Алтай

Алтай

Сабақтың тақырыбы: Алтай

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Алтайдың географиялық орны, жер бедері, табиғат жағдайы, пайдалы қазбалары, климат жағдайларының ерекшеліктері, өзендері мен көлдері, табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары, аймақтың экологиялық жағдайы жайлы білімдерін арттыру.

2. Дамытушылық: Қазақстанның физикалық карталармен жұмыс істеп биік тауларға сипаттама беруге үйрету, жаңа технологияны меңгерту және қосымша тапсырмалар беру негізінде, логикалық ой — өрісті қамту;

3. Тәрбиелік: Оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуге, жолдасының пікірін тыңдай білуге, табиғаттың сұлулығын аялауға, өзінің туған өлкесінің табиғатын аялауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, кітаппен жұмыс, картамен жұмыс, дәптермен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: Химия, биология.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, атлас, кескін карта, сызба-нұсқалар, оқулық, слайд, жұмыс дәптері.

Алтай

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру
  • А) Оқушылармен амандасып, түгендеу
  • Б) Қызығушылықты ояту (топқа бөлу)
  • В) Оқулықтарын тексеру
II. Үй тапсырмасын тексеру

Осы күнге дейінгі Қазақстанның физикалық-географиялық аудандарды қайталау мақсатында әр топқа әр түрлі сөзжұмбақтар беріледі.

1-топ. «Шығыс Еуропа» сөзжұмбағы

  1. Шығыс Еуропа жазығы Қазақстанда қандай табиғат зонасының ауданында жатыр? (Шөлді)
  2. Шығыс Еуропа жазығының өсімдігі? (Жыңғыл)
  3. Шығыс Еуропа жазығы қазақстандық бөлігі қандай таумен шектеседі? (Мұғалжар)
  4. Шығыс Еуропа жазығының ең ірі өзені? (Жайық)
  5. Оңтүстік Орал мен Еділ өзенінің аралығында орналасқан кең жазық қырат? (Жалпы Сырт)
  6. Шығыс Еуропа жазығының климаты? (Континентті)
  7. Солтүстік Каспий теңізінің жануары? (Орман суыры)
  8. Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тауларының аралығын қамтитын үстірт? (Орал алды)
  9. Шығыс Еуропа жазығының пайдалы қазбасы? (Бор)
  10. Шығыс Еуропа жазығының ең үлкен көлі? (Каспий)
  11. Шығыс Еуропа жазығының мұнай мен газ кен орыны? (Қарашығанақ)

2-топ. «Солтүстік Қазақстан» сөзжұмбағы

  1. Негізгі өзені? (Ертіс)
  2. Жер бедері қандай эрада қалыптасқан? (Кайназой)
  3. Орал тауынан басталатын өзен? (Тобыл)
  4. Орманда шоқ-шоқ болып өседі? (Көктерек)
  5. Ертіс-Құлынды жазығының ең үлкен көлі? (Шүрексор)
  6. Ірі темір кен орны? (Лисаков)
  7. Есілдің жағасындағы қала? (Астана)
  8. Пайдалы қазбасы? (Темір)
  9. Қысқа қарай келетін құс? (Кекілік)
  10. Тобыл-Обаған жазығының ең үлкен көлі? (Құсмұрын)
  11. 1959 жылы ұйымдастырылған қорық (Наурызым)
  12. Есіл өзені бастау алатын тау? (Нияз)
  13. Солтүстік Америкадан әкеліп жерсіндірілген аң? (Ондатр)
  14. Орманды дала, дала зоналарының шөлтиін өсімдігі? (Қарабас)

3-топ. «Сарыарқа» сөзжұмбағы

  1. Сарыарқаның басты өзені? (Есіл)
  2. Сарыарқаның табиғат зонасы? (Дала)
  3. 1968 жылы құрылған қорық? (Қорғалжың)
  4. Сарыарқаның ең бик тауы? (Қызыларай)
  5. Дала мен шөлейт зонасына тән жануар? (Ақбөкен)
  6. Сарыарқа батысында қандай үстіртпен шектеседі? (Торғай)
  7. Көмір өндірілетін ірі кен орны? (Қарағанды)
  8. Сарыарқаның оңтүстік-батысындағы тау жүйесі? (Ұлытау)

4-топ. «Орал тауы» сөзжұмбағы

  1. Орал тауының биік нүктесі? (Үлкен Боқтыбай)
  2. Тауды екіге бөліп жатқан ойыс? (Біршоғыр)
  3. Орал тауының оңтүстік бөлігі? (Мұғалжар)
  4. Таудағы өзен? (Тобыл)
  5. Таудағы кен орыны? (Хормиттау)
  6. Биік нүктелерінің бірі? (Айрық)
  7. Өсімдіктің аты? (Жусан)
  8. Орал тауынан бастау алатын өзен? (Ырғыз)
III. Жаңа сабақты түсіндіру
  1. Географиялық орны.
  2. Жер бедері мен геологиялық құрылымы.
  3. Пайдалы қазбалары.
  4. Климаты.
  5. Өзендері мен көлдері.
  6. Табиғат зоналары. Өсімдіктері мен жануарлар дүниесі.
Географиялық орны

Алтай Зайсан ойпатынан басталып, Байкал көліне дейінгі аралықты алып жатқан Алтай — Саян таулары деп аталатын аса үлкен тау жүйесінің бір бөлігі. Қазақстанға оның оңтүстік — батыс шеті ғана кіреді. Оның оңтүстігі Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, батысы Қалба жотасы. Сарыарқадан Шар өзенінің аңғарымен бөлінеді. Мұзтау – Алтай тау жүйесінің Ресей жеріндегі ең биік шыңы (4506). Қатын жотасының шығыс жағын ала, Қазақстан мен Алтай өлкесінің әкімшілік шекарасы маңында жатыр. Ұшар басында Үлкен, Кіші Берель, Меңсу т. б. мұздықтары бар, бұлардан Қатынсу өзені бастау алады.

Жер бедері мен геологиялық құрылымы

Жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай Алтай үш ауданға бөлінеді. Олар: Кенді Алтай, Оңтүстік Алтай және Қалба жотасы.

Оңтүстік Алтай. Солтүстігінде Бұқтырма өзені, оңтүстігінде Қара Ертіс өзені аралығында жатыр. Ресеймен мемлекеттік шекарада Алтайдың ең биік Қатын жотасы орналасқан. Оның ең биік шыңы Мұзтау (4506 м). Шығыстағы биік бөлігінің төбелерін қара мен мұздықтар басқан үшкір шыңды бөліп келеді.

Кенді Алтай. Оңтүстік Алтайдың солтүстік шығысында орналасқан. Үлбі 2300 м, Иванов 2775 м, Үбі 2100 м биіктіктегі тау жоталарынан тұрады.

Қалба жотасы. Ертіс өзенінің сол жағында жатыр. Оның ең биік нүктесі — Сарышоқы (1558 м). Қалба жотасы Шар аңғары арқылы Сарыарқамен шектеседі.

Пайдалы қазбалары

Алтай пайдалы қазбаларға өте бай өлке. Әсіресе Кенді Алтайда қорғасын, мырыш, қалайы, вольфрам, күмістің және сынаптың мол қоры бар. Нарын Күршім жоталарында алтын мен сирек металл, Қалба тауында қалайы мен вольфрам өндіріледі.

Климат

Климаты қоңыржай континентті.
Шілденің орташа t +19+22°C
ал 1000 метр биіктікте +16+14°C
2500-2700 метр биіктікте +7+5°С.
Қыс айларындағы орташа t° -15°C кей қазаншұңқұрларда -40°С дейін жетеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері тау бөктерінде 300-400 мм.
Тау ішінде 1000-1500 мм дейін жетеді.

Өзендері мен көлдері

Алтайдың ең басты өзені – Ертіс. Оған Кендірлік, Күршім, Бұқтырма, Үлбі т.б өзендер құяды.
Алтай көлге бай. Бұқтырма, Жайсан, Тұранғыкөл, Марқакөл. Ең үлкені Жайсан (ауданы 5510 км кв). Алтай тауында 328 мұздық бар. Жалпы ауданы 89,6 км кв.

Табиғат зоналары

Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Орман алқаптарында мал қарағай, бал қарағай, шырша, самырсын өседі. Шөлейт зонада сортаң өсімдіктері өседі. Тоғайларда итмұрын, қарақат, жидек өседі. Алтай өлкесі аңғада өте бай. Аю, қабан, бұғы, таутеке, қар барысы тіршілік етеді. Орманда бұғы-марал өсіретін шаруашылықтары бар. Шығыс Қазақстанның әдемі табиғаты мен сирек кездесетін аңдар мен өсімдіктерді қорғау мақсатында 1976 жылы Марқакөл қорығы ұйымдастырылған. Және де мұнда Рахман қайнары орналасқан 1750 м биіктікте.

IV. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру

Жұмыс дәптерге жаңа сабақты кесте арқылы толтыру.

  • Географиялық орны
  • Геологиялық құрылысы
  • Пайдалы қазбалары
  • Климаты
  • Өзен мен көлі
  • Табиғат зоналары
  • Өсімдік мен жануарлары
V. Жаңа сабақты бекіту.

Географиялық диктант (дәптермен жұмыс)

  1. Алтай Зайсан ойпатынан басталып, Байкал көліне дейінгі аралықты алып жатыр. Оның оңтүстігін Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, батысы Қалба жотасы.
  2. Жер бедерінің ерекшелігіне қарай қазақстандық Алтай 3 ауданға бөлінеді. Олар – Оңтүстік Алтай, Кенді Алтай және Қалба жотасы.
  3. Алтайдың қазақстандық бөлігінінің климаты қоңыржай континентті. Шілдеде аласа тау беткейлерінде 19º-22ºС болса, 1000 м биіктікте 16º-14ºС, 2500-2700 м биіктікте 7º-6ºС аспайды.
  4. Алтай өлкесі аңға бай. Орманда бұғы-марал өсіретін шаруашылықтары бар. Шығыс Қазақстанның әдемі табиғаты мен сирек кездесетін аңдарын қорғау мақсатында 1976 жылы Марқакөл қорығы ұйымдастырылды.
  5. Рахман қайнары — Оңтүстік Алтайдың кішкене тектоникалық ойпатында Арасан курорты жағасында теңіз деңгейінен 1750 м биіктікте орналасқан.

Қорытындылау сұрақтары

  1. Алтайдың географиялық орны? (Алтай Зайсан ойпатынан басталып, Байкал көліне дейінгі аралықты алып жатқан Алтай — Саян таулары деп аталатын аса үлкен тау жүйесінің бір бөлігі. Қазақстанға оның оңтүстік — батыс шеті ғана кіреді.)
  2. Ресей жеріндегі Алтай тау жүйесінің ең биік шыңы? (Мұзтау 4506 м)
  3. Жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай Алтай қанша ауданға бөлінеді? (3 ауданға: Оңтүстік, Кенді, Қалба жотасы)
  4. Алтай қандай пайдалы қазбаларға бай? (Кенді Алтайда қорғасын, мырыш, қалайы, вольфрам, күмістің және сынаптың мол қоры бар. Нарын Күршім жоталарында алтын мен сирек металл, Қалба тауында қалайы мен вольфрам өндіріледі)
  5. Кенді Алтай бөлігіндегі тау жоталарын ата? (Үлбі, Иванов, Үбі)
  6. Климаты қандай? (Қоңыржай континентті)
  7. Алтайдың ең ірі өзені? (Ертіс)
  8. Алтайдың ең ірі көлі? (Зайсан)
  9. Қазақстандық Алтайда қанша мұздық бар? (328 мұздық)
  10. Орман алқаптарының өсімдігі? (мал қарағай, бал қарағай, шырша, самырсын)
  11. Қандай шаруашылық жақсы дамыған? (бұғы-марал)
  12. Алтайдың жануарлары? (Аю, қабан, бұғы, таутеке, қар барысы)
  13. Алтайдың қорығы? (1976 жылы Марқакөл қорығы)
VI. Үй тапсырмасы

Кескін картаға «Алтай тауының пайдалы қазбаларын түсіру».

VII. Оқушыларды бағалау

 

Сабақтың тақырыбы: Алтай

Добавить комментарий