Темір және оның маңызды қосылыстары

Темір және оның маңызды қосылыстары

Сабақтың тақырыбы: Темір және оның маңызды қосылыстары

Сабақтың мақсаты: Темір металы және оның қосылыстары. Физикалық, химиялық қасиеттері, халық шаруашылығы мен адам өміріндегі маңызы жөнінде білімдерін кеңейту
және өндіру кезіндегі экологиялық проблемалар жөнінде түсінік қалыптастыру.

Міндеттері:

  1. Мазмұнға байланысты: Темір элементін жан жақты зерттеу, сипаттау арқылы оның қосылыстары, қасиеттері, маңызы жөніндегі білімдерін жүйелендіріп кеңейту.
  2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты: Темірдің қасиеттері табиғатта таралуы және қолданылуын оқушы мәтінді оқып, зерттей отыра сипаттайды.
  3. Топтық міндет: оқушылар шығармашылыкдың мүмкіндіктерін дамыту кабілеттерін арттыру максатында сұрактарға жауап іздейді кортынды шығарады

Түрі: жаңа оку материалын окып үйрену кіріктерілген сабақ

Әдісі: топтастыру кубизм, бір айналым сөйлесу.

Кіріктірілген пәндер: тарих география, биология, физика, әдебиет.

Сабаққа дайындалуда оқушы мен мұғалімнің іс — әрекеті: мұғалім мен окушы алдын ала дайындалады, окушы өзіндік жұмыс орындайды, ізденгіштік қабілетін ескере отырып, оқушыға тапсырма беру.

Темір және оның маңызды қосылыстары

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. Сынып үш топқа бөлінеді.
ІІ. Қызығушылыкты ояту

Мұғалім сөзі:

Темір десек біздің көз алдымызға шойын мен болат келеді. Жер бетінде темір жойылып кетсе, не болады деп елестетсек, көшелерде сұмдык көрініс, темір жолда поездар да машиналарда жоқ, көпірлер үйіндіге айналған, өсімдіктер семіп өле бастаған, адам денесіндегі 3г темір жойылса, тірлігін тоқтатып өліп қалар еді. Бұл көрністегі темірдің маңыздылғын суреттеген атақты академик А.С. Ферсман болған.

Геология мен металлургияның негізін салған, белгілі маталдарды зерттеуші Георгий Агрикола ХVІ ғасырда былай деп жазған: «Адамдар металдарсыз өмір сүре алмайды. Егер металдар болмаса, адамдар жабайы аңдардың арасында ең аянышты өмір сүрген болар еді.

III. Мағынаны тану

Топ мүшелері сұрақты талқылайды, пікірлеседі
Кубизм әдістемесімен әр топтан бір спикер шығады

  1. Суреттейді: таңбасы, атом құрылысы, электрондық формуласы, периодтық жүйедегі орны, табиғатта кездесуі жөнінде.
    І топ — химик, ІІ топ — геолог, ІІІ топ — географ түсіндіреді.
  2. Сипаттайды: физикалық және химиялық қасиеттерін                                                            І топ- физик, ІІ топ- химик, ІІІ топ- астроном сипаттайды.
  3. Зерттейді: тарихы туралы (тарихшы, биолог, медик)
  4. Қолданады: (экономист, әдебиетші, эколог)
IV. Сабақты бекіту

Сабақты бекіту мақсатында жаттығу жұмыстарын жүргізу

1-топқа есеп:

a) Fe ->F eCl2->Fe(OH)2-> FeO-> FeSO4
б) Fe-> FeCl3-> Fe(OH)3->Fe2O3-> Fe2(SO4)3

2-топқа есеп:

Темірдің табиғатта минералдарды FeO, FeS пириттің құрамындағы темірдің массалық үлесін есепте

3-топқа есеп:

Массасы 50г. темір (III) оксидін алу үшін темір (III) гидрооксидінің қанша грамм қыздыру қажет.

V. Ой толғаныс

Оқушылар «Темірдің пайдасы» тақырыбына эссе жазады, оқиды.

VI. Сабақты қорытындылау

БҮҮ кестесі

  • Білетінім
  • Үйренегенім
  • Үйренгім келеді
VII. Үйге тапсырма

«Ағзаның тіршілік әрекетіндегі кейбір металдардың рөлі» тақырыбына мәнжазба дайындау

VIІI. Оқушы білімін бағалау

Пайдаланған әдебиеттер:

Химия 9 сынып, Химик аныктамалык журнал № 1, 2009 ж. Бірімжанов Жалпы химия Алматы 1996

Атырау қаласы
№23 орта мектебінің
химия пәнінің мұғалімі
Әділғалиева Гүлжихан Бағытжанқызы

Добавить комментарий