Солтүстік Американың халқы және саяси картасы, АҚШ

Солтүстік Американың халқы және саяси картасы, АҚШ

Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Американың халқы және саяси картасы, АҚШ

География: 7 сынып

Оқып-үйренудің негізгі мақсаты: Оқушыларға Солтүстік Американың халқы және саяси картасы және АҚШ туралы

Күтілетін нәтиже: Оқушылар Солтүстік Америка материгінің қазіргі кездегі халқының саны жөнінен алдыңғы орында тұрғанын, АҚШ халқы нәсілдік және ұлттық айырмашылықтарына қарамастан – америкалықтар деген жалпы атпен аталатынын оқулықпен, қосымша интернет мәліметтерімен жұмыс жасай отырып біледі, картадан АҚШ елін тауып бере алады.

Түйінді идеясы: Сыни ойлау мен көшбасшылық жасау арқылы солтүстік Америка материгінің АҚШ-тың халқының сандық, ұлттық, нәсілдік айырмашылықтарына өздеріне жұмыс жасату арқылы толық білдірту.

Сабақтың әдісі: Топтық таныстырылым, кесте мен картамен жұптық, топтық жұмыстар, венн диаграммасы

Ресурстар: оқулық, маркер, шығу парағы, түрлі-түсті қағаз, үлестірмелі қағаздар

Бағалау: Формативті бағалаудың 12 стратегиясын қолдану (Бағдаршам)

Солтүстік Американың халқы және саяси картасы, АҚШ

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі
  1. Оқушыларды түгелдеу
  2. Ынтымақтастық атмосферасын құрамын.
  3. Оқушыларды топқа бөлемін.

Түрлі-түсті қағазға әр оқушы алақанның суретін салады. Әр саусаққа бір сұрақтан жазады.

  1. «Қызыл»
  2. «Сары»
  3. «Жасыл»
  4. «Көк»

түстер, әр топқа бөлінеді. Тобында сұрақтарға жауап береді.

Жұмсақ ойыншықты қарсы тұрған оқушыға беру арқылы, оның есімін атап, тілектерін арнайды.

Үй тапсырмасын «Картамен жұмыс» ойынымен пысықтау жасайды.
Ынтымағы жарасқан жылы жұмыс атмосферасы қалыптасады

Жаңа сабақ

Оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындаймын.

«Мағынаны тану»

Оқулықтан Солтүстік Америка, АҚШ елдері туралы мәлімет беріп өту, АҚШ-тың туы, Х. Колумб портреті, Ақ үй резиденциясы суреттерін көрсете отырып Көшбасшылық жасату арқылы мәліметпен таныстырып шығу.

Оқушылар берілген тапсырманы орындап, өз ойларын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге тырысады.

Дәптерге оқулықтан берілген мәліметтерге көз жүгірте отырып керекті мәліметтерді дәптерлеріне қысқаша мәліметтерді жазып алады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беруіне қарай бағаланады

  • 5 сұрақ — «5»
  • 4 сұрақ — «4»
  • 3 сұрақ — «3»

Егер көмекші жауап берсе сол көмекші балды алады.

Тапсырма: оқушыларға жаңа тақырыппен танысуға тапсырма беремін.

  • А) «Венн диаграммасы» әдісімен жеке тапсырма ретінде тақырыппен танысу беріледі.
  • Ә) Тақырыппен танысып болған соң топтық жұмыс

Оқушылар 4-топқа бөліне отырып жұмыс жасауға әрекеттенеді.

  1. 1 топ: Солтүстік Американың халқы мен нәсілдік-ұлттық құрамына сипаттама бердірту.
  2. 2 топ: АҚШ елдеріне жалпы сипаттама бердірту.
  3. 3 топ: АҚШ-тың саяси картасына сипаттама бердірту.
  4. 4 топ: Солтүстік Америка материгіне толық сипаттама бердірту.

Картамен жұмыс

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтып қорытындылайды.

  • Жеке жұмыс: Бүгінгі сабақтан кездескен жаңа сөздерді дәптерлеріне жаздырту.
  • Жұптық жұмыс: Оқушылар «жадыңда сақта»ойыны арқылы картаға түсіреді.

Бағалау критерийі

  1. Негізгі ерекшелігін ашып көрсету.
  2. Картадан географиялық орнын нақтылайды.

Таңба белгілер арқылы бірін-бірі бағалау.

Сабақтың қорытындысы

«Сұрақ менен-жауап сендерден»
Тест

Кері байланыс

Үйге тапсырма

Солтүстік Америка халқы, тілі, елдеріне сипаттама бердірту

Добавить комментарий