Сын тұрғысынан ойлау технологиясын химия пәнінде пайдаланудың тиімділігі

СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ХИМИЯ ПӘНІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Рахметова Жанна Сиражовна
№24 лингвистикалық мектеп- гимназия
Химия пәні мұғалімі
Ақтөбе қаласы

Мақсаты: Химия сабағында жаңа технология элементтерін тиімді қолдана отырып, оқушыны өз пікірін білдіруге жетелеу, ойлау, талдау, іздену қабілеттерін арттыру, рухани дүниесін байыту, эмоциялық мәдиниетін тәрбиелеу барысында жүргізіп жүрген іс тәжірибелеріммен оқытушылармен бөлісу. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби біліктілігін шыңдауға бағытталған рөлі бойынша көрсетілген: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандарттарына көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашыл қабілеттерің көрініп, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті». Педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылысы. Қазіргі кезде жаңа педагогикалық технологиялар түрлері көбейе түсуде. Сондықтан жаңа технологиялардың ішінен өз қажеттісін таңдап алу – әр мұғалім үшін жауаптылық пен іскерлікті қажет ететін еңбек. Соның ішінде сын тұрғысынан ойлау технологиясына тоқталайық. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы оқушылардың таным белсенділіктері мено йлау қабілеттерін дамыту үшін қолдануға болады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мақсаты: білімге құштар, ой-өрісі еркін дамыған ашық қоғам азаматтарын тәрбиелеу. Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық рөл берілісе, ал казірге технологияларда оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оқушыны оқытпайды, ол өздігінен оқып білім алуы керек. Сол арқылы оқушы өз қажеттігін біліп, өз жолын таңдап, жетістікке жетуге мүмкіндік алуда. Ал, мұғалім әр оқушының жеке қызығуын және қабілеттерін ашыға көмектеседі. Оқушының өз бетінше еркін ойлай алуын, ой өрісін дамытуда төмендегідей қағидаларды ұстанамыз:
— Оқушы мен оқытушы арасындағы тепе теңдік жағдай, екі тұлға да үйренушілер, үйретушілер.
— Оқушыны өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін құрметтеу.
— Оқушының ойлау, талдау, іздену қабілеттерін арттыру.
— Сабақта шешуші рөл атқаратын оқытушы емес, керісінше, оқушы екені туралы пікір қалыптастыру.
— Әрбір оқушының білім дәрежесін басқа оқушымен салыстыру емес, оқушының кешегі нәтижесін бүгінгі және ертеңгі нәтижелерімен салыстыру арқылы даму динамикасына мониторинг құру.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ережесі:
1. Тыныштық.
2. Жылдамдық.
3. Белсенділік.
4. Ұйымшылдық.
5. Толық қатысым.
6. Уақытпен санасу.
Оқушылардан осы ереженің орындалуын талап ету қажет.
Сабақ кезеңдерінде қолданылатын стратегия: Оқушылардың таным- белсенділігін «іске қосып» одан туындаған ойды шешуге бағыттау үшін сол ойдың белгілі жақтары болуы керек және шығармашылық іздестіруге, ойлануға итермелейтін бостапқы мәліметтері болуы тиіс. Кубизм стратегиясы кубик жасалып оның 6 қырында 6 түрлі тапсырмалар жазылады:
1. Ассоциация.
2. Суреттеу.
3. Талдау.
4. Дәлелдеу.
5. Ұсыныс.
6. Салыстыру.
«Кубизм» стратегисымен сабақ өткізу үшін оқушыларды 6-топқабөліп отырғызу керек.
Мысалы «Майлар» тақырыбын осы стратегиямен өткізу үшін, тақырыптағы мағлұмат кубиктің алты қырындағы тапсырмаларға сәйкестестендіріп қарастырылады. Әр топ кубикті лақтыру арқылы тапсырмаларын анықтайды.
1. Ассоциация. «Майлар» сөзін естігенде көз алдыңа не елестейді? (қызығушылық ояту)
2. Суреттеу. Майлардың физикалық қасиеттері суреттеледі
3. Талдау. Майлардың химиялық қасиеттері талданып, реакция теңдеулері жазылады.
4. Дәлелдеу. Майдың шығу тарихы. Майдың құрамын анықтап, дәлелдеген, синтездеген ғалымдар (М. Шеврель, М. Бертло) туралы айтылады.
5. Ұсыныс. Майлардың не үшін қолданылатыны ұсынлады.
6. Салыстыру. Венн диаграммасы қолданылады, екі затты алып салыстырады. Мысалы:
Карбон қышқылы мен майды.
(үй тапсырмасы) (жаңа сабақ)
Эссе стратегиясы арқылы да оқушылардың ойлау білігін арттыруға болады. Эссе жазу
берілген тақырыптың ішкі сырын терең түсініп, өз пікірін, ойын дұрыс жеткізіп, сабақта берілген дәлелдемелермен бекітіп, оқылған тақырыптың негізгісін көркемдеп жазып және сол арқылы өмір, болмыс сырын қалай түсінетіндігі жайында ойын ашық білдіру.
«Майлар» тақырыбын бекіту мақсатында оқушыларға эссе жазуды ұсынуға болады.
«Майлар» тақырыбына жазған оқушының эссесі.
«Ертеде химия елді мекенінде органикалық зат ұлтынан шыққан Май деген бір толық қыз болыпты. Оның анасының аты Глицерин, әкесінің аты Карбон екен. Майдың сыныптастары көп болғанымен, тұйық мінезі май Сумен ойнағанды ұнатады. Су екеуі гидролиз ойнын ойнауға еш жалықпайды. Майдың көршілері органикалық еріткіштер. Май олармен ойнамаған соң, олар кейкездері дөрекілік танытып ренжітіп кетеді. Достары Майдың үйіне қонаққа барғанды ұнатады, себебі Май оларды тамаққа тойғызып үйлеріне қайтарларында маргарин мен майонез беріп жібереді, кей кездері сабын, олиф, бояу, лак сияқты сыйлықтар да беріп отырады екен. Сонымен Май деген қыз осындай екен.
«Білемін, білгім келеді, үйрендім» әдісі мынадай қадамдардан тұрады:
1. Оқушы тақырып бойынша білетін білімдерін жинайды
2. Нені білгісі келетінін жазады, сұрақ қояды, білгім келеді бағанын толықтырады.
3. Қойылған сұрақтарға, мәтіндіоқи отырып жауап береді, үйрендім бағанын толтырады.
4. Ой толғаныс (мәнжазба, баяндама немесе тәжірибе жасау)
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сахналық қойлым стратегиясын қолданып отыру жөн. Мысалы: «Судың қасиеттері» тақырыбын өткенде, су туралы ертегі қойлым көрсетілсе оқушының тақырыпқа деген қызығушылығын оята отырып, судың қасиеттерімен танысуға мүмкіндік беріледі.
Су туралы ертегі
Менделеев деген жерінде.
Химия деген елінде.
109 элемент өмір сүріпті. Ішінде ай десе аузы бар, күн десе көзі бар, қарасаң көз тоймас Оттегі деген сұлу болыпты.
Бір күні сол сұлу Оттегі өзінің оққағары Темірмен серуенге шығады. Сол мезет бұлардың жанынан атымен Аш Сутекұлы шауып өтеді.
Сұлуды көріп табан астында ғашық болады. Ұзақ уақыт солардың соңынан андып жүреді. Кенеттен Темір Феррумұлының бір сәтке кетіп қалғанын пайдаланып, сұлуға өзінің жүрек жарды сөзін айтады.
Сезім билеп тасимын
Тасығанда тотығам,
Ғашығым саған асығам.
Сені ойлап тыным болмай,
Жүрегім аттай тулайды,
Теңізге жүзіп екеуміз,
Н2О болып шалқиық
Өзіне солай ант етем,
Қосылып мәнгі бірге өтем.
Сол кезде Темір Феррумұлы қайтып келіп қанды шайқас басталып кетеді. Ғашықтың сөзіне еліккен сұлу шайқастың артын тағатсыз тосады. Міне, қылышымен бір сілтеп, темір Сутектің бір қолын кесіп түсірді. Кесілген қолды қапшыққа салып алып, қансыраған жауын тастап, масайрап шаба жөнелді.
Осыдан бері Сутек І валентті де Темір ІІ және ІІІ валентті. Шайқастың жеңілісіне қарамай, Оттегі Сутегіні қалады. Олар Н2О дан тұрады (картадан көрсетіңіз). Осылардың бәрі олардың жүріп өткен жолдары.
Әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану, оқушыларды мәселелік жағдайға енгізу, жалпы талқылау, топпен бірлесе жұмыс істеу және өз мүмкіндігін ортаға салу, өзін және өзгені бағалай білу дағдысын қалыптастыра отырып белсенді іс әрекетке тәрбиелеуге болады.
Қорытынды: Жаңа технология элементтерін химия сабағында тиімді пайдалана отырып, мынадай жетістіктерге жетуге болады:
1. Оқушының ойлау, елестете алу қабілеттерін қалыптастыру.
2. Ойын жеткізе, талдай білуді үйрету.
3. Дүниетанымын тереңдету.
4. Өмірмен өзіндік ойының байланысын нығайту.
5. Шығармашылық ізденіске жол ашу.
6. Топтағы білім сапасын арттыруға тиімді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Мектептегі технология» республикалық әдістемелік журнал, №4, 20012 жыл
2. «Оқыту- тәрбиелеу технологиясы» республикалық ғылыми- әдістемелік журнал, №4, 2011 жыл
«Голос- Дауыс» журналы

Добавить комментарий