Сабақтың тақырыбы: Алюминий және оның ең маңызды қосылыстары
Мақсаттары:
- Алюминий және оның маңызды қосылыстарының екіжақты қасиет көрсететін мәнін ашу;
- Алюминий оксиді, гидроксидінің химиялық қасиеттерін салыстыру;
- Тәжірибе жасай алу дағдыларын дамыту;
- Оқушылардың жұппен және топпен жұмыс жүргізулерін қамтамасыз ету, ортақ тіл табыса білуге тәрбиелеу
- Өз бетімен жұмыс істеуге,негізгісін бөліп алуға,өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу
Түрі: Жаңа сабақ, зертханалық жұмыс
Алдыңғы сабақтармен байланыс: Өзің еңбектену арқылы өзің үшін де басқалар үшін де барлығын өзің істейсің, ал егер еңбегің нәтижесіз болса, қаймықпа тағы да тырысып көр — Д. И. Менделеев. Металлдар тақырыбы, Менделеевтің периодтық жүйесіндегі қандай металлдармен таныстық.
Ресурстар: Интерактивті тақта, плакаттар
Дәстүрлік әдістер
Алюминий және оның қосылыстары
Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын арттыру стратегиясы
СТО технологиясы бойынша: жұмбақ жасыру.
«Бір күні Рим императорына белгісіз біреу келіп күміс сияқты жылтыр, өте жеңіл ыдысты сыйға тартады. Император жаңағы ыдысты шеберге құрамы неден жасалғанын тексеруге жібереді. Оның құрамы «кәдімгі саздан» алынған металл деп шебер өз шешімін айтқаннан кейін, патша өзінің алтын күмістерінін құны төмендеп кетуі мүмкін деп мастердің басын алдырып оның шеберханасын өртеп жібереді. Сөз қандай металл туралы болып жатыр (Аl)
- Білемін
- Білгім келеді
- Білдім
(осы сұрақтың жауабын талдау барысында сабақты оқушылардың старт жаттығуы арқылы бастаймыз).
Тірек сөздер (key words) Глоссарий:
- Анион — anions
- Катион — cations
- Катод — cathode
- Анод — anode
- Алюминий — аluminium
- Ион — ions
- тотықсыздану– reduced
- тотығу -oxidised
- электролиз- electrolysis
- Электричество- electricity
Мұғалімнің әрекеті: оқыту тапсырмалары мен жаттығулар, дифференция
Оқушылар минутпен (5мин) one group consists of 4 persons — арқылы топпен (4 оқушы) алюминий жай зат ретінде, оксиді, гидроксидінің химиялық қасиеттерін салыстырып, өз ойларын ортаға салады. Алюминидің алынуы.
Жеке-жеке жұмыс: Алюминийді жай зат ретінде сипаттау
- Белсенділігі орташа оқушылардан жинақталған топ
- Белсенділігі жоғары оқушылардан жинақталған топ
Оқулықпен жұмыс.
Алюминийдің генетикалық қатарын құрастырыңыз
Дәлелдеуге арналған тапсырма:
Оксиді мен гидроксидтері туралы
Бағаланады: Оқушылар берілген уақытпен санасуы, регламент сақтай білуі, мәліметтің ең маңызды тұстарын ғана айтуға бейімделуі.
Топпен талдау (2 мин): Оқушылар қарсы топтарының жұмысын тыңдай білуі, жолдасының ойын силай білуі.
Топ оқушыларының жауабы қосымша материалдарда ұсынылады.
тереңдету / мәселелер қолдау / жаңарту
Ғылыми кітаптармен жұмысқа бейімдеу, өз ойларын жетік айта білулерін дамыту Оқушыларды болашақта сабақтың мақсатын, жоспарын құруға, ғылыми көзқарастарын дамыту үшін үйлесімді сабақ әдісін ойластыру.
Зертханалық жұмыс
№1, 2, зертханалық жұмыстарының барысы қосымша ұсынылады.
Рефлексия
- Тест тапсырмалары деңгей бойынша
- Тақтаның артқы бетіне қара ағашты қойып, оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдерін сәйкесінше бұтақтарға орналастыру сұралады, себебі ортақ талданды.
Берілген суреттің мәнін ашу!
Бекіту\сабақпен байланыс
Критериалдық жолмен бағалауға арналған тақырып, сондықтан да оқушылардың қолдарындағы бағалау парақтарына сәйкес өздерін бағалау. Объективті бағалау — нақты тақырыптың бөлімдерін білу.
Сабақтың тақырыбы: Алюминий және оның ең маңызды қосылыстары
Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Өмірлік орта мектебі
Химия пәнінің мұғалімі: Курмашова А.Ж.