Металдар мен бейметалдар

Металдар мен бейметалдар

Сабақтың тақырыбы: Металдар мен бейметалдар

Мақсаты: Металдар мен бейметалдар туралы ақпарат беру. Металдар мен бейметалдардың қосылыстарының формуласын,атауларын ажырата білуге үйрету. Топта еркін жұмыс жасауға тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже: Металдар мен бейметалдар таралуы туралы білетін болады. Металдар мен бейметалдардың қосылыстарының формуласын, атауларын ажырата білуді үйренеді. Топта еркін жұмыс жасай алады

Негізгі идеялар: Металдардың иондану энергиясы аз болғандықтан олардың валенттік электрондары оңай бөлініп, бүкіл кристалдың бойында еркін қозғала алады. Элементтер-бейметалдар қалыпты жағдайда әр түрлі агрегаттық күйде болатын жай заттарды түзеді.

Тапсырмалар

  • Жұптық жұмыс «Кім көп біледі»
  • Топтық жұмыс «Жоба қорғау»
  • Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау»

Металдар мен бейметалдар

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару, топқа бөлу

Сынып оқушыларын суреттерді қиындыларын құрастырып 2 топқа бөліп топтастыру.
(Металдан жасалған ракетаның суреті мен бейметалдардан йодтың суреті)

  • 1 — топ: “Металдар”
  • 2 — топ: “Бейметалдар”
ІІ. Талқылау үшін сұрақтар
  1. Химиялық элементтер неше топқа бөлінеді? (Металдар және бейметалдар)
  2. Неліктен олай ойлайсың? (Периодтық кестедегі металдар мен бейметалдардың орналасу тәртібіне тоқталады)
  3. Олай болса металдардың бейметалдардан айырмашылығы неде?
ІІІ. Жұптық жұмыс «Кім көп біледі?»

Металдар тобы 

  1. Өнеркәсіптің негізгі металы?
  2. Металдардың кернеу қатарын кім жасады?
  3. Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай металдар?
  4. Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл?
  5. Ең қатты металл?
  6. Шаршамайтын металл?
  7. Азотты ашқан ағылшын ғалымы?
  8. Қай элементтің таңбасы айдаһар бейнесіне ұқсайды?
  9. Индекс, коэфициент нені көрсетеді?
  10. Мырыш сульфидінің қандай қабілеті бар?

Бейметалдар тобы

  1. Ең жеңіл металл
  2. Ең ауыр металл
  3. Ең тез балқитын металл
  4. Ауада жанатын сілтілік металл
  5. Қанның құрамына кіретін металл
  6. Тыңайтқыш ретінде қолданылатын сілтілік металл
  7. Қиын балқитын, қатты ақ түсті металл
  8. V топтың металл элементі
  9. Металлургияны грек тілінен аударғандағы қазақша баламасы.
  10. Өнеркәсіптік әдіспен алынатын минералдарды не деп атаймыз

Жұптар дайын үлгі жауаппен бірін-бірі бағалайды

ІV. Топтық жұмыс «Жоба қорғау»

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақытсақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

  • Металдар тобына «Тұжырымдамалық карта»
  • Бейметалдар тобына «Концептуалдық кесте»
  • Бағалау
V. Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау»
  • Ойлау деңгейі
  • Сұрақтар мен тапсырмалар
  • Жауаптары
  1. Білу — Химиялық элементтер нешеге бөлінеді?
  2. Түсіну — Металдар мен бейметалдардың периодтық жүйеде орналасу тәртібін түсіндіріңіз
  3. Қолдану — Реакция теңдеулерін аяқтаңыз
  4. Талдау — Металдар мен бейметалдардың айырмашылығы мен ұқсастықтарына мысалдар келтіріп салыстырыңыз
  5. Жинақтау — Мына айналымдарды жүзеге асырыңыз
  6. Бағалау — Химия өндірісінде металдардың маңызы неде?
  7. Бағалау

Рефлексия
Бүгінгі сабақтан алған әсерім

Үй тапсырмасы:

Жаттығу №2, 4 орындау 82-бет.

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы
№261 орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі
Алиаскарова Гульнур Бакбергеновна

Добавить комментарий