары қозғалысы болады
- С) Бұл ендіктерде мұхитта жылы ағыстар соғады
- D) Бұл аумақтың жер бедері жазық
- Е) Бұл аумақтың жер бедері таулы
Дұрыс жауап: В
139. Теңіздік ауа массаның континенттік ауа массасынан айырмасы
- А) Қыста температурасы төмен
- В) Қыста ылғалдылығы жоғары
- С) Жазда температурасы жоғары
- D) Ауа ылғалы мол
- Е) Жылдық температураның амплитудасы жоғары
Дұрыс жауап: D
140. Жер бетіндегі ең жоғары температура байқалатын климат белдеуі
- А) Экваторлық
- В) Субтропиктік
- С) Тропиктік
- D) Қоңыржай
- Е) Субэкваторлық
Дұрыс жауап: С
141. Тропиктік белдеулерде материктердің батыс жағалауында өтетін суық ағыстар әсері
- А) Жауын-шашын қалыптастырады
- В) Жауын-шашынның пайда болуына кері әсер етеді
- С) Ауа температурасын төмендетеді
- D) Ауа температурасын жоғарылатады
- Е) Жағалық аумақтың климатына әсер етпейді
Дұрыс жауап: В
142. Қоңыржай белдеуде ауа температурасының тәуліктік ауытқуы көп мезгіл
- А) Қыс
- В) Көктем
- С) Жаз
- D) Күз
- Е) Жыл мезгілдері ауысқанда
Дұрыс жауап: С
143. Желдің бағыты мен күшін анықтайтын құрал
- А) Гигрометр
- В) Термометр
- С) Барометр
- D) Флюгер
- Е) Компас
Дұрыс жауап: D
144. Жер бетіндегі негізгі климаттық белдеулер саны
- А) 4
- В) 7
- С) 9
- D) 12
- Е) 13
Дұрыс жауап: А
145. Жылы және суық ағыстардың пайда болу себебі
- A) Айсберг әсері
- B) Тұрақты желдер
- C) Циклондар
- D) Антициклонлар
- E) Жер бедері
Дұрыс жауап: B
146. Екі жағынан материктердің немесе аралдардың жағалары шектеп тұрған енсіз су айдыны
- A) Түбек
- B) Шығанақ
- C) Арал
- D) Өзен
- E) Бұғаз
Дұрыс жауап: E
147. Өзеннің ағып шығатын жері
- A) Суайрық
- B) Сағасы
- C) Бастауы
- D) Саласы
- E) Арнасы
Дұрыс жауап: C
148. Аңғардың өзен тасығанда су басатын бөлігі
- A) Шоңғал
- B) Суайрық
- C) Жайылма
- D) Аңғар
- E) Арна
Дұрыс жауап: C
149. Өзендегі су деңгейінің кенет көтерілуі
- A) Су тасуы
- B) Режимі
- C) Сабасына түсуі
- D) Тасқын
- E) Жайылуы
Дұрыс жауап: D
150. Биосфера географиялық қабықтың … бөлігі боп саналады
- А) Мантия, ядро, жер қыртысынан құралған
- В) Тау жыныстары мен табиғат компонеттерініз
- С) Адамдар мекен ететін
- D) Мантия мен ауа
- Е) Литосфера, стратосфера, мұхиттардан тұратын
Дұрыс жауап: С
151. Барлық қабаттарды қосатын жер қабығы
- А) Литосфера
- В) Биосфера
- С) Атмосфера
- D) Гидросфера
- Е) Тропосфера
Дұрыс жауап: В
152. Жердің тіршілік үшін маңызы зор қабаты
- А) Ионосфера
- В) Мезосфера
- С) Тропосфера
- D) Стратосфера
- Е) Экзосфера
Дұрыс жауап: С
153. Бір текті жағдайлы аумақта тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлардың жиынтығы
- А) Геоценоз
- В) Биоценоз
- С) Зооценоз
- D) Агроценоз
- Е) Нооценоз
Дұрыс жауап: В
154. «Экология» ұғымын енгізген
- А) Ж. Ламарк
- В) Э. Геккель
- С) В. Докучаев
- D) Ч. Дарвин
- Е) М. Ломоносов
Дұрыс жауап: В
155. Құнарлы топырағымен ерекшеленетін табиғат зонасы
- А) Тайга
- В) Тундра
- С) Тропиктік орман
- D) Дала
- Е) Саванна
Дұрыс жауап: D
156. Тізеден келетін ормандар кездесетін зона
- А) Тайга
- В) Арктикалық шөл
- С) Тундра
- D) Орманды тундра
- Е) Орманды дала
Дұрыс жауап: С
157. Қалпына келмейтін табиғат ресурсы
- А) Минералды
- В) Жер
- С) Биологиялық
- D) Су
- Е) Күн энергиясы
Дұрыс жауап: А
158. Кез келген аумақтың табиғат компоненттерінің жиынтығының біртұтас жүйесі
- A) Географиялық белдеу
- B) Географиялық кешен
- C) Географиялық орта
- D) Климаттық белдеу
- E) Географиялық зона
Дұрыс жауап: B
159. Өтпелі географиялық белдеу
- A) Полярлық
- B) Субэкваторлық
- C) Экваторлық
- D) Қоңыржай
- E) Тропиктік
Дұрыс жауап: B
160. Температурасы үнемі жоғары, жауын-шашын жыл бойы біркелкі болатын табиғат зона
- A) Полярлық
- B) Субэкваторлық
- C) Қоңыржай
- D) Экваторлық
- E) Тропиктік
Дұрыс жауап: D
161. Әр жерінде жеке немесе шоқ-шоқ ағаш пен бұта кездесетін көбінесе шөп басқан жазықтар
- A) Тундра
- B) Орман
- C) Саванна
- D) Дала
- E) Шөл
Дұрыс жауап: C
162. Шөп басқан, ормансыз, жазық жер
- A) Тундра
- B) Шөл
- C) Шөлейіт
- D) Дала
- E) Орман
Дұрыс жауап: D
163. Солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың 30°-60° ендіктеріндегі белдеу
- A) Поляр
- B) Экваторлық
- C) Қоңыржай
- D) Субэкваторлық
- E) Субтропиктік
Дұрыс жауап: C
164. Табиғи күйінде ағаш өсімдігі негізгі орын алатын табиғат зона
- A) Дала
- B) Шөл
- C) Шөлейт
- D) Тундра
- E) Орман
Дұрыс жауап: E
165. Солтүстік және оңтүстік полюстер төңірегіндегі географиялық белдеу
- A) Қоңыржай
- B) Полярлық
- C) Экваторлық
- D) Тропиктік
- E) Субэкваторлық
Дұрыс жауап: B
166. Қоңыржай белдеудің қылқан жапырақты ормандары
- A) Тундра
- B) Дала
- C) Шөлейт
- D) Тайга
- E) Орман
Дұрыс жауап: D
167. 20º және 30º еңдіктер аралығында орналасқан табиғат белдеуі
- A) Қоңыржай
- B) Экваторлық
- C) Тропиктік
- D) Субэкваторлық
- E) Субтропиктік
Дұрыс жауап: C
168. Мүк пен қына, бұта өсетін мәңгі тоң таралған жерлер
- A) Тайга
- B) Тундра
- C) Шөлейт
- D) Орман
- E) Дала
Дұрыс жауап: B
169. Климаты өте құрғақ, өсімдігі әрі жұтаң, әрі сирек аумақтар
- A) Шөлейт
- B) Дала
- C) Тундра
- D) Шөл
- E) Орман
Дұрыс жауап: D
170. Қоңыржай белдеудегі дала мен шөлдің аралығындағы өтпелі зона
- A) Дала
- B) Шөлейт
- C) Шөл
- D) Тундра
- E) Орман
Дұрыс жауап: B
171. Тундраның өсімдіктері
- A) Шырша, майқарағай
- B) Емен, жөке ағашы
- C) Мүк, қына
- D) Шәмшат, балқарағай
- E) Селеу, бетеге
Дұрыс жауап: C
172. Дала зонасының өсімдіктері
- A) Шырша, майқарағай
- B) Емен, жөке ағашы
- C) Селеу, бетеге
- D) Шәмшат, балқарағай
- E) Мүк, қына
Дұрыс жауап: C
173. Табиғат компоненттерінің жиынтығы
- А) Геграфиялық қабық
- В) Жер бедері
- С) Табиғат кешені
- D) Геграфиялық белдеу
- Е) Табиғат зонасы
Дұрыс жауап: С
174. Құрлықтағы табиғат зоналарының қалыптасуына әсер ететін жағдайлар
- А) Климаттық
- В) Жазық пен таулы аумақтардың ара қатынасы
- С) Жануарлар мен өсімдіктер арасындағы байланыс
- D) Дүниежүзілік мұхиттыз және судың жоғарғы беткі жағдайы
- Е) Табиғат кешендерінің мөлшері
Дұрыс жауап: А
175. Жер бетіндегі адамзат … нәсілге бөлінеді
- А) 1
- В) 2
- С) 3
- D) 4
- Е) 5
Дұрыс жауап: С
176. Нәсілдік белгілердің қалыптасу себебі
- А) Табиғат жағдайлары
- В) Ата-ана берілуі
- С) Халықтардың араласуы
- D) Ойлау қабілеті
- Е) Халықтардың іс-әрекеті
Дұрыс жауап: А
177. БҰҰ Бас Ассамблеясы нәсілдік кемсітушілікті жою жөнінде қарар қабылдаған жылы
- А) 1963 ж.
- В) 1964 ж.
- С) 1965 ж.
- D) 1966 ж.
- Е) 1967 ж.
Дұрыс жауап: С
178. Дамыған елдердің ішінде «үлкен жетілік» деп аталатын аса ірі жеті елді көрсет
- А) АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания, Канада, Италия
- В) Бразилия, Жапония, Германия, Испания, Ұлыбритания, Канада, Италия
- С) АҚШ, Қытай, Германия, Франция, Ұлыбритания, Канада, Италия
- D) АҚШ, Жапония, Үндістан, Франция, Ұлыбритания, Канада, Италия
- Е) АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания, Ресей, Италия
Дұрыс жауап: А
179. Даму дәрежесіне қарай мемлекеттер неше топқа бөлінген
- А) 1
- В) 2
- С) 3
- D) 4
- Е) 5
Дұрыс жауап: В
180. Қазақстан БҰҰ-на мүше болған жыл
- А) 1990 ж
- В) 1991 ж
- С) 1992 ж
- D) 1993 ж
- Е) 1994 ж
Дұрыс жауап: С
География пәнінен қазақ тілінде тест сұрақтары 6 сынып