Тұран жазығы

Тұран жазығы

Сабақтың тақырыбы: Тұран жазығы

География: 8 сынып

Сабақтар топтамасы аяқталғанда оқушыларының нені білгенін, түсінгенін және жасай алғанын қалар едіңіз?

  • Білу: Тұран жазығының географиялық орнын, геологиялық құрылысын зерттеу; ойпаттың жер бедерінің дамуына геологиялық процестердің әсері туралы білу (барлығы)
  • Түсіну: Оқушылардың плитадағы пайдалы қазбалардың орналасу заңдылықтарын өздігінен сипаттай білуге дағдыларын, кешеннің құрамды бөліктері арасындағы өзара байланысты анықтап, салыстырмалы кешенді сипаттама беру дағдыларын түсіну (көпшілігі)
  • Қолдану: Маңғыстау, Үстірт, Торғай үстіртті, Арал маңы, Сырдария бойы, Қызылқұм, Бетпақдала, Мойынқұм, Балқаш-Алакөл аймағын ажырата отырып сипаттама бере білу (кейбіреуі)

Жұмыстың қандай түрлері оқушылардың белсенді білім алуына әсер етіп, олардың ойлауына барынша ықпал жасайды?

1-қадам. Үй тапсырмасын сұрау тест (5 сұрақ)

  1. Орал алды үстіртінің солтүстік-шығыс бөлігі неше метрге дейін көтерілген
    а) 500-600 м; ә) 400-450 м; б) 300-350 м.
  2. Каспий маңы ойпатында орналасқан көлдерді атаңыз
    а) Шалқар, Балықты, Бесоба; ә) Шалқар, Сағыз, Жем; б) Аралсор, Деркөл, Ертек.
  3. Каспийдің солтүстігі мен Жем үстіртінде қандай табиғат зонасы орналасқан?
    а) Дала; ә) Орманды дала; б) Шөл.
  4. Жем өзенінің ұзындығы?
    а) 712 км; ә) 815 км; б) 300 км.
  5. Шығыс Еуропа жазығының топырағы қандай?
    а) Қара топырақ; ә) Сор мен сортаң; б) Таулы аймақ топырағы.

Оқып үйрену нәтижесі

  • кескін картамен жұмыс
  • сабақ рефлекциясы

Оқушыларға білім алуға көмектесу үшін бағалауды қалай пайдаланасыз?

  • Оқушылардың жауабын тыңдай отырып екі жетістік, бір ұсыныс айту

Сыныптағы барлық оқушыларды (дарынды және талантты, жасы кіші) жұмысқа қалай тартасыз?

  • Тапсырманы ерте болған оқушыларға кеңейтілген тапсырма беру, басқа топқа бақылаушы жіберемін.

Сіз олар үйренеді деп жоспарлаған нәрселердің барлығын олардың үйренгенін қайдан білесіз?

  • Оқып үйрену нәтижелері бойынша берілген тапсырмаларды орындау

Тұран жазығы

Сабақ барысы

Кіріспе бөлім

Ұйымдастыру

  • Үй жұмысын сұрау
  • Сәлемдесу
  • Сыныпты топқа бөлу
  • Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру
  • Үй тапсырмасын пысықтау
  • Өткен тақырып бойынша тест тапсырмасын орындау

Бүгінгі сабақ тақырыбын білдіретін мәселелерді анықтау Оқушыларға топқа бөлініп отырады және күн ретін тақтадан көшіріп алады

Тұсаукесер

Оқушының қызығушылығын ояту (видео, презентация) Блумның «білу» деңгейі
Пайымдауға және логикалық ойлауға жұқа және қалың сұрақ
Блумның «түсіну» деңгейі
Сырдария аллювийлі жазығы
Эолды құмды

Қойылған сұраққа оқушылар жеке ойланып, жұптық жұмыс кезінде өз жауабымен бөліседі. Берілген дұрыс жауап бойынша бірінің жауабын бірі тексеріп, бағалайды презентация

Негізгі бөлім

Оқушыларды қиындықты, түсінбеушілікті анықтауға және қорытынды шығаруға жетелеу үшін жұқа және қалың сұрақтар

Блумның «қолдану» деңгейі

1. Маңғыстау, Үстірт, Торғай үстіртті, Арал маңы, Сырдария бойы, Қызылқұм, Бетпақдала, Мойынқұм, Балқаш-Алакөл аймағын

  1. 1-топқа тапсырма:
    а) Географиялық орнын
    б) Жер бедері
  2. 2-топқа тапсырма:
    а) Пайдалы қазбалары
    б) Климаты
    в) Өзендері мен көлдері
  3. 3-топқа тапсырма:
    а) Табиғат зонасы
    б) Өсімдіктері
    в) Жануарлары

Кескін картамен жұмыс

Жеке, жұп, топтық жұмыс жасайды

  • а) Оқушылар тақырыпты жазып алады, слайдты бақылайды
  • ә) Жаңа терминдер мен ұғымдарды дәптерлеріне жазып алады

Оқушылар таратылып берілген сұрақтарға әр оқушы жеке дара өз ойлары мен түсініктерін пайдаланып топ ішінде талқылайды. Плакатқа білген барлық ақпаратты түсіріп, оны спикер қорғайды.
2 жетістік, 1 ұсыныс презентация

Қорытынды

Сабақ қорытындысы мен түсіну дәрежесін, меңгеруін бақылау

Білу:

  1. Тұран ойпатында орналасқан ең биік нүктесі
  2. Ең төмен жатқан жері
  3. Тұран жазығында орналасқан қорықтарды ата?

Түсіну:

  1. Шөлге тән өсімдіктер түрін ата
  2. Тұран жазығының тұщы өзендерін жаз

Қолдану:

  1. Тұран жазығындағы пайдалы қазбаларды атап шартты белгісі арқылы кескін картаға белгіле
  2. Тұран жазығының климатының ең негізгі ерекшелігі қандай

Сұрау-қорытындылау

Сабақ рефлексиясы

Оқушылар жеке жұмысты орындап, бүгінгі сабақтан не түсінгенінне анализ жасай алады.

Добавить комментарий