Сабақтың тақырыбы: Фосфор. Фосфордың қасиеттері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға фосфордың периодтық жүйедегі орны, қасиеттері мен биологиялық маңызы жайында мағлұмат беру, білімді кеңейту, тереңдету.
Білімділік: Оқушыларға фосфордың периодтық жүйедегі орны, ашылу тарихы, физикалық, химиялық қасиеттері, қолданылуы жайлы айту. Азотпен ұқсастығы мен айырмашылығы, қолданылуы туралы түсіндіру, оның қосылыстарын жіктеуге, салыстыруға, химиялық реакция теңдеуін жазып, теңестіре білуге баулу.
Дамытушылық: Өз бетімен жұмыс істеп, өз білімін өзі тексеріп, жауапкершілікпен сезінетін саналы, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Оқушылардың іскерлігін, өз бетімен ізденуін, ой- өрісін, шығармашылық мүмкіндігін дамыту, ғылыми көзқарасын қалыптастыра отырып, шығармашыл тұлға жасап шығару.
Өткізу әдісі: сұрақ-жауап, демонстрациялау, өз беттік, жеке, топтық жұмыс
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Типі: жаңа ұғымды меңгерту
Пәнаралық байланыс: география, биология
Құрал-жабдықтар: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, ерігіштік кестесі, электрондық оқулық, слайд материалдары, интерактивті тақта, қара және қызыл түсті маркер, А4 қағаз, таблицалар, таратпа материалдар
Реактивтер: Қызыл фосфор, құты, сынауық, штатив, зат жағатын қасық, спиртшам, су, индикаторлар.
Фосфор. Фосфордың қасиеттері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесіп, зейінін сабаққа аудару.
- Оқушылардың сабаққа даярлықтарын тексеру, топқа бөлу.
ІІ. Тест әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру
Азот және оның қосылыстарына байланысты тапсырмалар беру. Тапсырмалар екі бөліктен тұрады.
- Тест тапсырмалары (5 сұрақ).
- Үлестірмелік парақтарда берілген тапсырмалар.
І тапсырма. Тест тапсырмалары:
- Қай қосылыста азот — 3 тотығу дәрежесін көрсетеді?
А) N2O
Ә)N2O3
Б)NH3
В)NO2 - Азот қышқылы қай затпен әрекеттеспейді?
А) Cu
Ә) Zn
Б) Pt
В) Fe - Қандай қосылыста азоттың массалық үлесі көп?
А) NaNO3
Ә) NH4NO3
Б) N2O3
В) N2O5 - Қандай зат термиялық ыдырағанда бос металл бөлінеді?
А) KNO3
Ә) Mg (NO3)2
Б) Pb (NO3)2
В) AgNO3 - Мыс түйіршіктері мен концентрлі азот қышқылының әрекеттесуі нәтижесінде қандай газ бөлінеді?
А) NO2
Ә) NO
Б) N2O
В) NH3
Тапсырмаларды орындаған соң, оқушылар тест тапсырмаларын бір-бірімен алмаса отырып тексереді. Мұғалім дұрыс жауаптарды айтып тұрады.
1б 2б 3в 4в 5а
ІІ тапсырма. Үлестірмелік парақтарда берілген тапсырмалар
Үлестірмелік парақтардағы тапсырмаларды оқушылар тақтаға орындайды. Әр топтан бір оқушыдан шығады.
- Азот (II)оксиді мен азот(IV) оксидінің физикалық және химилық қасиеттеріндегі айырмашылықтар мен ұқсастықтарды айтып беріңдер.
- Төмендегі айналымдарды іске асыруға болатын химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар
N2→ NO → NO2 → H NO3→Zn (NO3)2 - 12,6 г азот қышқылын бейтараптауға неше грамм калий гидроксиді жұмсалады?
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру
Ойтүрткі. Фосфорды алғаш ашқан – Гамбургтік алхимик Геннинг Бранд (1669 ж). Басқа да алхимиктер тәрізді Бранд қарттарды жасартып, сырқаттарды жазатын өмір элексирі мен асыл емес металдарды алтынға айналдыратын философиялық тасты табуға әрекет жасады. Брандты алға жетелеген адамдардың қамы емес, оның байлыққа құмарлығы болды.
Бір тәжірибенің барысында ол зәрді буландырып, алынған қалдықты көмір және құм қосып, буландыруды жалғастырды. Кейін ретортада қараңғыда жарық шығаратын зат түзілді. Рас, kaltes Feuer (суық от) немесе «менің отым» деп Бранд атаған зат қорғасынды алтынға айналдырмады және қарттардың сырт келбетін өзгертпеді, бірақ алынған заттың қыздырусыз жарқырауы ерекше, әрі таңсық болды. Брандтың ойынша бұл тас кәріні жасартатын, ауруды тез сауықтыратын, адамның өмірін ұзартатын көрінеді. Алынған зат жарық шығарады, осыны пайдаланып, Бранд байларға сатып, ақшаға кенелді.
Бұл зат не деп ойлайсыңдар?
Оқушылар: Фосфор элементі.
Сөйтіп, 1669 жылды фосфор кездейсоқ ашылды. Олай болса бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Фосфор. Фосфордың қасиеттері
Жоспары:
- Периодтық жүйедегі орны,атом құрылысы
- Фосфордың аллотропиялық түр өзгерістері
- Табиғатта кездесуі және биологиялық маңызы
- Химиялық қасиеттері
Оқушылар өздеріне берілген сұрақтарға жауап іздеп, топпен бірге жұмыс жасайды. Топқа маркер, А4 қағазы, түрлі түсті қағаздар таратылады.
І топ. Фосфорға азотпен салыстыра отырып, сипаттама беріңдер (элемент ретінде).
- Периодтық жүйедегі орны;
- Атом құрылысы;
- Тотығу — тотықсыздану қасиеті;
Химиялық таңбасы Р
Реттік нөмірі 15
Ar (Р) = 31
ІІІ – период V – А топ
15 протон, 16 нейтрон, 15 электрон
Атом құрылысы Р )2 )8 )5
1s2 2s2 2р6 3s2 3р3
Р – ІІІ, V – валенттілігін көрсетеді
Тотығу дәрежелері – 3,0, +3,+5
ІІ топ. Фосфорға жай зат ретінде сипаттама беру.
- Молекулалық және құрылымдық формуласы;
- Кристалл торлары;
- Аллотропиялық түр өзгерістері; PH3, P2O5 , HPO3
Фосфордың аллотропиялық түр өзгерістері
- Ақ фосфор — өте белсенді, улы зат ауамен жанасса жарық шығарады. Суда ерімейді: сондықтан оны су астында сақтайды. Оны ауа қатыстырмай 250-3000С қыздырса қызыл фосфорға айналады.
- Қызыл фосфор — қоңыр қызыл түсті, улыемес, суда нашар ериді ұшпайды, 2500С-де от алады.
- Қара фосфор- 2000С өте жоғары қысымда қыздырғанда түзіледі, түсі графитке ұқсас қолға майдай сезіледі, улы емес 5000С-де оталады.
ІІІ топ. Табиғатта кездесуі, маңызы.
- Жазбаша жазу;
- Реакция теңдеулерін жазу;
Өте белсенді элемент болғандықтан табиғатта тек қосылыс күйінде кездеседі.
Алынуы; Ca3(PO4) + 3SiO2 + 5C = 2P + 5CO + 3CaSiO3
Фосфордың табиғи қосылыстары фосфорит Ca3(PO4), Ca(Н2PO4)2
Фосфор адам және басқа тірі ағзалар тіршілігі үшін қажетті элемент, Са3(РО4)2 — кальций
ортофосфаты қаңқаға беріктік қасиет береді.
Фосфор бұлшықет, жүйке кемік ұлпаларында, тіс кіреукесінің құрамына кіреді. Ол туралы атақты геохимик академик А.Е.Ферсман «Фосфор – тіршілік пен ақыл-ой элементі» деген.
Себебі мидың қызметі, бұлшықеттің қосылыстарының өзгерістеріне байланысты.
IV топ. Фосфордың химиялық қасиеттері.
- Фосфорға қандай химиялық қасиеттер тән
- Фосфордың химиялық қасиеттерін, реакция теңдеулерін жазу;
(O2, H2, Ca, Cl2, S т.б.)
Тәжірибелік көрсетілім. Қызыл фосфордың оттегінде жануы. «Фосфор» сөзі грекшеден аударғанда «жарық шығарғыш» деген мағынаны білдіреді. Ауада оттекпен әрекеттесіп жарық шығара әркеттеседі.
Оттекпен 4Р + 5О2 = 2Р2О5
Галогендер 2Р + 3СІ3 =
Күкіртпен 2Р + 3S = Р2S3
Металмен 3Са + 2Р = Са3Р2
Сабақты бекіту
- Фосфордың тотығу дәрежелерін анықта.
P2O5, P H3, H PO3, K3PO4, P Cl3, Ca3P2 - Азот табиғатта бос күйінде кездессе, фосфор көбінесе қосылыс күйінде кездесетіні неліктен?
- Молекулалық азот пен фосфордың формулалары қандай?
- Ақ және қызыл фосфордың қасиеттерін салыстырыңдар.
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма беру
§18, 7 есеп, шығармашылық жұмыс
Пайдаланған әдебиеттермен ақпарат көздері:
- И. Нұғыманов. Химия: Жалпы білім беретін мектептің 9 — сыныбына арналған оқулық.Алматы2005 «Мектеп» баспасы,
- Габриелян О.С. Химия: пособие для школьников старших классов и поступающих в вузы. – М.: Дрофа, 2006
- Слета Л.А. Химия: Справочник. – Харьков: Фолио; М.: ООО «Издательство АСТ», 2
- «Химик анықтамалығы» №4,2004
- Н.Л. Глинка. Задачи и упражнения Общей химии
Ленинград * «Химия» 1980
Ақтау қаласы
«Гимназия сыныптары бар №17 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттк мекемесінің химия пәні мұғалімі Айтжанова Клара