Сабақтың тақырыбы: Жүрек және қан тамырлар жүйесінің аурулары.
Сынып: 8
Сабақ негізделген оқу мақсаты:
Жүрек және қан тамырлар жүйесінің ауруларының түрлерімен таныстыру, қан кеткенде алғашқы көмекті ұйымдастыруды үйрету.
Сабақ мақсаттары:
- Барлық оқушылар: Жүрек және қан тамырлар жүйесінің аурулары түрлерін біледі, қан кету түрлері кезінде көрсетілетін алғашқы көмек түрлерін анықтайды
- Кейбір оқушылар: Шығармашылық жұмыстарды орындай алады
- Оқушылардың басым бөлігі: Қан кету түрлері кезінде көрсетілетін алғашқы көмек түрлерін ұйымдастыра алады.
Тілдік мақсат:
- Оқушылар: теориялық білім, практикалық тәжірибе, өмірде ұстанатын құндылықтарды еркін түрде меңгереді және қолдану дағдылары қалыптасады
- Негізгі сөздер мен тіркестер: гипертензия, гипотония, миға қан құйылу, туа пайда болған және жүре пайда болған жүрек кемістігі, вена қантамырларының кеңеюі, қаназдық (анемия), инсульт, инфаркт
- Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: гипертензия, гипотония, миға қан құйылу, туа пайда болған және жүре пайда болған жүрек кемістігі, вена қантамырларының кеңеюі, қаназдық (анемия), инсульт, инфаркт
Талқылауға арналған тармақтар:
- Жүрек және қан тамырлар жүйесінің аурулары
- Олардың пайда болуы мен алдын алу жолдары
- Қан кету түрлері кезінде көрсетілетін алғашқы көмек
- Сіз неліктен жүрек және қан тамырлары ауруларының қауіпті екенін айта аласыз ба?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Жүрек және қан тамырлары ауруларының түрлерін сипаттау, ажырата білу
Алдыңғы тақырып:
Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері. Жеке, ауызша тапсырмалар орындау
Жүрек және қан тамырлар жүйесінің аурулары
Сабақтың барысы:
I. Кіріспе
Амандасу, түгендеу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.
«Бүгінгі күніміз шаттыққа толсын»
II. Білу
Қайталау арқылы мәліметтер-дің есте қалай сақталға-нын тексеру
«Идеал» тапсырма
Оқушылар өзіне ұнаған тапсырманы таңдап, ойлана отырып жауап береді. Жауап берген оқушылар смайликтер арқылы формативті бағаланады
Үй тапсырмасы бойынша тапсырмалар:
- Қан айналым шеңбері нешеге бөлінеді?
- Үлкен қан айналым шеңбері дегеніміз не?
- Тамыр соғуы деген не? Оны қайдан білуге болады?
- Қан қысымын қандай құралмен, қай жерден өлшейді?
- Кіші қан айналым шеңберінің басталуы мен аяқталу жолын сызбанұсқа ретінде көрсет
- Вена қаны қай мүшеде оттегіге қанығады?
- Досыңның кәрі жілік артериясынан 1 минуттағы тамыр соғысын анықта
- Досыңның қан қысымын өлше немесе қан қысымын өлшейтін құралдың құрылымын сипатта.
- Қан қысымын өлшейтін құрал не деп аталады және оның құрылымдарын сипатта
- Кіші қан айналым шеңберінің өкпе артериясында қандай қан ағады?
- Кіші қан айналым шеңберінің өкпе венасында қандай қан ағады?
- Жүрек жиырылғанда қысым қандай болады? Оны не деп атайды?
- Жүрек босаңсығанда қысым қандай болады? Оны не деп атайды?
- Оттегіге қаныққан қан болатын қан тамырын ата.
- Жүрек-қантамырлар жүйесінің жалпы ұзындығын білесің бе?
III. Түсіну
Негізгі идеяны келтіру, маңызды нәрселерді қосалқылардан бөлу, қорытынды жасау
«Рөлдік ойын» әдісі
- Қан қысымы аурулары
- Жүрек аурулары
- Қан аурулары
Видеолар көрсету. Атересклероз, жүрек ишемиясы, жүрек ишемиясын туғызатын факторлар
Жаңа сабақты зер салып оқиды, мазмұнын түсіндіреді.
«Басбармақ» стратегиясы арқылы топтар өзара бағалау жүргізеді.
IV. Қолдану
Мәліметті іс жүзінде қолдану, жүзеге асыру. Оқушы білім нақты әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.
Қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы көмекті ұйымдастыру.
Нұсқау бойынша:
- 1 топ: Қан тамырларынан қан кеткенде көрсетілетін көмек
- 2 топ: Мұрыннан қан кету кезінде
- 3 топ: Ішкі мүшелерге қан кету кезінде
Қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы көмекті ұйымдастырады.
«Басбармақ» стратегиясы арқылы өз-өзін бағалау жүреді.
V. Талдау
Мәліметті терең өңдеу, тақырыпты игерту
«Медициналық картаны толтыру»
- Артерия қан тамырларында қан қысымы жоғарыласа бұл …………………………… деп аталады.
- Қол-аяқ әлсізденіп, сал болып, қан қысымының төмен болуы …………….. деп аталады.
- …….. қан тамырының кеңейген жерлерінде қанның ұюы сыртынан түйін болып байқалады.
- ……………… ………….. жүрек қақпақшаларының зақымдануынан болады.
- Жүректің бір бөлігінің жансыздануы ……………… деп аталады.
- ……………… қанда эритроциттер санының азайып, гемоглобиннің кемуінен болады.
- …………………… лейкоциттер тез көбейіп, қан ағынын толтырып жіберуден пайда болады.
- ……… әсерінен тромб пайда болып, тамыр өткізгіштігі нашарлайды.
- …… әсерінен қан тамырларының қабырғаларының серпімділігін жоғалтып, жүрек жұмысы нашарлайды.
Оқушылар тапсырманы жеке орындайды, ұсынылған критерий бойынша өзін-өзі бағалайды.
Дұрыс жауап | Баға |
9 | 5 |
6-8 | 4 |
4-5 | 3 |
VI. Жинақтау
Бұл деңгейде болжау, шарттылық, мүмкіндік ұғымдарын қолданады. Тапсырма жазбаша түрде жүзеге асырылады.
- Эссе
- Суреттік тест
- Ақпараттық хат дайындау (4 сурет тапсырмасы бойынша)
VII. Бағалау
Күманды, даулы мәселелер бойынша шешім қабылдайды, Нанымды дәлелдер арқылы айғақтау.
«Екі шындық, бір жалған» жаттығуы
Үйге тапсырма: §36
Жүрекке жағымды әсер ететін тағамдар мен жаттығулар. Ақпараттық хатты презентация түрінде дайындап келу.
VIII. Рефлексия
- Басың арқылы нені меңгердің?
- Жүрегің арқылы не сезіндің?
- Қолыңмен бүгінгі сабақта не жасадың?
IX. Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?
- Білу сатысында «Идеал» тапсырма әр оқушыға берілген кезде барлық оқушылардың орындап шыққаны, тонометрмен жұмыс жасай білуі мені қуантты.
- «Рөлдік ойын» әдісін түсіну бөліміне қолданғаным тиімді болды. Бұл ойынға үлгерімі орташа оқушы шығып қатысып, сұрақтар қойып жақсы қатысты және рефлексия кезінде өз ойын айтып жеткізе білді.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алатын еді (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?
- Қан кету кезінде көмек көрсету туралы видеоматериалдарды қолданғанда жақсы болар еді.
- Дарынды оқушыларға мамандыққа бағадарлайтын тапсырмаларды ұйымдастырсам, мысалы: «Егер мен дәрігер болсам»
Мен сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектесетіндей сынып немесе белгілі бір оқушылар туралы не білдім?
Тонометрмен, жгутпен жұмыс жасауға епті, батыл оқушыларды байқадым. Жазатайым оқиға кезінде кез-келген адам алғашқы көмекті көрсете алмайтынын Марат Назымгүл деген оқушы өз пікірімен жеткізе алды.