Сабақтың тақырыбы: Гүл оның құрылысы мен маңызы. Дара және қосжарнақты өсімдік гүлдерінің ерекшеліктері.
Мақсаты:
- Білімділігі – гүлдің негізгі құрам бөліктері: тостағанша жапырақшалары мен жыныс мүшелеріне толық сипттама беріп, олардың құрылысымен таныстыру;
- Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік қасиетін, жалпы қоршаған ортаға деген жаңашырлық сезімін дамыту;
- Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Сабақ типі: аралас
Сабақ әдісі: ауызша баяндау, топпен жұмыс
Көрнекілік: слайд, сызбалар, кестелер, бор, қима қағаздар.
Гүл, оның құрылысы мен маңызы. Дара және қосжарнақты өсімдік гүлдерінің ерекшеліктері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
- сәлемдесу
- түгелдеу
Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
І топ тапсырмасы
1.Төменде берілгендердің ішінен тамыр түрлері мен тамыр жүйелеріне
жататындарын ажыратып, тұсындағы санын қоршаудың ішіне жаз.
І. Тамыр түрлері
- Жанама тамыр
- Жемтамыр.
ІІ. Тамыр жүйесі
- Шашақ тамыр
- Түйнек
- Тамырсабақ
- Қосалқы тамыр
- Негізгі тамыр
- Кіндік тамыр
ІІ топ тапсырмасы
- Түрі өзгерген жер асты өркендерге ___________, ________ жатады.
- Тамырға ұқсас қоңырқай, күңгірт түсті болғандықтан ____________ деп атаған
- Тамырсабақтың ұшында ___________ болады.
- Шырынды сабақтар ____________ өсімдіктерінде болады.
- Жер асты пиязшықты өсімдіктерге ___________ жатады.
- Сабақтың түп жағындағы өркеннің ұшындағы бүршік ________
- Жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркен ________
- Түйнектері арқылы көбейтеді ____________
- Ішке күн сәулесін өткізеді ____________
- Өң, тоз, тін қабатынан тұрады ____________
ІІІ топ тапсырмалары
Жапырақ пішіндері
- Бүйрек тәрізді —-
- Қылқанды ———
- Таспа тәрізді —-
- Жүрек тәрізді —-
- Жебе тәрізді——
ІV топ тапсырмалары
- Сабақ қандай қызмет атқарады?
- Сабақтың түрлерін ата?
- Сабақтың ішкі құрылысын сипатта?
- Қабық неше қабаттан тұрады?
- Өзек қандай қызмет атқарады?
Үй тапсырмасын бекіту
«5» алғың келсе ойыны. Топ басшылары бір-біріне сұрақ қояды.
Жаңа сабақ
Гүл — тек жабықтұқымды өсімдіктерде (гүлді өсімдік) ғана пайда болатын өсуі шектелген, түрі өзгерген қысқарған өркен.
Гүл — өсімдіктің көбею мүшесі. Ол бірнеше бөліктерден тұрады
ГҮЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ СЫЗБАСЫ
Күлте
Аналық
Аталық
Тостағанша
Гүлтабан
Гүлсағақ
ГҮЛДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Дара және қосжарнақты гүлдер
Дара жарнақтылардың қос жарнақтылардан айырмашылығы жеміс ұрығындағы тұқым жарнағы біреу ғана болады. Олардың 3 класс тармағы (алисмалар, лалагүлділер, арецидалар), 80-дей тұқымдасқа, 2600-дей туысқа және 60 мыңдай түрге жіктеледі.
Бұлар гүлді өсімдіктердің 25%-ын құрайды. Көпшілігі шөптесін өсімдіктер, негізінен, қоңыржай белдеулердегі шабындықтарда, далалық аймақтар мен саваннада, ал ағаш тәрізділері субтропиктік, тропиктік аймақтарда өседі.
- Алисмалар (Аlіsmatіdae) – суда және батпақта өсетін шөптесін өсімдіктер (сукөрік, кербезгүл,т.б.).
- Апокарпты — гинецейі (аналықтар жиынтығы) тұтаспаған. Тұқымы эндоспермсіз (ұрықтың қоректенуіне қажетті ұлпа).
- Арецидалар (Аrecіdae) – шөптесін немесе ағаш тәрізді өсімдіктер (пальма, аронниктер, т.б.).
Қос жарнақтылармагнолиопсидтер (Magnolіopsіda) – гүлді өсімдіктердің екі класының бірі. Жер шарында (Антарктидадан басқа) құрлықтарда кеңінен таралған. Ағаштар немесе шөптесін өсімдіктер, кейде қайта сүректенген жартылай бұта, бұталар. Құрамында 8 класс тармағы, 429 тұқымдасы, 10 мыңға жуық туысы және 190 мыңнан аса түрі бар. Ұрығы 2, кейде 1 ғана жарнақты, өте сирек 3 – 4 жарнақтылары да кездеседі.
Бекіту тапсырмалары
І топ тапсырмасы: Биологиялық диктант
Тостағанша мен күлтені қосып ………..деп атайды.
Гүлде тостағанша мен күлтенің біреуі ғана болса, ……………, ал екеуі де болса, ……………………. дейді.
Гүлде тек аталық болса, ……….., тек аналық болса………………… деп атайды.
Аналық пен аталық бір өсімдікте орналасса, ………………….., аналығы мен аталығы әр өсімдікте орналасса, ……………….. өсімдіктер деп атайды.
Егер гүлсерігінің пішіні бірдей болса, ……………… (қызғалдақ, алма, т.б.), гүл серіктерінің пішіні ір түрлі болса, ………… деп аталады.
ІІ топ тапсырмасы: Сөзжұмбақ. “Т»
Т» әрпінен басталатын гүлге қатысты сөздерді тауып жазыңдар!
- Гүлдің тостағаншасы мен күлтесінің атауы.
- Гүл бөлімінің жіңішкерген жері.
- Ұсақ гүлдердің топтанып орналасуы.
- Қысқарған сабақтан өсіп шығатын, бір ғана буын аралығынан тұратын, ұшы гүл немесе гүлшоғырмен бітетін сабақша.
- Гүлдің барлық бөлімдері орналасатын орны.
- Ашылмаған бітеугүлдің екінші аты.
ІІІ топ тапсрмасы:
Гүлдің құрылысын реттік сандар бойынша ата?
ІV топ тапсырмалары
Берілген сипаттамалар гүлдің қай бөлігіне тән екенін гүл бөлігінің бас әрпін қойып белгілеңдер (“ГС”-гүлсағақ; “ГТ”-гүлтабан; “Т”-тостағанша;
“К”-күлте; “А”-аталық; “Ж”-аналық).
- Гүлдің дәл ортасында орналасқан.
- Тозаң ұясы бар.
- Гүлсеріктің ішкі бөлігі.
- Үлпекке айналған бөлігі
- Жәндіктер қоректенеді.
- Шірне бөлетін бөлігі.
- Жабысқақ сұйықтық бөледі.
- Ұшы ілмешекке айналған бөлігі.
- Екі қабат қабықшасы бар жасушалар жетіледі.
- Хош иіс шығаратын бөлігі.
- Мойыны бар.
Қорытынды
Бағалау
Үйге §22 оқу
Қызылорда обл.
Қармақшы ауданы
А.Жанпейісов атындағы
№105 орта мектептің
биология пәнінің мұғалімі
Бұхарбаева Үміт