Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Қазақстан қалалары, селолық елді мекендері және экономикалық-экологиялық проблемалары
География: 9 сынып
- Сабақтар топтамасы аяқталғанда оқушыларының нені білгенін, түсінгенін және жасай алғанын қалар едіңіз?
- Солтүстік Қазақстанның қалаларын, ауылдық елді мекендерін, қалаларының экономикалық географиялық жағдайын туралы білімін қолдана біледі (барлығы)
- Солтүстік Қазақстанның қалаларының мәдениет орындарын, ірі кәсіпорындарын және ауылдық елді мекендерінің маңызын түсінеді (барлығы)
- Карта мен жұмыс жүргізу барысын Солтүстік Қазақстан қалаларының орналасу ерекшелігінің таралуын ажырата білу (көпшілігі)
- Солтүстік Қазақстанның қалаларындағы халықтың қоныстануын, ірі қалаларын, аймақтың мамандану саласына талдау жасайды (көпшілігі)
- «Солтүстік Қазақстанның табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарына дамуы үшін маңызы қандай» эссе жазу (кейбіреуі)
- Солтүстік Қазақстан ірі қалаларының мамандану саласының маңызын білу (кейбіреуі)
- Жұмыстың қандай түрлері оқушылардың белсенді білім алуына әсер етіп, олардың ойлауына барынша ықпал жасайды?
Жеке жұмыс, топтық әңгіме, гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт бөлу
- Оқушыларға білім алуға көмектесу үшін бағалауды қалай пайдаланасыз?
Оқушылардың жауабын тыңдай отырып екі жетістік бір ұсыныс айту, дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалау, критерий арқылы топтың жұмысын бағалау
- Сыныптағы барлық оқушыларды (дарынды және талантты, жасы кіші) жұмысқа қалай тартасыз?
Ерте болған оқышыларға қосымша тапсырмалар беру
- Сіз олар үйренеді деп жоспарлаған нәрселердің барлығын олардың үйренгенін қайдан білесіз?
Оқып үйрену нәтижелері бойынша берілген тапсырмаларды орындау барысында
Солтүстік Қазақстан қалалары, селолық елді мекендері және экономикалық-экологиялық проблемалары
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, оқушылардың көңілін сабаққа аудару, сыныптағы оқушыларды топқа бөлу. Сынып құрамын түгелдеу, тақтаға күн ретін жазу.
- Сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;
- Сабақтың өткізу жоспарын көрсету. Оқушылар топқа бөлінеді.
Тақтадан күн ретін жазып алады. Сабақтың жалпы мақсатымен және өткізу жоспарымен танысады
Кіріспе бөлім
Солтүстік Қазақстанда 24 қала, 2 кент бар.
Оқушыларға жеке жұмыс жасау тапсырылады.
- Кім жылдам?
- Сұрақтар беру
- Картамен жұмыс
Оқушылар жеке жұмыс жасап берілген тапсырманы орындап шығады. Дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалайды.
Негізгі бөлім
Презентация көрсетіп Солтүстік Қазақстан ірі қалаларын, мәдени орталықтарын, кәсіпорындарын ажырату.
- а) Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады
- ә) Жаңа терминдер мен ұғымдарды жазу тапсырылады
- б) Оқушыларға мәтінмен танысу тапсырылады
Оқушыларға топтық тапсырмалар беріледі бұл тапсырмаларды үлестірме арқылы өздері таңдап алады
- а) Оқушылар тақырыпты жазып алады
- ә) Жаңа терминдер мен ұғымдарды дәптерлеріне жазып алады
- б) Оқушылар мәтінмен танысып шығады.
Топтаса отырып ойланады, талқылайды, оқушылар бағалау көрсеткіштеріне сүйене отырып, жақсы жауап беруге ұмтылады.
Оқушыларға берілетін тапсырмалар
Бұл экономикалық-географиялық жағдайын, ірі өнеркәсіпін, оқу орындарын, ірі елді мекендерін экологиялық проблемаларын
Қорытынды бөлім
- Сөйлемді толықтырыңыз
- Картамен жұмыс
- Тесттер
Кейінгі оқу:
Солтүстік Қазақстанның экологиялық жағдайын жақсарту шаралары
Оқушыларға сұрақтар қойылады.
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Бүгінгі сабаққа анализ жасайды.
Сабақ рефлексиясын жазады.
Бағалау
Топтық жұмысты бағалау — Тақырыпты ашу тереңдігі
- Тақырып ашылмаған – 0 ұпай
- Тақырып ашылған, бірақ негізделмеген – 1 ұпай
- Тақырып ашылған, жалпы негізделген – 2 ұпай
- Тақырып ашылған, нақты негізделген – 3 ұпай
Ерте болған оқушыларға берілетін тапсырма
Солтүстік Қазақстанның экологиялық жағдайын жақсарту шаралары
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектеп
география пәнінің мұғалімі Ысқақов Ғалымжан