Сабақтың тақырыбы: Карбон қышқылдары
Сабақтың мақсаты: карбон қышқылы, құрылымы мен құрылысы, оның туындылары туралы түсініктерін қалыптастыру. Оның маңызды өкілдерінің жіктелуі, номенклатурасы мен изомериясы. Құрамына кіретін элементтер және бейорганикалық қышқылдардан айырмашылығын анықтау. Оқушыларды жұптасып, топтасып жұмыс жасай білуге дағдыландыру. Оқушылар бір – бірін сыйлауға, өз ойларын ашық айту.
Оқыту нәтижесі: карбон қышқылдарының өздеріне тән қышқыл дәмінің болатынын. Құрамдарында көміртек атомы мен карбоксил тобының бар екенін, қарапайым өкілдері барын және оларды қандай мақсатта пайдаланатын, қолдануын, химиялық қасиеттерін білуі керек.
Негізгі идеялар: оқушыларға карбон қышқылдарының басқа органикалық кластардан ерекшелігі өзіне тән қышқыл дәмнің болатынын кездесетін, құрамын, қасиеттерін және қайда қолданатынын түсіндіру.
Тапсырмалар
- Диалогтік сөйлеу
- Тірек сөздер
- Ой қозғау
- Семантикалық картаны толтыру
- Есептер шығару
- Венн диаграмма
Оқушылардың сабаққа рефлекция толтыруы
Кейінгі тапсырмалар
- Өзгерістерді бағалау
- Басқа әріптестермен ақылдасу
- Мектеп тәжірибесі негізінде өзгерістерді
Карбон қышқылдары
Сынып оқушыларын «Сенімді тірек» тренингсімен сабағымды бастадым. Сыныптың жақсы атмосферасын қалыптастырып болғаннан кейін ДЖИГСО әдісі арқылы оқушыларды топқа бөлдім.
Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын және бағалау көрсеткішімен таныстыру.
Бағалау көрсеткіші өзін – өзін бағалау парағын әрбір оқушыға, топтағағы оқушыларды бағалау парағын топ мүшесіне беріп қоямын.
Бағалау көрсеткіші
- Оқушының аты – жөні
- Ой қозғау
- Семантикалық картаны толтыру
- Есептер шығару
- Жалпы ұпай
- Бағасы
Ой қозғауда сұрақтарына толық жауап берсе: 3 ұпай, жартылай болса 2 ұпай, көшіріп алса 1 ұпай. Өз ойын түсіндіре отырып талқыласа 3 ұпай, жартылай 2 ұпай, көшіріп алса 1 ұпай. Есептерді дұрыс шығарса, талқыласа 2 ұпай, тек шығарса 1 ұпай.
- 1-4 ұпай – “3”
- 5-8 ұпай –”4”
- 9-12 жоғары – “5”
Оқушының өзін – өзі бағалау парағы
- №
- Топ мүшелері
- Ой қозғау
- Семантикалық картаны толтыру
- Есептер шығару
- Жалпы ұпайы
- Бағасы
І. Қызығушылықты ояту сатысы
Суреттер көрсету арқылы
Тақтадағы суретке қарап өздеріңіз сөйлем құраңыздар. Тақтада айран, қымыз, сүт тағамдарының, қарақаттың, лимонның, мүкжидектің, піспеген жеміс-жидектердің суреттері бейнеленген. Оқушылар осы суреттегі заттардың дәмдері қандай болады екен?
Ендеше оқушылар біздің бүгінгші сабағымыздың тақырыбы қышқыл дәм беретін заттар — КАРБОН ҚЫШҚЫЛЫ
Тірек сөздер
Carbeneum, карбоксил тобы, R – COOH, радикал, қарапайым өкілдер.
- І топ Құмырсқа қышқылына
- ІІ топ Сірке қышқылына
- ІІІ топ Қышқылдардың химиялық қасиеттеріне туралы постерлер орындату, қорғату.
Тірек сөздерге сөйлем құраған оқушыларды жарайсың деп мадақтау .
ІІ. Мағынаны тану кезеңі
Ой қозғау
- Сөз болып отырған заттың атын атаңыз:
«Өткір иісті улы сұйықтық, суда жақсы ериді. Құмырсқалар, қалақай және бірқатар медузалар бөліп шығарады.»
а) сірке қышқылы;
б) олеин қышқылы;
в) құмырсқа қышқылы;
г) янтарь қышқылы. - Сірке қышқылының 70-80%-ды сулы ерітіндісі қалай аталады:
а) сірке;
б) шарап сіркесі;
в) сірке эссенциясы;
г) олеин қышқылы - Карбон қышқылы мына затпен әрекеттеспейді:
а) натрий гидроксидімен;
б) калий карбонатымен;
в) хлор газымен;
г) метанмен.
Сематикалық картаны толтыру
Карбон қышқылдарының алғашқы өкілдерін сипатттап, берілген кестені толтырыңыз:
Сипаттамасы
- Құмырсқа (метан) қышқылы
- Сірке (этан) қышқылы
- Молекулалық формуласы
- Физикалық қасиеттері
- Химиялық қасиеттер
- Өнеркәсіпте алу жолдары
- Қолданылуы
Сематикалық картаны толтыр
Карбон қышқылдарының қандай химиялық қасиеттері бейорганикалық қышқылдарға ұқсас екенін айтып, тұз қышқылы мен сірке қышқылдарының қасиеттерін салыстырып, сәйкес химиялық реакция теңдеулерін жазып кестені толтырыңдар.
- Қышқылдың қасиеттері
- Химиялық қасиеттері
- Бейорганикалық
- Органикалық
- Сулы ерітіндіде диссоциациялануы
- Белсенді металмен әрекеттесуі
- Металл оксидтермен әрекеттесуі
- Металл гидроксидтермен әрекеттесуі
- Өздерінен әлсіз және ұшқыш қышқылдар тұздарымен әрекеттесуі
Тапсырма
- Құрамында 4,35% сутек, 26,09% көміртек және 69,56% оттек болатын карбон қышқылының молекулалық формуласын есептеп шығарыңдар.
- Массасы 12 г магний сірке қышқылымен әрекеттескенде неше грамм магний ацетаты түзілетінін табыңдар.
ІІІ. Сабақты бекіту
Венн диаграмма әдісі арқылы
Бағалау:
Мұғалім: Оқушылар бүгінгі сабақ ұнады ма ?
Мұғалім: Ұнаса қандай жағымен ұнады деп айта аласыз? Ендеше, бүгінгі сабағымызды өзін – өзі бағалау парағы мен топ мүшелерін бағалау парағын толтырып, яғни ортақ бағаны шығару арқылы оқушыларды бағалау.
Рефлексия:
- Сабақ ұнады ма?
- Қандай тапсырманы орындаған ұнайды?
- Қандай тапсырманы орындау кезінде қандай қиындықтар келтірілді?
Сабақтың тақырыбы: Карбон қышқылдары