Сабақ тақырыбы: Жүрек қан тамырлар жүйесі
Мақсаты:
- Білімділік: Оқушылардың қанайналым мүшелері, жүректің жұмыс істеу кезеңдері, үзіліс, жүрек автоматизмы туралы алған білімдерін қайталау, бекіту және тексеру.
- Дамытушылық: Ағзадағы қан айналу жүйесімен биологиялық заңдылықтарды өмірімен байланыстыра отырып, оқушылардың танымдық ой өрісін, іс-әрекетін дарындылық қабілетін дамыту.
- Тәрбиелік: Оқушылардың диалектикалық материалистік көзқарастарын қалыптастыру. Өз бетінше ойлануға тәрбиелеу. Санитарлық-гигиеналық дағдыларын, салауатты өмір сүру әдеттерін тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білім тексеру сабағы
Түрі: Жарыс сабақ
Әдістері: СТО элементтерін пайдалану, демонстрациялау, тест, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Техникалық құралдар, компьютер, проектор, кестелер
Жүрек қан тамырлар жүйесі
Сабақтың барысы:
І. Ой қозғау
Нені білеміз?
Миға шабуыл
- Адам денесінде неше литр қан бар?
- Қанның формалық элементтерін ата?
- Гемофилия қандай ауру?
- Қанайналу арқылы қандай қызмет жүзеге асады?
- Қанның негізгі мүшесі?
- Капиллярлар дегеніміз не?
- Жүрек неше бөлікті?
- Жүрек автоматизмі дегеніміз не?
- Артериялық қысым дегеніміз не?
- Тамырдың соғуы дегеніміз не?
- Қан қанша уақытта қан айналымның екі шеңберін ағып өтеді?
- Қан айналудың орталық мүшесі?
Жасырын терминдер
- Эритроциттер
- Гематолог
- Гипертония
- Агглютинация
- Тромбоциттер
- Анемия
- Кардиолог
- Иммунология
- У. Гервей
ІІ. Іздену
Нені білгіміз келеді?
Биологиялық диктант
- Жүректі дәнекер ұлпасынан тұратын …… қаптап тұрады.
- Жүрек клеткаларындағы …… организмнің белсенді жағдайына байланысты.
- Жүрек жұмысын …… әдісімен зерттейді.
- Құлақша мен қарынша арасындағы ашылып-жабылып тұратын арнайы бөлім ……. деп аталады.
- Ересек адамның жүрегі минутына ……. рет жиырылып, босаңсиды.
- Жүрек жүйке сияқты …….. көп мөлшерде қажет етеді.
Жүрек туралы не білеміз?
Әр топ өзінің зерттейтін ауруларына сипаттама береді.
- Кардиологтар тобы
- Терапевттер тобы
- Гематологтар тобы
Кардиологтар тобы
Жүректің жалпы құрылысы
Жүрек аурулары — жүрек қызметін бұзатын жүрек пен одан шығатын қантамыры құрылысындағы ақаулар. Жүрек инфарктісі — жүрек бұлшық бұлшықетінің жансыздануы әсерінен болатын жүрек жұмысының бұзылуы.
Алдын алу шаралары
- Жеке бас гигиенасы, күн тәртібін сақтау
- Тиімді тамақтану
- Зиянды әдеттерден аулақ болу
- Денені шынықтыру. Шынықпаған ағза әлсіз тез шаршайды.
- Көбірек қозғалу. Қозғалыстың негізі — бұлшықеттердің жиырылуы.
- Жүрек кемістігі — жүрек қақпақшаларының зақымдануынан болады. Туа пайда болған, жүре пайда болған.
Терапевтер тобы
Қан қысымының өзгеруінен болатын аурулар. Гипертония — қан қысымы жоғарылағанда болады. Қан қысымы төмен ауру — гипотония. Тонометрмен таныстырады.
Гематологтар тобы
- Анемия — қан аздық
- Ақ қандылық — лейкемия — лейкоциттердің тез көбейіп қан ағымын толтырып жіберуі.
- Гемофилия — қан тоқтамайтын ауру.
Қан кету түрлері:
- Артериялық қан кету — алқызыл түсті қан атқылап ағады.
- Веноздық қан кету — қою қызыл түсті қан.
- Капиллярлық қан кету — жарақаттан қан тамшылары бөлінеді.
- Артерияның қан кетуді тоқтату әдісі, жгут салу.
Тест тапсырмалары
1. Жүрек жұмысы неше кезеңнен тұрады?
- А) 4
- Ә) 5
- Б) 3
- В) 2
2. Қылтамырда қан қандай қысыммен ағады?
- А) төмен
- Ә) жоғары
- Б) шамалы
3. Жүректің соғуын жиілететін гормон?
- А) адреналин
- Ә) инсулин
- Б) ацетилхолин
4. Жүрек дәрігері
- А) эндокринолог
- Ә) кардиолог
- Б) иммунолог
- В) дальтоник
5. Жүректің ортаңғы қабаты
- А) миокард
- Ә) эпикард
- Б) эндокард
6. Қанның дұрыс ұюына әсер ететін дәрумен
- А) Д
- Ә) А
- Б) К
- В) В12
7. Қан беруші адам
- А) реципиент
- Ә) донор
- Б) гемотолог
8. Ересек адамның жүрегінің салмағы
- А) 100 г
- Ә) 200 г
- Б) 300 г
- В) 400 г
9. Эритроциттер қайда түзіледі?
- А) өтте
- Ә) өкпеде
- Б) сүйек кемігінде
10. Жүректің бірінші қабаты
- А) миокард
- Ә) эпикард
- Б) эндокард
11. Эритроциттер қандай қызмет атқарады?
- А) қорғаныштық
- Ә) тасымалдау
- Б) фагоцитоз
12. Жүректе қандай бұлшық еттер бар?
- А) көлденең жолақты
- Ә) бірыңғай салалы
- Б) көлденең салалы
13. Жүректің жұмысы қалай реттеледі?
- А) санамен
- Ә) гуморальдық
- Б) рефлекспен
14. Адамның жүрегі неше бөліктен тұрады?
- А) 2
- Ә) 5
- Б) 3
- В) 4
15. Қанайналымның маңызы қандай?
- А) оттегіні тасымалдау
- Ә) СО2 тасу
- Б) гормондарды жеткізу
16. Лимфа түтіктері қайда тұрады?
- А) оң жақ жүрекшеге
- Ә) қолқаға
- Б) қуыс көктамырларға
17. Дене жасушалары қантамырлармен қалай жалғасады?
- А) лимфамен
- Ә) ұлпа сұйықтығымен
- Б) қан плазмасымен
18. Салатамырға тән қасиет
- А) қабырғасы қалың
- Ә) қабырғасы жұқа
- Б) қысымы төмен
19. Оттек жеткіліксіз болса қандай құбылыс байқалады?
- А) организмде энергия қоры мол болады
- Ә) миокард инфарктісі болуы мүмкін
- Б) ондай адамдар баяу қимылдайды
20. Жүрек клеткаларында митохондрия саны көп болса адамдар қандай күйде болады?
- А) іс-қимылы жылдам, ойы жүйрік
- Ә) көп жата беретін болады
- Б) халі нашарлап ауру пайда болуы мүмкін
Тест жауаптары
- Б 11. Ә
- Б 12. А
- А 13. Ә
- Ә 14. В
- А 15. А
- Б 16. А
- Ә 17. Ә
- Б 18. А
- Б 19. Ә
- Ә 20. А
ІІІ. Ой қорыту
Сәйкестігін анықта
- Қанайналымның кіші шеңбері
- Қанайналымның үлкен шеңбері
- Сол жақ жүрекше;
- Сол жақ қарынша;
- Оң жақ жүрекше;
- Дене жасушалары;
- Өкпеге қан таратады;
- Өкпелік шеңбер;
- Денелік шеңбер;
- Оң жақ қарынша;
ІV. Ой дамыту
Шығармашылық жұмыс
Сурет салу, шығарма жазу, өлең шығару.
V. Қорытынды
Бағалау