Мырыш және оның қосылыстары

Мырыш және оның қосылыстары

Сабақтың тақырыбы: Мырыш және оның қосылыстары

Мақсаты:

  1. Мырыштың құрылысына тоқталу, түсінік беру. Оқушыларға мырыштың айырмашылығын айта отырып тақырып мазмұнын ашу. Тақырып бойынша оқушылардың біліктілік қабілеттерін ояту жағдайларын жасау.
  2. Оқушылардың шығармашылық, танымдық ойын арттыру. Мырышты түсіндіре отырып тақырыпты меңгерту Жаңа және өтілген материалдарды байланыстыра алу жолдарын табу, мәселені шешу жолын іздеуге, жалпы диалогтарға қатысуы, басқа оқушыны тыңдау, тыңдай алу қабілетін дамыту.
  3. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында байқампаздылығын, тақырыпты түсінуге жағдай жасай отырып, оқушылардың іздемпаздылығын аттыру Практикалық және ой мәдениетінің еңбегін түзету жолдарын, қызығушылығын тудыру,
    өзін—өзі бағалай алуға тәрбиелеу.

Мырыш және оның қосылыстары

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Мыс тақырыбы бойынша PISA тапсырмалары

1-топ. Металлдар патшалығы

Ерте заманда «Металдар патшалығы» болыпты. Олар жарықта күн сәулесімен шағылысып, түнде ай нұрымен сәулеленген сұлу шаһарда өмір сүріпті. Патшалықты ақылды, салмақты, әрі көрікті Алтын басқарыпты. Алтын әділ патша болғандықтан оны барлық металлдар жақсы көрген, әрі айтқанын екі етпей орындайтын болған. Көптеген металлдардың сүйіктісіне айналған Алтынды тек Мыс қана ұнатпайды. «Мен де сұлумын, ол сары болса, мен қызыл-сарымын, тіпті Алтыннан да көріктімін, мен неге патша болмаймын» — деген ойлар Мысқа маза бермейді.

Бір күні Мыс Алтынға қастандық жасауды ойлайды. «Металлдар шаһары» түнгі ұйқы құшағына бөленгенде патша сарайына ұрланып кірген Мыс Алтынды аса сақтықпен шаһар сыртына алып шығып, жерді өте терең етіп қазып оны көміп тастайды. Сөйтіп, Алтынның орнына барып жата қалады.

Күн артынан күн өте береді. Мыс таңертең тұра салысымен айнаға қарап бетін ысып әлекке түседі. Бірақ күн ысыған сайын беті қошқыл тартып, жүдей түседі.
Бір күні Алтынның жылдам, әрі ақылды уәзірі Сынап байқап қалады. Сынап өз ойын металлдарға жайып салады. «Мына патша біздің бұрыңғы патшамыз емес. Бұл – залым Мыс. Біздің патшамызға қастық жасап, өзі оның орнына патша болмақшы. Бәріміз мұның көзін жояйық. Алтынды тапқызайық» — дейді.

Металлдар бір ауыздан осындай шешімге келеді. Олар Мыстан «Біздің патшамыз қайда? Сен Мыс екеніңді мойында, Алтынды тап!» деп талап етеді. Бұл сөзді өркөкірек Мыс тыңдамайды. Әбден ашуланған металлдар Мысты ыстық отқа тастап жібереді. Табан астында Мыс тотығып, беті қошқылданып шыға келеді. «Біреуге ор қазба, өзің түсесің» — деген сөз осыдан қалса керек.

Амал жоқ, Мысқа өз қылмысын мойындауға тура келеді. Алтынды шаһар сыртындағы көмген жерінен шығарады. Жер астында қанша жатса да Алтын бұрынғыдан да нұрланып, сұлулана түсіпті. «Алтынды тот баспайды» деген сөз осыдан шықса керек.
Мыс болса өз ісіне қатты өкінеді. «Енді мен осылай өмір бойы қап-қара болып қаламын ба?» — деп егіліп жылап жібереді.

Ежелден ақылды Алтын кек сақтамай Мысты кешіреді. Мысты сутегі толтырылған ыстық моншаға шомылдыртады. Сөйтіп Мыс баяғы қалпына келеді.

Сұрақ 1: Металлдар патшалығы

Ертегі мазмұнынын аталған металлдардың физикалық қасиеттерін табуға болады ма? Жауапты «Иә» немесе «Жоқ» түрінде тауып көр.

Алтын мен Мыстың физикалық қасиеттері қандай? «Иә» немесе «Жоқ»

  1. Алтынның түсі сары, ал мыстың түсі қызыл сары
  2. Алтынның түсі сары, ал мыстың түсі қара
  3. Екуінің де түстері бірдей

Сабақтың тақырыбы: Мырыш және оның қосылыстары

Добавить комментарий