Сабақтың тақырыбы: Құрлық сулары: өзендер және көлдер
Сабақ мақсаты: Оқушыларды құрлық суларының түрлерімен, ерекшеліктерімен таныстыру.
Күтілетін нәтиже:
- Құрлық суларының түрлерін біледі;
- Өзендер мен көлдерді салыстырады.;
- Жер асты сулары, бұлақ және батпақтардың пайда болуымен танысады.
- Топпен жұмыс жасау арқылы бір-бірінің идеясын толықтырады және өзара бірін-бірі бағалайды.
Сабақ көрнекілігі: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактивті тақта
Әдіс-тәсілі: миға шабуыл, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.
Құрлық сулары: өзендер және көлдер
Сабақ барысы:
І. Қызығушылықты ояту
1. Дүниежүзілік мұхит суы туралы жауап алу
- Дүниежүзілік мұхит Жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр?
- Су қандай жарты шарда көп?
- Шеткі теңіз бен ішкі теңіздің айырмашылығы қандай?
- Неліктен Жер бетіндегі биіктіктерді теңіз деңгейінен бастайды?
- Мұхиттық ағыс неліктен пайда болады?
- Судағы тіршілік қалай қозғалады?
II. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабақ тақырыбымен таныстыру. Дәптерге күннің жады мен сабақ тақырыбын жазу.
Дәптерге құрлық суларына байланысты сөздер жазу. Жазылған сөздерді топ бір мүшесі оқып шығады.
Берілген тапсырманы оқып шыққан соң интерактивті тақта арқылы сұрақтар беріледі.
- Өзен құрылысымен танысу.
- Өзен мен көл ерекшеліктері салыстыру, дәлелдеу.
- Құрлық суларының басқа түрлерінің ерекшеліктерін білу.
- Картадан өзендер мен көлдерпді табу, кескін картаға түсіріу
ІIІ. Мағынаны тану
- Оқулықтағы тақырыпты пайдалана отырып көрсетілген 4 сұраққа жауап беру.
- Берілген тапсырмалар бойынша плакаттарға орындалады.
- Әр топ бастапқы өз сұрақтары бойынша тапсырмаларын қорғайды.
- Өз тапсырмасын қорғаған әр топтан кейін барлық оқушыға тапсырма үлгілері беріледі, оқушылар соның ішінен айтылмағандарын табады, сәйкестендіреді, сәйкес келмейтінін анықтайды және картадан көрсетеді
Тапсырма үлгілері: 1
- Өзен арна деп аталатын ойпаң арқылы ағатын ағын су;
- Өзен бастауы деп басталатын жері аталады;
- Оң жақтан құятын – оң сала деп аталады;
- Өзен деңгейі жыл ішінде өзгереді деп ойлаймын;
- Суайырық екі өзен алабын бір–бірінен бөлетін сызық;
- Өзендер таулардан басталуы мүмкін.
- Дүние жүзіндегі ең терең көл – Байкал болуы ықтимал;
- Жер бетінің І-ші тұрақты сулы қабатындағы су грунт суы деп аталады.
- Көл астынана шығатын бұлақтарда кездеседі.
ІV. Ой-толғаныс
Құрлық сулары туралы алған білімдерін 1-2 ауыз сөзбен қорытындылау
(соңғы сөзді мен айтамын).
V. Бағалау
Топ жетекшісіне берілген кесте арқылы оқушылар өздерінің сабаққа қатысымына байланысты бағалап шығады.
VI. Үйге тапсырма
- § 39 оқу.
- Ірі өзендер мен көлдерді кескін картаға түсіру.
Ақтөбе қаласы, №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясы география пәні мұғалімі Жантөре Мағрипа Қалдыбайқызы