Жүректің құрылысы, жұмысы және оның реттелуі

Жүректің құрылысы, жұмысы және оның реттелуі

Сабақтың тақырыбы: Жүректің құрылысы, жұмысы және оның реттелуі

Сынып: 8

Мақсаты: Жүректің құрылысын, қызметін, жүрек жұмысының маңызы туралы түсінік беру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Күтілетін нәтижелер: 

  • Жүректің құрылысын біледі
  • Жүректің жұмысын анықтайды
  • Жүрек жұмысының кезеңдерін ажыратады

Түйінді идея: Жүректің құрылысын, қызметін, жүректің жұмысын меңгерту

Керекті жабдықтар: Жүректің  макеті, кестелер, бағалау парақтары.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Блум таксономиясы, жеке, диалогтік оқытудағы топтық әңгіме, «Мұғалім-оқушы», «Екі шындық, бір жалған» әдісі. «Басбармақ» стратегиясы арқылы өз-өзін  бағалау

Жүректің құрылысы, жұмысы және оның реттелуі

Сабақ барысы:

I. Кіріспе

Мұғалім әрекеті:

  1. Тұлғааралық байланысты орнату.
  2. Сыныппен амандасу.
  3. «Амандасу түрлері» техникасы бойынша жұптарға бөлу.

Қазір бүгінгі сабақта жақсы көңіл күймен бастау үшін барлығыңызды ортаға шақырып, амандасу түрлері бойынша жұптарды анықтап алсақ. Ортада қозғалыста жүретін боламыз. Ең алдымен бір-бірімізбен бас арқылы, содан соң қол арқылы, арқамен амандасамыз. Нұсқау берілген кезде амандасудың келесі түріне көшесіз.

  • — Басымыз арқылы амандасайық, ойымыз бір жерден шықсын;
  • — Арқамыз арқылы амандасайық, бір-бірімізге қолдау, көмек көрсетейік;
  • — Қолымызбен амандасайық, бір-бірімізге жылу беріп жүрейік.

Оқушы әрекеті:

  • мұғаліммен сәлемдесу;
  • кезекшілік қызметін атқару;
  • сабаққа зер салу

Оқушылар алдағы бірлескен жұмысқа әзірленеді және сәйкес жағдайға икемделеді.

II. Білу

Қайталау арқылы мәліметтердіңесте қалай сақталғанын тексеру

Мұғалім әрекеті:

Үй тапсырмасы бойынша оқулықтан «Организмнің  ішкі ортасы» тарауын қорытындылауға арналған сұрақтарды талдау

Миға шабуыл

Еш нәрсеге бағынбай, дамылсыз жұмыс жасайтын мүше (жүрек)

Оқушының жауаптарына қарай мадақтап, ынталандырып отырамын.

Оқушы әрекеті:

Ойлана отырып жауап береді.

Жауап берген оқушылар смайликтер арқылы формативті бағаланады

III. Түсіну

Негізгі идеяны келтіру, маңызды нәрселерді қосалқылардан бөлу, қорытынды жасау

Мұғалім әрекеті:

«Мұғалім — оқушы» әдісі бойынша берілген мәтінді жеке оқиық. Мәтіннің бірінші бөлігін мұғалім түсіндіреді, оқушы тыңдайды және сұрақтар қойып отырады. Екінші бөлігінде осылайша орындайық.

  1. Жүректің құрылысы (4-8 слайд)
  2. Жүректің жұмысы (9-13 слайд)
  3. Жүрек жұмысының реттелуі (14 слайд)

Оқушы әрекеті:

Жаңа сабақты зер салып оқиды, мазмұнын түсінеді.

«Басбармақ» стратегиясы арқылы өз-өзін бағалау жүреді.

IV. Қолдану

Мәліметті іс жүзінде қолдану, жүзеге асыру. Оқушы білім нақты әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.

Мұғалім әрекеті:

Биологиялық диктант

(тиісті сөздерді қою)

  1. Жүрек – пішіні …….. тәрізді қуыс бұлшық етті мүше.
  2. Ересек адамның жүрегінің салмағы ………..
  3. ………………… гормоны жүрек жұмысын бәсеңдетеді.
  4. Жүрек жұмысының гормондар арқылы реттелуі ………………….. деп аталады.
  5. ……………… жүйкенің әсерінен жүректің жиырылу деңгейі бәсеңдейді.
  6. Жүрек жұмысы мен жағдайын жазып алынған қисық сызық ……………………………… деп аталады.

Оқушы әрекеті:

  • Тақырып бойынша маңызды фактілерді параққа жазып шығады.
  • Тапсырманы жеке орындайды, ұсынылған критерий бойынша өзін-өзі бағалайды.
Дұрыс жауап Бағасы
6 5
5 4
3-4 3
V. Талдау

Мәліметті терең өңдеу, тақырыпты игерту.

Мұғалім әрекеті:

«Идеал» тапсырма

155 беттегі тақырыпқа берілген А, В, С деңгейлік сұрақтарын талдау

Ғажайып сөздік. Латынша атаулары.

Қазақша Орысша Латынша
Жүрек Сердце Cor, cordis
Оң жүрекше Правое предсердие Atrium dextrum
Сол жүрекше Левое предсердие Atrium sinistrum
Оң қарынша Правый желудочек Ventriculus dextra
Сол қарынша Левый желудочек Ventriculus sinistra
Жүрек негізі Основание сердца Basis cordis
Жүрек ұшы Верхушка сердца Apex cordis
Үш жармалы қақпақша Трехстворчатый клапан Valva tricuspidalis
Қос жармалы қақпақша Двухстворчатый клапан Valva mitralis
Ішкі қабат Внутренний слой сердца Endocardium
Ортаңғы қабат Средний слой сердца Myocardium
Сыртқы қабат Наружный слой сердца Epicardium

Оқушы әрекеті:

Талдайды, түсіндіреді, дәлелдейді, жан-жақты салыстырады, баға береді.

VI. Жинақтау

Бұл деңгейде болжау, шарттылық, мүмкіндік ұғымдарын қолданады. Тапсырма жазбаша түрде жүзеге асырылады.

Мұғалім әрекеті:

Тест (иә, жоқ)

  1. Жүрек жиырылу арқылы қанды қан тамырларына айдайды (иә)
  2. Адамның жүрегі төрт бөлікті (иә)
  3. Жүректің әр циклі 3 кезеңнен тұрады (иә)
  4. Оң және сол жүрекшелер мен қарыншалар арасында үш жақтаулы қақпақшалар орналасқан (жоқ)
  5. Жүректің ішкі жұқа қабаты миокард деп аталады (жоқ)
  6. Сыртқы дәнекер ұлпалы жүрек қабаты эпикард деп аталады (иә)
  7. Ересек адамда жүрек қауыпты жағдайда минутына 70-75 рет соғады (иә)
  8. Қарынша мен артерия қан тамыры арасында жарты ай тәрізді қақпақшалар болады (иә)
  9. Қарынша жиырылған кезде қан жүрекшеге қарай өтеді (жоқ)
  10. Адреналин, вазопрессин, тироксин жүректің жиырылу жиілігін күшейтеді (иә)

Есеп

Ересек адамның жүрегі 1 минута 70 жиырылып, әр жиырылу кезінде екі қарыншадан 150 см3 қанды айдайтын болса, 1 сағатта және 1 тәулікте қанша литр қан айдайды?

Шешуі:

70х150=10500 см3

1 сағатта – 10500х60=630000 см3

1 тәулікте – 630000х24=15120000 см3

Оқушы әрекеті:

Болжамды саралап, нақты тұжырымға келеді, шығармашылықпен айналысады.

Дұрыс жауап Бағасы
10 5
7-9 4
5-6 3
VII. Бағалау

Күманды, даулы мәселелер бойынша шешім қабылдайды, нанымды дәлелдер арқылы айғақтау.

Мұғалім әрекеті:

«Екі шындық, бір жалған». Әдісі бүгінгі тақырып бойынша екі шындыққа және бір жалғанға негіздеп тұжырым жасаңыздар.

Оқушы әрекеті:

Оқушылар таңдайды, шешім қабылдайды, қажеттілігін айқындайды. Тұжырым жасайды.

VIII. Рефлексия

Мұғалім әрекеті:

  • Басың арқылы нені меңгердің?
  • Жүрегің арқылы не сезіндің?
  • Қолыңмен бүгінгі сабақта не жасадың?

Оқушы әрекеті:

Оқушылар сабақ бойынша өз пікірлерін айтып шығады.

IX. Үйге тапсырма

§33. Мәтінді оқу, тақырып соңындағы тапсырма. Жүрек туралы эссе

Не себепті ақын-жазушылар өз шығармаларын жүрекке арнаған?

 

 

 

Добавить комментарий