Шығыс Қазақстан қалалары, селолық елді мекендері және экономикалық-экологиялық проблемалары

Шығыс Қазақстан қалалары, селолық елді мекендері және экономикалық-экологиялық проблемалары

Сабақтың тақырыбы: Шығыс Қазақстан қалалары, селолық елді мекендері және экономикалық-экологиялық проблемалары

География: 9 сынып

Сабақтар топтамасы аяқталғанда оқушыларының нені білгенін, түсінгенін және жасай алғанын қалар едіңіз?

  1. Шығыс Қазақстанның қалаларын, ауылдық елді мекендерін, қалаларының экономикалық географиялық жағдайын туралы білімін қолдана біледі (барлығы)
  2. Шығыс Қазақстанның қалаларының мәдениет орындарын, ірі кәсіпорындарын және ауылдық елді мекендерінің маңызын түсінеді (барлығы)
  3. Карта мен жұмыс жүргізу барысын Шығыс Қазақстан қалаларының орналасу ерекшелігінің таралуын ажырата білу (көпшілігі)
  4. Шығыс Қазақстанның қалаларындағы халықтың қоныстануын, ірі қалаларын, аймақтың мамандану саласына талдау жасайды (көпшілігі)
  5. «Шығыс Қазақстанның табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарына дамуы үшін маңызы қандай» эссе жазу (кейбіреуі)
  6. Шығыс Қазақстан ірі қалаларының мамандану саласының маңызын білу (кейбіреуі)
  • Жұмыстың қандай түрлері оқушылардың белсенді білім алуына әсер етіп, олардың ойлауына барынша ықпал жасайды?

Жеке жұмыс, топтық әңгіме, гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт бөлу

  • Оқушыларға білім алуға көмектесу үшін бағалауды қалай пайдаланасыз?

Оқушылардың жауабын тыңдай отырып екі жетістік бір ұсыныс айту, дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалау, критерий арқылы топтың жұмысын бағалау

  • Сыныптағы барлық оқушыларды (дарынды және талантты, жасы кіші) жұмысқа қалай тартасыз?

Ерте болған оқышыларға қосымша тапсырмалар беру

  • Сіз олар үйренеді деп жоспарлаған нәрселердің барлығын олардың үйренгенін қайдан білесіз?

Оқып үйрену нәтижелері бойынша берілген тапсырмаларды орындау барысында

Шығыс Қазақстан қалалары, селолық елді мекендері және экономикалық-экологиялық проблемалары

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, оқушылардың көңілін сабаққа аудару, сыныптағы оқушыларды топқа бөлу. Сынып құрамын түгелдеу, тақтаға күн ретін жазу.

  • Сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;
  • Сабақтың өткізу жоспарын көрсету.
  1. Оқушылар топқа бөлінеді.
  2. Тақтадан күн ретін жазып алады.
  3. Сабақтың жалпы мақсатымен және өткізу жоспарымен танысады
Кіріспе бөлім

Оқушыларға жеке жұмыс жасау тапсырылады.

  • Кім жылдам? (сұрақтар беру)
  • Картамен жұмыс

Оқушылар жеке жұмыс жасап берілген тапсырманы орындап шығады. Дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалайды.

Негізгі бөлім

Презентация көрсетіп Шығыс Қазақстан ірі қалаларын, мәдени орталықтарын, кәсіпорындарын ажырату.

  • а) Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады
  • ә) Жаңа терминдер мен ұғымдарды жазу тапсырылады
  • б) Оқушыларға мәтінмен танысу тапсырылады

Оқушыларға топтық тапсырмалар беріледі, бұл тапсырмаларды үлестірме арқылы өздері таңдап алады.

  • а) Оқушылар тақырыпты жазып алады
  • ә) Жаңа терминдер мен ұғымдарды дәптерлеріне жазып алады
  • б) Оқушылар мәтінмен танысып шығады.

Топтаса отырып ойланады, талқылайды, оқушылар бағалау көрсеткіштеріне сүйене отырып, жақсы жауап беруге ұмтылады.

Бұл экономикалық-географиялық жағдайын, ірі өнеркәсіпін, оқу орындарын, ірі елді мекендерін экологиялық проблемаларын

Қорытынды бөлім

1. Сөйлемді толықтырыңыз
2. Картамен жұмыс
3. Тестер

Кейінгі оқу:

Шығыс Қазақстанның экологиялық жағдайын жақсарту шаралары

Оқушыларға сұрақтар қойылады. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Бүгінгі сабаққа анализ жасайды.
Сабақ рефлексиясын жазады.

Бағалау:

Топтық жұмысты бағалау — Тақырыпты ашу тереңдігі

  • Тақырып ашылмаған – 0 ұпай
  • Тақырып ашылған, бірақ негізделмеген – 1 ұпай
  • Тақырып ашылған, жалпы негізделген – 2 ұпай
  • Тақырып ашылған, нақты негізделген – 3 ұпай

Ерте болған оқушыларға берілетін тапсырма

Шығыс Қазақстанның экологиялық жағдайын жақсарту шаралары

Добавить комментарий