Сабақтың тақырыбы: Майлар
Сабақтың мақсаты: майлардың қасиеттері, құрылысы, алынуы, қолданылуы жайлы түсінік қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
- Органикалық заттар жайлы меңгерген білімдерін одан әрі тереңдету, толықтыру, оны өздеріне бағалату.
- Оқушылардың өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу біліктерін дамыту, әр оқушының білімдерін, ұжымның қабілетін ояту.
- Көпшіл, ұйымшыл болуға баулу, білім деңгейіне қарамай серігін, көршісін қадірлей білуге, өзін-өзі басқару, байқағыштыққа жетелеу.
Қолданылатын стратегиялар: Кубизм (ассоциация, суреттеу, талдау, дәлелдеу, ұсыныс, салыстыру), эссе, венн диаграммасы.
Майлар
Сабақтың барысы:
Оқушылар бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Майлар». Ал, енді үйге берілген эсселеріңді тексерейік.
Бүгінгі сабақты «Кубизм» стратегиясы бойынша жүргіземіз, сол себепті топ алтыға бөлініп отырғызылған. Кубикті лақтыру арқылы әр топ тапсырмаларды анықтайды. Кубиктің алты қырында 6 тапсырмалар жазылған. Сабаққа дайындық үшін 10 мин уақыт беріледі.
1. Ассоциация
2. Суреттеу
Майлар қатты сұйық, май тәріздес судан жеңіл, суда ерімейді. Бензинде, дихлорэтанда, спиртте ацетонда ериді. Балқу температурасы төмен. Сұйық майдікі (-4°С). Сиыр майы ұзақ сақталса, қызады. Себебі май қышқылы (С3Н7СООН) түзіледі. Ол майға жағымсыз дәм береді.
Өсімдік майлары: мақта, зығыр, арахис, шығанақ – сұйық, тек кокос майы қатты. Балық майы – сұйық, басқа жануарлар майы қатты.
Құрамы: глицерин + жоғары карбон қышқылы = МАЙ
- CH2 – OH HO – CO – C17H35 CH2 – O – CO – C17H35
- CH – OH + HO – CO – C17H35 CH – O – CO – C17H35 + 3H2O
- CH2 – OH HO – CO – C17H35 CH2 – O – CO — C17H35
Май глицерин мен жоғары карбон қышқылдарының күрделі эфирі. Қатты майдың құрамына жоғары қныққан карбон қышқылдары: пальмитин С15Н31СООН, стеарин С17Н35СООН кіреді.
Сұйық майдың құрамына жоғары қанықпаған карбон қышқылдары С17Н35СООН олеин, линол С17Н31СООН, линольді С17Н29СООН, линольді С17Н29СООН құрамында қос байланысы бар қышқылдар кіреді.
3. Талдау (химиялық қасиеті)
Майлар қышқыл котализаторлардың қатысуымен (Н2SO4 т.б.) гидролизденеді.
- СН2 – О – ОС – R HO – H CH2 – OH
- CH – O – OC – R + HO – H CH – OH + 3RCOOH
- CH2 — O – OC – R HO – H CH2 — OH
Сілті қатысында гидролизденгенде, глицерин мен карбон қышқылының тұзы (сабын) түзіледі. Бұл реакция майдың сабындыну реакциясы деп аталады.
- СH2 – O – OC – C17H35 CH2 – OH
- CH – O – OC – C17H35 + 3NaOH CH – OH + 3C17H35 COONa
натрий стеарты (сабын) - CH2 – O – OC – C17H35 CH2 — OH
Тристеарин (май) глицерин
Майларды гидрлеу (гидрогендеу).
Өсімдік майларына қанықпаған қышқылдардың күрделі эфирлері кіретін болғандықтан, олрды гидрлеуге болады. Қыздырылған май (150-160°С температурада) және ұнтақталған никель катализаторы қоспасына сутек жібергенде, май құрамындағы еселі байланыстар сутекпен қанығады. Реакция нәтижесінде сұйық май қатты майға айналады. Ол майды саломас немесе құрама май деп атайды
- CH2 – O – OC – (CН2)7 – CH = CH – (CH2)7 – CH3 CH2 – O – OC – (CH2)16 – CH3
Nit - CH – O – OC – (CH2)7 – CH = CH – (CH2)7 – CH3 + 3H2 CH – O – OC – (CH7)16 – CH3
- CH2 – O – OC – (CH2)7 – CH = CH – (CH2)7 – CH3 CH2 – O – OC – (CH7)16 – CH3
Триолеат (сұйық май) тристеарат (қатты май)
4. Дәлелдеу
Карл Шееле зәйтүн майынан «май қантын» — тәтті зат алды, 1779 жылы майда глицирин бар екені анықталды, 1808 жылы М.Шеврель май құрамын анықтады, 1854 жылы М.Бертло майды синтездеді.
- CH2 – OH HO – OC – R CH2 – O – OC – R
- CH – OH + HO – OC – R CH – O – OC – R + 3H2O
- CH2 – OH HO – OC – R CH2 – O – OC — R
Майларды жануарлармен мен өсімдіктерден алады. Тиімсіз болғандықтан, майлар синтездік жолмен алынады.
5. Салыстыру (Венн диаграммасы)
Карбон қышқылы Май
1) R – COOH Органикалық зат CH2 – O – CO — R
CH – O – CO – R
CH2 – O – CO — R
2) C17H35 COOH Табиғат бар CH2 – O – CO — C17H35
CH – O – CO – C17H35
CH2 – O – CO – C17H35
3) Стеарат қатты глицерид
4) Қышқыл суда ерімейді күрделі эфир
5) Синтездік жолмен жануарлардан синтездік жолмен алынады.
алынады алынады
6) Медицинада сабын тамақ
6. Ұсыныс қолданылуы
Сұйық майларды өгидлеп алған қатты майлар өнеркәсіпте маргарин және сабын алуға жұмсалады. Маргарин жасау үшін саломаска аздап сары май, сүт, витаминдер, сонымен қатар дәм және түс қоспалар қосады. Құрамында майы бар дәмді тағамдардың бірі – майонез. Ол, негізінен өсімдік майынан (65%)(тұрады. Майонезді майға су (25%) жұмыртқа ұнтағын (5-6%) құрғақ сүт (2-3%), қант, сірке суын және дәм беретін заттар қосып дайындайды. Майларды техникалық мақсаттарға да пайдаланады. Мысалы олардан сабын жасайды. Дүние жүзінде жылына ондаған миллион тонна май өндіріледі. Оның шамамен үштен екісі азық ретінде, ал қалғаны техникалық мақсатта қолданылады. Біздің елімізде Алматыда, Өскеменде, Шымкентте май өндіріп өңдейтін зауыттар бар.
Логикалық ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту
- 1г май тотыққанда 40 кДЖ энергия бөлінсе, 90г май тотыққанда қанша энергия бөлінеді? Адам күніне 90-100 г. Май жиді десек, қанша энергия бөлінеді?
- 100г тотыққанда 110г су түзіледі екен. Майды су көзі деуге бола ма? Түйе, аю көп уақыт сусыз жерде жүре алатын себебін қалай түсіндіресіз?
Есеп шығару
Ақтөбе қаласы
№24 лингвистикалық мектеп- гимназия
Рахметова Жанна Сиражовна