Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы

Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы

Сабақтың тақырыбы: Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы

География: 6 сынып

Сабақтың мақсаты: Әртүрлі білім көздерімен жұмыс жасауды дамыту. Оқушыларды өз беттерінше жумыс істеу арқылы ойларын дамыту ой-қиялдарына ерік бере отырып өз пікірін айтуына төселдіру

Барлық оқушылар істей алады: Атмосфера құрамы туралы білу, олардың қалыптасуы мен ерекшеліктері туралы түсіну және қолданылуын, экологиялық жағдайларын анықтау

Оқушылардың көпшілігі істей алады: Ауа қабатының тіршілік үшін маңызын түсінеді, олардың пайда болуы жайлы білімін толықтырады. Сыни тұрғыдан ойлануға үйренеді, оқуға ынталанады. Өзгенің пікірін тыңдап, өз пікірін дәлелдеуге үйренеді.

Кейбір оқушылар істей алады: Атмосфера жердің газ тәріздес қабығы екендігін дәлелдейді, атмосфера құрамындағы газдардың қасиеттеріне сипаттама бере алады

Тілдік мақсат: Оқушылар кескін картамен жұмыс істей алады, картамен, суреттермен бейне материалдарға өз ойын қорытып айта алады, сұрақ қоя алады

Негізгі сөздер мен тіркестер: Тропосфера, стратосфера, атмосфералық қысым, термометр, флюгер, метеорит, барометр, амплитуда сөздерінің мағыналарын дәлелдеп көрсету

Қүндылықтарды дарыту: Табиғатын, өз елінің суын, ауасын, халқын сүйуге, экологиялық хал-ахуалын жақсартуға, атмосфера туралы мәліметтер жинауға, географиялық білімін шыңдауға, мейрімділік пен имандылыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар: Әдебиет, музыка, сурет

АКТ қолдану: Интерактивті такта, интернет материалдары

Бастапқы білім: Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы.

Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды топқа бөлу.

  • І топ — «Оттегі»
  • ІІ топ — «Азот»
  • ІІІ топ — «Инертті газдар»

Атмосфералық қарым — қатынас жасау

Топтың басшыларын жасырылған сөздері бар мақал-мәтелдерді беру арқылы сайлаймыз. Әр топқа бір мақал-мәтел беріледі, сондағы жасырынған сөзді тауып мәтелді толықтыруға тапсырма беріледі (AKT слайд арқылы көрсетіледі).
Топтың лидерін мақал-мәтелдердегі жасырын сөзді табуына қарай анықтау

II. Үй тапсырмасын сұрау

«SMS»-әдісі

Топ басшылары үй тапсырмасын ұялы телефон арқылы айтып және қалған оқушылар сиқырлы таяқша әдісімен айтып шығады.

III. Жаңа сабақ

Оқушылар адасқан әріптер арқылы жаңа сабақтың тақырыбын өздері ашады.

  • Мосаферат-атмосфера
  • Тоза-азот
  • Тегіто-оттегі
  • Рафратосеп-тропосфера.
  • Тосферастра-стратосфера
  • Онызагоз-озон газы
  • Теомерит-метеорит
  • Озондирад-радиозонд.

Алдын ала берілген тапсырма бойынша атмосфера туралы көрініс көрсетіледі.

Мұғалім атмосфера құрамы мен құрылысы туралы баяндайды, проблемалық сұрақтар қоя отырып әр топқа тақырыптар беріп постер қорғатады.

Топтық жұмыс: Проблемалық сұрақтар

  • 1-топ. Атмосфераның маңыздылығы неде?
  • 2-топ. Ауа-райын болжау, климатқа сипаттама бере білу не үшін қажет?
  • 3-топ. Атмосфера құрамындағы газдардың қайсысы өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне өте қажетті?
IV. Сергіту сәті

Үш топқа ән шырқау әдісі бойынша екі өлең беріледі, оқушылар біреуін тыңдап тақырыпқа қарай шырқайды

«Буриме» ойыны

Жұптық жұмыс. Жеке жұмыс

(Оқушылар жеке-жеке өлең шығарып бір-бірінің өлеңін жұп боп тексереді. Топ басшысы ең үздік деген 3 оқушының өлеңін оқытады)

Оқушыларға өлең құрастыруға тапсырма беріледі
—————————— досыңды ұқ,
—————————— ауа өсімдік.
——————————- сыйлығын,
——————————- не сұмдық?

«Біз бәріміз білгірміз»

(ұжымдық тапсырма)

  1. Судың сұйық күйден газ тәрізді күйге өтуін не дейміз?
  2. Жер шарын жан-жағынан қоршап жатқан ауа қабаты?
  3. Ауа қысымын немен өлшейміз?
  4. Тропосфера үстіндегі ауа қабатын ата?
  5. Ылғалдылықты қандай құралмен өлшейді?
  6. Жергілікті жерді ауа тазалығын сақтауға арналған қандай шаралар жүргізіледі? Неліктен ауа тазалығын сақтау бүкіл дүние жүзі елдеріне ортақ іс болуы қажет?
  7. Тропосфера қабатын су буы, бұлттылық, ауа массалары құрайды. Осыған орай бұл қабатта пайда болатын қандай құбылыстар білесіңдер? Олардың жердегі тіршілік пен адам әрекетіне әсері қандай?
  8. Атмосфера жылуды Күннен көп ала ма, әлде жердің төсеніш қабатынан көп алама?Атмосфера жылынуы туралы айтып беріңдер
  9. Қысымдары бірдей аудандарды қосып жатқан сызықты қалай атайды?
Сабақтың соңы

Кері байланыс

«Ауа-райы» әдісі

Тақтада ауа-райының түрлерінің бұлт, кемпірқосақ, жел, найзағай, қар т.б. суреттері ілінеді. Оқушылар стикерге жазып бүгіңгі сабақтан алған әсерін, сұрақтарын осылардың үстіне іледі.

Қосымша ақпарат

Саралау

  • Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
  • Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

Бағалау

Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

  1. Суреттер әдісі
  2. SMS-әдісі
  3. Топтық жұмыс — проблемалық сұрақтар әдісі
  4. Жұппен жұмыс — Буриме әдісі
  5. Біз бәріміз білгірміз әдісі
  6. Шығармашылық тапсырма

Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?
  • Бүгін оқушылар не білді?
  • Сыныптағы ахуал қандай болды?
  • Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
  • Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
  • Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектебінің география пән мұғалімі Нұртаза Жанар

Добавить комментарий