Аустралия Одағы және Жаңа Зеландия

Аустралия Одағы және Жаңа Зеландия

Сабақтың тақырыбы: Аустралия Одағы және Жаңа Зеландия

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Оқушыларға Аустралия Одағының және Жаңа Зеландияның өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі, салалары, таралуы, сыртқы экономикалық байланыстары жөнінде түсіндіру.
  • Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
  • Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Аустралия Одағымен танысқан тұлға.

Типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:

  1. СТО стратегиясы
  2. Ассоциация стратегиясы
  3. «Өзара оқыту» стратегиясы, Постер қорғау
  4. Картамен жұмыс
  5. Кестемен жұмыс.

Көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Аустралия Одағы және Жаңа Зеландия

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1. Сұрақ-жауап

  1. Мексика және Бразилияның өнеркәсібі?
  2. Мексика және Бразилияның ауыл шаруашылығы?
  3. Мексика және Бразилияның халқы, көлігі?
  4. Мексика және Бразилияның табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары?
  5. Мексика және Бразилияның сыртқы байланыстары?

2. Картамен жұмыс

Мексика және Бразилияның географиялық орны, шекарасы.

Қорытындылау.

IІІ. Жаңа сабақ

Ассоциация стратегиясы

  1. Аустралия Одағы, Жаңа Зеландия елдеріне және мұхиттық аралдарға жалпы сипаттама
  2. Кестемен жұмыс. Кесте арқылы Аустралия Одағын толық түсіндіру.
IV. Жаңа сабақты бекіту

1. «Өзара оқыту» стратегиясы
Постер қорғау

  • І топ. Жаңа Зеландия елінің географиялық орны.
  • ІІ топ. Жаңа Зеландия елінің табиғаты.
  • ІІІ топ. Жаңа Зеландия елінің экономикасы

2. Жолдама «Саяхатқа шығу»

Егер сендер сыныптарыңмен жақсы оқып, үлгілі тәртіп көрсеткендерің үшін
Қазақстанның жоғарғы оқу орындары жолдама “Аустралия елдеріне саяхат” ұтып алу үшін сіздерге тапсырма ұсынады.

  • №1. Аустралия Одағы елі қандай пайдалы қазбаларды өндіруден алдыңғы орында.
  • №2. Аустралия Одағы мен Жаңа Зеландия елдерінің арасындағы шаруашылығын
    салыстырмалы кесте бағытында орында.
  • №3. Мұхиттық аралдардың географиялық орны

3. Интервью әдісі

Оқушылар бір-біріне сұрақтар қою

  1. Аустралия Одағының экономикалық-географииялық жағдайы?
  2. Аустралия Одағының халқы?
  3. Аустралия Одағының өнеркәсібі?
  4. Аустралия Одағының ауыл шаруашылығы?
  5. Аустралия Одағының көлігі, сыртқы экономикалық байланыстары?

4. Кескін картаға

Кескін картаға елдердің астанасын бейнелеу.

V. Қорытындылау
  • Бағалау
  • Рефлексия
VІ. Үйге тапсырма беру

Үйге: Шығармашылық, ізденіс тапсырмасы:

  1. §34. Елдері. Аустралия Одағы. Жаңа Зеландия
  2. Мұхиттық аралдар елдеріне реферат дайындау

Добавить комментарий