Сабақтың тақырыбы: Білімділер сайысы
Мақсаты:
- Білімділік. Химиядан алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, өз бетімен еңбектенуге, іскерліктерін арттыруға дағдыландыру
- Дамытушылық. Түрлі тапсырмаларды орындата отырып ой-өрістерін кеңейту
- Тәрбиелік. Жылдамдыққа, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: сайыс
Пән аралық байланыс: биология, география
Білімділер сайысы
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезең
ІІ. Турлармен таныстыру
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан жеткізер
Жастықтың оты қайдасың
Жүректі түртіп қозғамай
Ғылымның біліп пайдасын
Дүниенің көркін болжамай
Сайысымыздың турларымен таныс болайық
- І. Топты таныстыру
- ІІ. Ойлы болсаң озып көр
- ІІІ. Ғажайып элементтер (табиғатта таралуы)
- ІV. Кім жылдам?
- V. Білімділер додасы
- VІ. Оратор
І. Топты таныстыру
Әр топ өз команда мүшелерін таныстырады
ІІ. Ойлы болсаң озып көр
Әр топқа жеке-жеке 10 сұрақтан беріледі. Дұрыс жауап 10 балмен есептеледі
- Қандай элемент қ.ж. сұйық күйде кездеседі (бром, сынап)
- Қандай элементтер материктің атымен аталады (европий, америций)
- Темекінің құрамында болатын алкалоид (никотин)
- Табиғатта 3 күйде кездесетін зат (су)
- Сілтілік металдар
- Тұрақты валенттілік көрсететін элементтер
- Тұздар нешеге жіктеледі
- Екідайлы оксидтер
- Периодтық кестеде неше топ бар
- Металдар саны
2-топқа
- Химияның арнайы бөлігін құрайтын элемент (көміртек)
- Табиғатта ең көп таралған қосылыс (су)
- Ауаның құрамы
- Қышқылдар нешеге жіктеледі (3)
- Бейметалдар саны
- Айнымалы валенттілік көрсететін элементтер
- Құмның формуласы
- Табиғатта кездесетін 5 химиялық заттың формуласын айт
- Негіздерді ата
- Асыл метаалдар
ІІІ. Ғажайып элементтер (табиғатта таралуы)
- 1-топ
Алтын, күміс, мырыш - 2-топ
Темір, қорғасын, алюминий, мыстың табиғатта таралуы, минералдары туралы айтады
ІV. Кім жылдам?
Бұл кезеңде тақтаға бірнеше әріптер беріледі, соны пайдаланып химиялық элемент атауларын құрастыру. 3 минут беріледі
Й И Л Ж Г Н Е З А М Р О Б Т Ы
V. Білімділер додасы
Тағы келер сыналар шақ айналып
Тереңіне білім теңіз байланып
Кім шешеді сол сайыста ұтып тұр
Есеп шешер кезегі келіп тұр
- 1-есеп. Массасы 20 г кальций оттекпен әрекеттескен түзілген кальций оксидінің массасы, зат мөлшері
- 2- есеп
СаО, СО-ның құрамындағы оттектің массалық үлесін есептеңдер
VІ. Оратор
Өз өлкеңнің табиғатын көркейту үшін не істер едің?
VІІ. Қорытындылау
Кызылорда облысы
Жосалы кент
Дегенбаева Гулнур