Сабақтың тақырыбы: Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Африканың географиялық орнына, зерттелу тарихына сипаттама бере отырып, оның жағалауындағы мұхиттар мен теңіздердің материк табиғаты үшін маңызын түсіндіру.
- Дамытушылық: оқыту барысында әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін, қызығуын арттыра отырып, көпшілік алдында еркін сөйлеуге дағдыландыру.
- Тәрбиелік: оқушыларды табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: “Кім көп біледі?” ойыны, “Сен – маған, мен – саған” ойыны, ассоциация, сәйкестендіру тесті, перфокарта сұрақтары, Инсерт кестесін толтыру, топтық жұмыс, сөзжұмбақ шешу.
Көрнекілігі: дүниежүзінің және Африканың физикалық картасы, перфокарта, Африка жайлы мәлімет жазылған плакат, тірек сызба жазылған плакат, сәйкестендіру тесті жазылған плакат.
Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгендеп, үш топқа бөлу. Әр топтың ішінде жеке оқушыларға перфокарта тарату.
І. Қызығушылықты ояту кезеңі.
І бөлім. “Кім көп біледі?” ойыны.
Мұғалім оқушыларға Оңтүстік Америка аясында сұрақтар береді, қай топ алдарындағы жетонды бұрын көтерсе, сол топ жауап береді. Әрбір сұрақ бір жұлдызшамен бағаланады. Қай топ жұлдызшаны көп жинаса, сол топ жеңгені.
Сұрақтар:
- Оңтүстік Америка материгі қандай ежелгі материктің қалдығы? (Гондвана)
- Материктің солтүстігіндегі шеткі нүктесі (Гальинас)
- Материк мен Отты жер аралын бөліп тұрған бұғаз (Магеллан)
- Материктің шығысындағы шеткі нүктесі (Кабу – Бранку)
- Материктің ең биік шыңы (Аконгуа)
- Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы бөліп тұрған не? (Панама каналы)
- Оңтүстік Америкадағы ең үлкен ел (Бразилия)
- Материктегі ең үлкен су шошқасы қалай аталады және қайда тіршілік етеді? (Капибара, Амазония ормандарында)
- Ең мол сулы өзен (Амазонка)
- Пампа дегеніміз не? Ол қай жерге тән? (субтропиктік дала зонасы)
- Орыс ботанигі Н. И. Вавилов Оңтүстік Америкаға қашан экспедиция жасады? (1932-1933)
- Қазіргі мәдени өсімдіктердің отаны (Анд таулары)
- Льянос дегеніміз не? (Бразилия саваннасы)
- Алтын, асыл тастардың мол қоры қайда сақталған? (Колумбияда)
- Кампос дегеніміз не? (Бразилия саваннасы)
- Әлемдегі ең биік сарқыраманың аты (Анхель)
ІІ бөлім. “Сен – маған, мен – саған” ойыны.
Бұл бөлімде әр топ қарсыластарын үйден дайындап келген сұрақтарын қояды.
ІІ. “Мағынаны тану” кезеңі.
Сабақтың бұл кезеңінде жаңа материалды меңгерту жүзеге асырылады.
Жаңа сабақтың жоспары.
- Африканың географиялық орны.
- Жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер.
- Зерттелу тарихы.
1. Африканың жер көлемі 30.3 млн ш.к. Халқының саны 728 млн. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 800 шқ-ға, батыстан шығысқа қарай 7500 шқ – ға созылып жатыр, оңтүстіктегі ені 810 шқ. Африканың тең ортасынан экватор сызығы кесіп жатыр. Материк
арқылы жер шарындағы ең ұзын өзен Ніл өзені ағып өтеді, 6671 шқ. Жер шарындағы ең үлкен шөл Сахара орналасқан, ауданы 7 млн. ш.к.
Материктің ең биік нүктесі Килиманджаро жанартауы, биіктігі 5895 м, ең төмен орналасқан нүктесі Ассаль көлінің деңгейі -153 м.
Материктің ең ірі аралы – Мадагаскар. Ең ірі көлі – Виктория, ал ең терең көлі – Танганьика. Ең ірі сарқырамасы — Тугела, оның биіктігі 933 м. Африка жер шарындағы ең ыстық материк болып табылады, өйткені онда күн сәулесі тік және мол түседі.
2. Материкті солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант мұхиты, шығысында Үнді мұхиты мен Қызыл теңіз сулары шайып жатыр. Ірі аралдарының көпшілігі Үнді мұхитында орналасқан, оларға Мадагаскар, Занзибар, Сокотра аралдары мен Комор, Сейшель, Маскарен аралдарының тобы жатады.
Атлант мұхитының сулары Африканың батыс жағалауын шайып жатыр. Материктің экваторлық жағалауы арқылы Гвиней жылы ағысы өтеді, оған солтүстіктен Канар суық ағысы жалғасады. Мұхиттағы суық және жылы ағыстар материк табиғатын түрліше әсер етеді.
Үнді мұхиты алабына енетін Қызыл теңіз тектоникалық терең жарықта орналасқан. Үнді мұхитының Сомали суық ағысы әсер етеді. Африканың оңтүстік – шығысы Мозамбик және Мадагаскар жылы ағыстарының ықпалында болғандықтан, жауын – шашын біршама мол түседі.
3. Еуразия халықтары Африка жайлы ерте кезден – ақ мәліметтер жинаған. Әсіресе, Жерорта теңізі жайлы ерте кезден – ақ мәліметтер жинаған.Әсіресе, Жерорта теңізі жағалауында орналасқан ірі мемлекеттер туралы грек және рим оқымыстыларының еңбектерінде көп кездеседі. Ал материктің ішкі аймақтары туралы мәліметтердің жеткіліксіздігіне солтүстікте ұшы – қиыры жоқ шөлдердің болуы себепші болған.
ІІІ. Ой – толғаныс кезеңі.
Бұл кезең сабақты бекіту кезеңі. Сабақты бекіту кезеңінде оқушылар сәйкестендіру тестін шешеді.
Сәйкестендіру тесті. Шеткі нүктелері бойынша:
- Солтүстігінде а) Альмади.
- Оңтүстігінде ә) Эль – Абияд.
- Батысында б) Рас – Хафун.
- Шығысында в) Ине.
1 — ә, 2 – в, 3 – а, 4 – б.
Зерттелу тарихы бойынша:
- Әбу ибн Баттута а) көлдерін.
- Васко да Гаммо ә) Замбези өзені, Виктория сарк.
- Давид Ливингстон б) мәдени өсімдіктер.
- Генри Стэнли в) Сомали, Тимбукту, Мали жерл.
- Н.И. Вавилов г) бүкіл құрлықтары, Сомали туб.
1- в, 2 – г, 3 — ә, 4 – а, 5 — б
Түркістан қаласы, №19 жалпы орта мектебінің география пәні мұғалімі
Нарматов Илхомжон Суннаттулаевич
Сабақтың тақырыбы: Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер