Өсімдік ұлпалары

Өсімдік ұлпалары

Сабақтың тақырыбы: Өсімдік ұлпалары

Сынып: 6

Сабақтың мақсаты:

  1. Өсімдік ұлпалары туралы ақпарат беру.
  2. Ұлпалардың ерекшелігі жайлы  білуге үйрету.
  3. Топтық өзара жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

  1. Ұлпа және ұлпа түрлері жайлы туралы ақпарат алатын болады.
  2. Ұлпалардың ерекшелігі жайлы біліп үйренеді.
  3. Топтық өзара жұмыс жасай біледі.

Негізгі  идеялар:

Шығу тегі, құрылысы, атқаратын ұқсас жасушалар тобын ұлпа деп атайды. Өсімдіктердің ұлпалар түрлері: жабын, тірек, түзуші, негізгі, өткізгіш.

Тапсырмалар: топтық  жұмыс, жеке жұмыс

Өсімдік ұлпалары

І. Ұйымдастыру
  • Сынып  оқушыларына  жағымды ахуал  туғызу
  • Сынып оқушыларын  топқа  бөлу
ІІ. Үй  тапсырмасын  сұрау

«Миға шабуыл»

  1. Жасушаның құрылысы
  2. Жасуша қабықшасының атқаратын қызметі қандай?
  3. Саңылау дегенді қалай түсінесіңдер, оның қызметі қандай?
  4. Цитоплазманың қасиеті және оны неге тірі зат дейді?
  5. Ядроның цитоплазмаға қарағанда айырмашылығы, және жасушаға не үшін қажет?
  6. Вакуоль қандай қызмет атқарады?
  7. Тек өсімдіктерге тән денешіктерді атап, оның түрлері қайда кездеседі?
  8. Көбеюге қатысатын органоид?
  9. Жасуша бөліктерін зақымданудан қорғайтын органоид?
  10. Жасушада жүретін барлық тіршілік әрекеттеріне қатысатын органоид не деп аталады
III. Жаңа сабақ

Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобын ұлпа дейді. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ұлпаларынан мүшелер, ал мүшелерден ағза түзіледі:

ЖАСУШАЛАР ТОБЫ —  ҰЛПА —  МҮШЕ  —  АҒЗА

Өсімдіктердегі ұлпалардың түрлері: түзуші, жабын, негізгі (қоректік және фотосинтездеуші), тірек, өткізгіш және бөліп шығарушы.

  1. Түзуші ұлпа (меристема, грекше «меристос» — бөлінетін, бөлуші) барлық ұлпалардан бұрын түзіледі. Сабақтың, тамырдың ең ұшына орналасқан түзуші ұлпа жасушалары ерекше болады: өте ұсақ, қабықшасы жұқа, вакуольдері де ұсақ, ядросы жасушаның дәл ортасына орналасады. Ұдайы бөлінуге қабілетті, бір-бірімен тығыз жанасқан тірі жасушалардан тұрады.
  2. Жабын ұлпа өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайды. Жабын ұлпа өң, тоз, қыртыс деп бөлінеді.
  3. Негізгі ұлпа – өсімдіктердің барлық мүшелерінде кездесетіндіктен негізгі ұлпа деп аталады. Барлық ұлпалардың ішінде де болады. Жасушалары тірі, пішіндері атқаратын қызметіне қарай домалақ, цилиндр, эллипс тәрізді әр түрлі. Жасуша қабықшасы жұқа, цитоплазмасы қабықшаны астарлай орналасады. Жасушааралық кеңістіктері өте кең болады. Атқаратын қызметіне байланысты негізгі ұлпалар – фотосинтездеуші, қор жинаушы, су жинаушы, ауа жинаушы деп бөлінеді.
  4. Тірек ұлпасы жасушаларының қабығы қалың, қатты, өсімдіктің сабақтарында, жапырақтарында, жемістерінде болады. Сабаққа, жапырақ сабағына, жүйкелеріне беріктік қасиет беріп, тірек қызметін атқарады. Нәзік сабақтар қатты дауыл соқса да сынбайды. Тақтасы үлкен жапырақтардың қатты желге жыртылмай, керіліп, сабақтан үзіліп кетпеуі тірек ұлпасына байланысты. Алмұрт, шетен, беже (айва) жемістерінің жұмсақ етіндегі қатты қиыршық жасушалар – тірек ұлпа.
IV. Бекіту

Сәйкестендіру кестесі

Добавить комментарий