Сабақтың тақырыбы: Онтогенез – организмдердің жеке дамуы
Сабақтың мақсаты:
- А) Онтогенез – организмдердің жеке дамуы екендігін, мүшелердің ұрық жапырақшаларынан қалыптасуын, эмбриондық және постэмбриондық дамуы туралы ғылыми тұрғыдан түсіндіру.
- Б) Оқушылардың ой – өрісін арттыру, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа дағдыландыру, дүниетанымдарын дамыту.
- В) Ұқыптылыққа, әдептілікке, тазалыққа, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, кинофильм, түсті сурет, препараттар, плакаттар, кесте.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, баяндау, талдау, талқылау, салыстыру.
Пәнаралық байланыс: химия, медицина
Сабақтың құрылымы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды топтарға бөлу
- Үй тапсырмасын сұрау
- Сергіту сәті
- Жаңа сабақ
- Пысықтауға арналған сұрақтар
- Қорытындылау
- Бағалау
- Үйге тапсырма
Онтогенез – организмдердің жеке дамуы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
- А) Кезекші есебін талқылау
- Б) Сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Оқушыларды топтарға бөлу
- І топ «Гамета»
- ІІ топ «Зигота»
Топбасшылар топ атауын қорғау
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген тақырып: «Қосарланып ұрықтану»
І топ «Гамета»
- Ұрықтану дегеніміз не?
- Аналық жыныс жасушаларының даму атауы?
- Гүлді өсімдіктерде ұрықтың түзілуі қалай барады?
- Қасарланып ұрықтану дегеніміз не?
ІІ топ «Зигота»
- Жыныс жасушаларында және ұрықтанған жұмыртқа жасушасында хромосома жиынтығы қандай болады?
- Аталық гаметалардың дамуы.
- Эндоспермнің дамуы қалай барады?
- Эндоспермнің триплоидтің табиғатын қай ғалым ашты?
ІV. Сергіту сәті
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында бактериялар туралы «Активие» биі арқылы сергіту сәтін ұйымдастыру.
V. Жаңа сабақ
1. Миға шабуыл
Жаңа сабақ туралы кинофильм көрсету.
Жасуша ұрықтанған сол организмнің жеке дамуы – онтогинезден басталады. Онтогенез екі кезеңге бөлінеді: эмбриондық жән постэмбриондық даму.
- І топ эмбриондық
- ІІ топ постэмбриондық
Екі топ екі кезеңнен ерекшеліктерін талдау үшін тапсырмалар беремін.
І топ «Гамета»
- Эмбриология қандай ғылым?
- Бір қабатты ұрықтың бластуланың түзілуі
- Гаструла. Үш қабатты ұрықтың болуы.
- Нейрула
ІІ топ «Зигота»
- Ұрықтың ұқсастық заңын кім ашты және оның мәні неде?
- Ланцетниктің эмбрион жасушаларын зерттеген ғалым кім?
- Биогенетикалық заңның мәні неде?
- Постэмбриондық даму. Түрленіп дамудың маңызы неде?
VІ. Пысықтау
І. Зертханалық жұмыс. Постэмбриондық даму
Мақсаты: постэмбриондық дамудың ерекшеліктерімен танысу. Постэмбриондық дамудың биологиялық ролін білу.
Құрал – жабдықтар: «Бақаның дамуы» препарат, кесте, суреттер.
«Бунақденелілердің дамуы» туралы кестелер
Жұмыстың барысы: Препараттармен және кестелермен танысып, сұрақтарға
жауап беру.
- Постэмбриондық даму дегеніміз не?
- Толық түрленіп даму дегеніміз не? Мысалдар келтіріңдер.
ІІ. Органогенез – мүшелердің қалыптасуы
Кесте толтыру
ІІІ. Гамета, зигота, бластула, гаструла және нейрула дамудың қай сатысы, суретін салып бейнелеңдер.
VІІ. Қорытындылау
Екі гаметаның қосылунан зигота ұрықтанған жұмыртқа жасушасы пайда болады. Зиготадан эмбрион дамиды. Яғни, жеке ағза дамиды. Жеке ағзаның дамуын онтогенез деп атайды. Онтогенез жасушаның ұрықтануынан бастап тіршілігін жойғанға дейінгі кезеңі.
VІІІ. Бағалау
Сабақ барысында әр топбасшысы қарсы топтың еңбегін жетондар арқылы бағалап отырады.
IX. Үйге тапсырма
«Онтогенез – организмдердің жеке дамуы» тақырыбын оқу. Соңындағы сұрақтарға жауап жазу.
Қуримбаева Қалдығыз Есановна
Оңтүсік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы
«Шұбарсу» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
биология пәні мұғалімі