Ғарыштық климат құрушы факторлар

Ғарыштық климат құрушы факторлар

Сабақтың тақырыбы: Ғарыштық климат құрушы факторлар

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Жер бедері тарауы бойынша алған білімдерін қайталау, тереңдету, жүйелеу. Ғарыштық климат құрушы факторлар тақырыбын игеруге жағдай жасау.
  • Тәрбиелік: Өз елінің табиғатын сүюге, оны құрметтеуге, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
  • Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, білімділік пен білік дағдыларын қалыптастыру, түрлі танымдық тапсырмалар арқылы логикалық ойлауына, еркін сөйлеуіне, шығармашылыққа баулу, оқушылардың оқулықпен картамен жұмыс істеу іскерліктерін, функционалдық cауаттылықтарын дамыту.

Түрі: жаңа білімді меңгерту сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, топтық жұмыс, СТО технологиясы

Көрнекілігі: ҚР-ның физикалық картасы, Қазақстанның жиынтық күн радиациясы картасы, глобус, ауа райы туралы мақал-мәтелдер, суреттер.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика

Ғарыштық климат құрушы факторлар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
  • А) сәлемдесу, түгелдеу
  • Ә) оқу құралдарын тексеру
  • Б) балалар зейінін шоғырландыру

Оқушылар 5 топқа бөлінеді.

Әр топта 5 оқушыдан:

  1. Көшбасшы
  2. Уақытты өлшеуші- тайм-кипер
  3. Спикер
  4. Баяндамашы (толықтырып отырушы)
  5. Дизайнер
ІІ. Білімдерін жан-жақты тексеру

«Жұлдыздарды жинайық» ойыны

  1. Жер бедері дегеніміз не?
  2. Республиканың қанша пайызын биік таулар алып жатыр?
  3. Еліміздің жер бедерінің ең биік нүктесі қалай аталады, қай тауда орналасқан?
  4. Қазақстанның ең төменгі нүктесі қалай аталады, қай жерде орналасқан?
  5. Біздің өлкеміздің жер бедері қалай аталады?

Интерактивті тақтада көрсетілген географиялық нысандарды анықтап, жер бедерін айту
(Үстірт, Көкшетау, Алтай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань)

1-Топтың тапсырмасы

Географиялық нысандар

  1. Алтай
  2. Іле Алатауы
  3. Тянь- Шань
  4. Жалпы Сырт
  5. Тарбағатай
  6. Тұран
  7. Орал алды

Рельеф формалары

  • Жазық
  • Биік таулар
  • Қырат
  • Үстірт
2-Топтың тапсырмасы

Сандарды сөйлетіңіз
Картаны қолдану арқылы, әрбір санның қандай географиялық нысанға сәйкестігін анықтаңыз

  1. 4622 м
  2. 4506 м
  3. 1133 м
  4. 657 м
  5. 2992 м
3-Топтың тапсырмасы

Мына терминдерге анықтама беріңіз

  1. Интрузиялық тау жыныстары
  2. Эффузиялық тау жыныстары
  3. Платформа
  4. Эндогендік күштер
  5. Экзогендік күштер
  6. Эрозия
4-Топтың тапсырмасы

Картаны қолданып, географиялық нысандардың координатасын табу

Географиялық нысандар

  1. Орал
  2. Көкшетау
  3. Торғай
  4. Шу
  5. Жезқазған
5-Топтың тапсырмасы

Сөзжұмбақты шешу

К
Л
И
М
А
Т

Көлденеңінен

  1. Дүниежүзіндегі ауданы жағынан ең үлкен Қазақстанның көлі
  2. Жердің қатты қабығы
  3. Қазақстанның батысындағы тұзды көл
  4. Орал тауының жалғасы
  5. Сарыарқаның ең биік нүктесінің аталуы
  6. Шығысынды Сарыарқамен, батысында Мұғалжармен және оңтүстік Оралдың аралығында орналасқан үстірт атауы

Сөзжұмбақтың шешуі: 6-7 сыныптардағы білімдеріңізді еске түсіріп.

Климат дегеніміз не? Климат құрушы қандай факторларды білеміз (күн радиациясының ендікке байланысты түсуі, атмосфералық циркуляция, жер бедерінің сипаты, мұхиттардан алыс-жақын орналасуы). Климатқа байланысты сіздерде қандай ассоциация туындады.
Қандай мақал-мәтелдер, жұмбақтар білесіздер.

ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты, жоспарымен таныстыру

«Өзара оқыту» стратегиясы

Жұмыс істеу жоспары

  1. Мәтінді оқып шығу
  2. Топпен талдау
  3. Абзац бойынша сұрақтар дайындау

Әр топ дайын болғанын қол шапалақтау арқылы білдіреді.

Топтар бір-біріне сұрақтар қояды (карусель ойыны), бірін-бірі толықтырады. Оқулық пен картаны қолдану арқылы жауап береді

І топтың тапсырмасы

Қазақстанның орналасқан ендігі бойынша климаты ылғалды субтропиктік Жер орта теңізі елдері орталық Еуропаға сәйкес келеді, алайда біздің еліміздің климатын неге шұғыл континентті деп атайды

ІІ топтың тапсырмасы

Қазақстан аумағындағы жиынтық күн радиациясы картасы арқылы Астана, Жезқазған, Қарағанды, Шымкент, Қызылорда қалаларының килокалория есебімен алғанда жылына 1 см-ге келетін жиынтық күн радиациясын анықтаңыз. Сонда 1 см-ге келетін жиынтық күн радиациясы оңтүстіктен солтүтікке қарай қалай өзгереді? Себебі неде?

ІІІ топтың тапсырмасы

Қара топырақ күн радиациясының 5% ғана, ал жаңа жауған қар 90%-на дейін шағылыстыра алады. Себебін айтыңыз.

ІV топтың тапсырмасы

Егер жер бетіне келетін тура радиация 120 дж/м жиынтық радиация 680 дж/м болса, шашыранды радиация қанша болатынын есептеңіз

V топтың тапсырмасы

600 ккал/ см қанша мдж/м болатынын есептеңіз. Картаны қолдану арқылы мына сұраққа жауап беріңіздер:

Алматы мен Владивосток қалаларында жылдық жиынтық радиациясының мөлшері не себептен әр түрлі екенін түсіндіріңіздер

IV. Жаңа сабақты бекіту
V. Жаңа сабақты қорытындылау

Ақпаратқа толы ақ парақ

Постер қорғау

Әр топ сызбанұсқа, аннотация, немесе эссе жазады

VI. Үйге тапсырма

§ 20 тақырыпты оқу.

Жиынтық күн радиациясы картасын кескін картаға түсіру, климаттың адам өмірі мен денсаулығына оң және теріс әсерлері, үкіметтің адам өмірін жақсарту үшін жасап жатқан шаралары/ су проблемасын шешу, ауыз-су мәселесі «Ақ бұлақ» «Жасыл ел» «Жасыл экономика» т.б. бағдарламалары жөнінде ізденіс жұмыстары

Бағалау

Әр топтың көшбасшылары топтың мүшелерін бағалау парағы арқылы бағалайды

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы
№10 ЖОББМ, география пәнінің мұғалімі Алданазарова Камила Алданазаровна

Сабақтың тақырыбы: Ғарыштық климат құрушы факторлар

Добавить комментарий