Сабақтың тақырыбы: Жемістер
Сабақтың мақсаты:
- а) жемістердің құрылысын, олардың бір – бірінен ерекшеліктерін ажырата білу;
- ә) жемістердің көптүрлілігін, кездесетін жерлерін және пайдасы туралы бұрыннан білетін білімдерін жетілдіру;
- б) оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа, сауаттылыққа, салауатты өмір салтына және табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: жеке, топтық жұмыс, миға шабуыл, деңгейлік тапсырма, мағынаны тану бөлімі, ойтолғаныс бөлімі, сәйкестік тест, семантикалық карта, логикалық-танымдық тапсырмалар берілді.
Жаңа технология: СТО
Жемістер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Сынып “Гүл”, “Сабақ” және “Жапырақ” деген үш топқа бөлінеді.
Миға шабуыл.
I-тапсырма. Өсімдіктердің жыныстық көбеюі. Тозаңдану мен ұрықтану
І — деңгей. «Кім жылдам»
“Гүл” тобы
- Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы.
- Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері.
- Қосарлы ұрықтануды ашқан ғалым.
- Жай жапырақтың тақта саны.
- Белгілі ретпен орналасқан ұсақ гүлдер тобы, түрлері.
“Жапырақ” тобы
- Аталық тозаңының аналықтың аузына түсуі.
- Ұрықтанған соң түқым бүршігінен дамиды.
- Бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі.
- Күн энергиясының қатысуымен болатын құбылыс.
- Аналықтың тозаңды қабылдайтын бөлігі.
“Сабақ” тобы
- Бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына түсуі.
- Ұрықтанған соң жатыннан дамиды.
- Жыныс мүшелері бар,бұтақтанбайтын түрі өзгерген, қысқарған өркен.
- Аналықтың ең жуан жері.
- Тозаңдану түрлері.
ІІ — деңгей. Кесте толтыру
Тізімдегі өсімдіктерді тозаңдану жолдарына байланысты топтастырып, кестеге толтыр
Өздігіне тозаңданатын өсімдіктер | Айқас тозаңданатын өсімдіктер |
- Жер жаңғағы
- Қарабидай
- Шегіргүл
- Шие
- Саумалдақ
- Қызғалдақ
- Бетеге
- Тары
- Орман жаңғағы
- Қалақай
ІІІ — деңгей
Желмен айқас тозаңданатын өсімдіктердің ерекшеліктері | Жәндіктермен айқас тозаңданатын өсімдіктердің ерекшеліктері |
- Тозаңдары құрғақ, майда, жеңіл, өте көп.
- Гүл күлтелері ашық реңді.
- Аталық жіпшелері ұзын, төмен қарай иіліп сәл ғана қимылға тербеліп тұрады.
- Гүлдері аңқыған хош иісті.
- Гүлдері реңсіз.
- Тозаңдары ірі.
- Гүлдерінде иіс болмайды.
- Гүлінде шірнеліктері болмайды.
- Тозаңы құрғақ,ұсақ.
- Гүлінде шірнеліктерінен тәтті шірне бөлінеді.
ІІ- тапсырма. «Биологиялық пошта» ойыны
І топ
Гүлге тән белгілерді жинаңыз.
ІІ топ
Жапыраққа тән белгілерді жинаңыз.
ІІІ топ
Сабаққа тән белгілерді жинаңыздар.
- Жіпше мен тозаңқаптан тұрады.
- Жер асты және жер үсті мүшелерін жалғастырады.
- Жай шатырлы өсімдік.
- Газ алмасу,су буландыру жасушалары болады.
- Сыртқы және ішкі қабықшасы бар жасуша.
- Буын және буын аралығы болады.
- Бүкіл тірі ағзаларға керекті қоректік зат түзіледі.
- Өркеннің орталық тірек бөлімі.
- Бағаналы және борпылдақ жасушалары бар.
II. Қызығушылықты ояту
Жемістердің пайдасын білеміз бе?
Жемістер — өсімдіктер гүлдеп болғаннан кейін ұрықтанған аналық жатынының жеміске айналуы.
Жемістер:
- Құрғақ жемістер
- Шырынды жемістер
Қабақ — қабығы қалың, көптұқымды жеміс. Тұқымдары ішіндегі талшықты қабатында орналасқан. Асқабақ, қауын, қияр.
Алма жеміс — көп ұялы, ішкі бөлігі қатты, әр ұяда 2 тұқымнан болады. Сыртқы қабаты шырынды. Алма, алмұрт, шетен жидегі (рябина)
Сүйекті жемістердің құрғақ түрі: кокос, грек жаңғағы, миндаль-бадам
Бұршаққап — құрғақ, көптұқымды, тұқымдары жеміс жақтауының жиегіне бекиді. Асбұршақ (горох), бөрібұршақ (люпин), үрмебұршақ (фасоль), бұршаққын — қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа пердесі бар, тұқымдары пердеге бекінеді. Орамжапырақ, шалқам, шомыр.
Қауашақ — құрғақ, көп тұқымды, қақырайтын жеміс. Көкнәр, сасық меңдуана (дурман), мақта, меңдуана, қызғалдақ.
Қанатты жеміс — жеміс серігінің біраз бөлігі жұқарып, қанатқа айналған. Жел арқылы таралады.
Дәнек — тұқымы жеміс серігімен тұтасып бірігіп кеткен. Бидай, жүгері, арпа.
Тұқымша — жеміс серігі жеміс тұқымымен бірікпеген.
Жаңғақ — тұқымдары жеміс серігімен бірікпеген, бос жатады, бірақ жеміс серігі қатайып, ағаштанған.
Көп сүйекті жинақталған жемістер: тұт ағашы, бүлдірген, таңқурай.
Біріккен жемістер — гүлшоғырлардан түзіледі. Ананас, інжір.
Жемістер әлеміндегі ғажайыптарды білесің бе?
Діңде өсетін жеміс – жаботикаба немесе бразилия жүзімі. Жемісі ағаш діңінде өсетін мәңгі жасыл өсімдік. Гүлі ақ түсті жеміс қабығы қалың, хош иісті, жылтыр, тәтті, дәмді, диаметрі 3-4 см, жүзімге ұқсас, әр жемісінде 1-4 дейін тұқымдары болады.
Дуриан – жемісі әлемдегі ең қауіпті жеміс. Себебі, 1 см тікенектері бар 25 сантиметрлік 4 кг шар тәрізді жеміс адам басына құласа не болар еді? Сонымен қатар әлемдегі бұл жеміс үшін адамдар өз өмірін құрбан ететін жеміс болып саналады. Биік, жуан ағаш, тамыры тақтай сияқты. Жемісінің иісі алғашында жағымсыз. Пісер кезінде иісімен жабайы жануарларды еліктіреді. Ең жақсыларын пілдер, қалғаны жолбарыс, қабан, бұғы, мүйізтұмсыққа, тапир, маймылдарға азық. Малай халықтары ағаштар арасына жануарлар жете алмайтындай етіп көпірлер салып жемістерді жинап алады. Жемістердің мөлшері үлкен жұмыртқа тәрізді 3-4 кг болады. Дәмі өте тамаша бұл жемісті бір рет жесең өзіңді тоқтата алмайсың.
Ғажайып жемістер – папайя, фикус, джекфрут, нан ағашы
III. Ой толғаныс. Талдану жүйесі
I-тапсырма. Өсімдіктер мен жемістер арасындағы сәйкестікті стрелка арқылы қос.
- Күріш
- Шие
- Қызанақ
- Күнбағыс
- Бұршақ
- Орамжапырақ
- Меңдуана
- А. Сүйекті шырынды
- Ә. Жидек
- Б. Дәнек
- В. Бұршаққын
- Г. Тұқымша
- Ғ. Қауашақ
- Е. Бұршаққап
II-тапсырма. Семантикалық карта.
Суретте қауын, қызанақ, қияр, асбұршақ, бидай, көкнәр, күнбағыс, қырыққабат, жүгері, шие, таңқурай, емен жаңғағы, картоп жемістері берілген.
Жемістердің қайсысы шырынды, қайсысы құрғақ екендігін кестеге толтыр
Шырынды жемістер Құрғақ жемістер
Логикалық — танымдық тапсырмалар
- Жүгері, тары, арпа жемісі: а) тұқымша; ә) дәнек; б) қауашақ
- Сүйекті шырынды жеміс: а) кокос; ә) өрік; б) құлпынай
- Қырыққабат жемісі: а) бұршаққын; ә) бұршаққап; б) қауашақ
- Помаренец гесперидий тобына жататын жидек тәрізді жеміс: а) апельсин; ә) қауын; б) қияр
- Жинақталған жеміс: а) құлпынай; ә) қарбыз; б) алма
- Алма жемісінің пайдалы болу себебі: а) қол жетімді бағамен сатылады; ә) дәрі-дәрмек есебінде қолданады; б) құрамында дәрумендік заттар көп болғандықтан емдік қасиеті бар; в) тек қызыл алмалар пайдалы
- Дуриан – жемісі әлемдегі ең қауіпті жеміс. Себебі: а) 1 см тікенектері бар 25 сантиметрлік 4 кг шар тәрізді жеміс адам басына құласа қауіпті; ә) 1 см тікенектері бар 25 сантиметрлік 4 кг шар тәрізді жеміс адам басына құласа ешқандай қаупі жоқ; б) жемістері өте улы; в) жемістері өте ұсақ қауіпсіз
1.ә; 2. ә; 3.ә; 4.а; 5.а; 6.б; 7.а.
Қолдану жүйесі. Проблемалық жағдайды шешу
Алманың емдік қасиеті
Алма ішектегі инфекцияны болдырмайды. Алма тісті ағартады. Жатар алдында күнде бір алмадан жеу керек. Кепкен алма қайнатпасын қыста ішкенде адам тұмау және бас ауруынан сақтанады.
Сұрақ: Алма қандай жеміс? Жемістердің түрлерін қалай ажыратамыз? Неліктен алманы кескен кезде немесе соғып алған кезде қараяды, ал лимон қараймайды?
№14 зертханалық жұмыс.
Шырынды және құрғақ жемістермен танысу. Бұл зертханалық жұмысты орындату арқылы оқушы қызығушылығы артады, шығармашылық ойлары дамиды.
Алманы кесу арқылы шырынды жеміс екеніне көз жеткізе отырып, кескен кезде қараятынын білді, ал лимонның қараймайтыны туралы ізденіп, толық жауап беруге тырысты.
Көптеген жемістер мен көкөністер кескен кезде түсін өзгертеді, ал цитрус тұқымдастар өзгертпейді. Бұл құбылысты американдық биохимик Альберт Сент-Дьерди (1893-1986) дәлеледеп берді. Көп жылдық тәжірибеден кейін лимонның құрамындағы аскорбин қышқылының биохимиялық тотығуын ашып, сол үшін 1937 жылы Нобель сыйлығын алды. Мысалы алманы кескен немесе түсіріп алған кезде оның жасушалары бұзылып оттегімен реакцияға түседі, тотығу кезінде кесілген жер қоңыр түске еніп, біртіндеп қарайып кетеді.
Ал цитрус тұқымдастары қараймау себебі құрамында аскорбин қышқылы көп болады. Аскорбин қышқылы мықты антиоксидант; яғни, оттегімен оңай қосылып, басқа заттардың тотығуына жол бермейді. Альберт Сент-Дьердидің арқасында алма, алмұрт, картоптың ашық түстерінің қалай сақтауға болатынын білдік. Алма, алмұрт, картоп, көкөністерге лимон шырынын шашқан кезде қараймайды. Себебі лимон шырынының құрамындағы аскорбин оттегі молекуласын өзіне тартып алып, басқа заттармен әрекеттесуіне жол бермейді.
IV. Үйге тапсырма
§26. Жемістер.
Эссе жазу