Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы. Тозаңданудың түрлері.
Мақсаты:
- а) Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы туралы түсінік беру.
- ә) Оқушылардың білік-білім дағдыларын дамыту.
- б) Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Типі: Түсіндірмелі
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
К/к: слайд, сурет, кесте, тапсырмалар.
Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы. Тозаңданудың түрлері.
І. Ұйымдастыру кезеңі
- А) Сәлемдесу
- Ә) Түгелдеу
ІІ. Үй тапсырмасы
І-қатар:
Төменде аталған өсімдіктердің гүлшоғырларын ажыратып, тұсындағы санын әр гүлшоғырдың тор көздеріне жазыңдар.
ІІ-қатар:
- Гүлшоғыр дегеніміз —
- Жай гүлшоғыр дегенміз —
- Күрделі гүлшоғыр дегеніміз —
ІІІ-қатар:
Суретпен жұмыс. Жай гүлшоғырларды берілген суреттер бойынша ажыратыңыз.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
Гүлшоғырлардың биологиялық маңызы неде?
ІV. Жаңа сабақ
Жынысты көбею – аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері – аталық пен аналық.
Тозаңдану – аталық тозаңының аналықтың аузына түсуі. Тозаңдану өздігінен және айқас тозаңдану деп екіге бөлінеді.
Өздігінен тозаңдану – бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына (қос жынысты гүл) түсуі. Өздігінен тозаңданатын өсімдіктер гүл жарған кезде және гүл жармай (бітеу гүлде) тұрғанда тозаңданып үлгереді. Мысалы, жер жаңғағы (арахис), шегіргүл, саумалдық, бетеге, тары өсімдіктерінің гүлдері ашылмай тұрып тозаңданады.
Айқас тозаңдану – бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі. Айқас тозаңдануды – бунақденелілер арқылы және жел арқылы айқас тозаңдану деп екіге бөледі.
Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің гүлдері ашық реңді, хош иісті, тозаңдары өте ірі және тәтті шірне бөледі.
Қорегін іздеп, бір гүлден екінші гүлге қонғанда денесіне тозаңдар жабысады. Екінші гүлге қонғанда жабысқан тозаңдар аналықтың аузында қалып, тозаңдануға себепші болады.
Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер: шие, алхоры, алма ағаштары, лимон, шай, асқабақ.
Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің тозаңдары өте майда, жеңіл, көп болады. Гүлдің аталықтарының жіпшелері өте ұзын әрі төмен қарай иіліп тұрады. Соққан желге тербеліп, тозаңдарының таралуына бейімделген. Аналығының аузы қауырсын тәрізді үлпілдеп, тозаңды тез қабылдауға лайықтанған.
Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер: қант қызылшасы, құлмақ, қарасора, жүгері, қарабидай, қайың, емен. Тозаңдануы ауа райына байланысты. Бұлтты, жаңбырлы күнде жаңбыр суы тозаңдарды шайып, өсімдік түсімін кемітеді.
Ұрықтану – аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Ұрықтану тозаңданудан кейін болады.
V. Бекіту. Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Бунақденелілермен және желмен тозаңданатын өсімдіктердің гүлдерін салыстыру.
VІ. Қорытынды
Бекіту тапсырмалары
Сұрақ-жауап
- Жынысты көбеюге гүлдің қандай бөлімдері қатысады?
- Бунақденелілермен тозаңданатын өсімдіктердің ерекшелігі қандай?
- Ұрықтану қай кезде жүреді?
Сөйлемді аяқта…
- Жынысты көбею….
- Тозаңдану……
- Айқас тозаңдану…….
- Ұрытану……
Берілген сипаттамалардан тозаңданудың түрлерін анықтаңдар
- Тозаңдары майда
- Бітеут гүлдің тозаңдануы
- Гүлі ашық реңді
- Аталық жіпшесі ұзын,тербеліп тұрады
- Шірнеліктері бар.
- Тозаңдану бір гүлдің ішінде болады.
- Аналығының аузы үлпек қауырсынды
- Гүлдері хош иісті.
- Тозаңдары ір
VІІ. Үйге тапсырма беру
§ 25
VІІІ. Бағалау
Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы. Тозаңданудың түрлері.
Қызылорда обл., Қармақшы ауданы
А. Жанпейісов атындағы
№105 орта мектебініің
биология пәнінің мұғалімі
Бұхарбаева Үміт