Тұздар гидролизі

Тұздар гидролизі

Сабақтың тақырыбы: Тұздар гидролизі

Білімділік: тұздардың гидролизденуін және ерітінділердің ортасын индикатордың көмегімен анықтау.

Тәрбиелік: оқушыларды өжеттілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: көрнекі құралдарды пайдалана отырып оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын дамыту.

Қажетті құрал – жабдықтар: интерактивті тақта, электронды оқулық, карточкалар, тақырыпқа байланысты слайдтар, пробиркалар, индикаторлар, тамшуыр, реактивтер.

Тұздар гидролизі

Сабақтың барысы
  • I. Ұйымдастыру
  • II. Үй тапсырмасын сұрау
  • III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
  • IV. Жаңа сабақты бекіту
  • V. Сергіту сәті
  • VI. Танымдық ойын «Өз таңдауыңды жаса»
  • VII. Үйге тапсырма беру
  • VIII. Қорытынды
I. Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, оқушылар. Сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ? Бүгін қандай күн?

II. Үй тапсырмасын сұрау

Тақырыбы: Электролиттік диссоциация тұрғысынан тұздардың химиялық қасиеттері.

Тұздардың ортақ химиялық қасиеттері

Реакция

  • а) молекулалық теңдеулері
  • ә) толық иондық теңдеулер
  • б) қысқартылған иондық теңдеуі

Қышқылдармен әрекеттеседі

  • а) BaNO3 + H2SO4 = BaSO4↓ + 2HNO3
  • ә) Ba²⁺ + 2NO3¯ + 2H⁺ + SO4²¯ = BaSO4↓ + 2H⁺ + 2NO3¯
  • б) Ba²⁺ + SO4²¯ = BaSO4↓

Сілтілермен әрекеттеседі

  • а) FeSO4 + 2NaOH = Na2SO4 + Fe(OH)2↓
  • ә) Fe²⁺ + SO4²¯ + 2Na⁺ + 2OH¯ = 2Na⁺ + SO4²¯ + Fe(OH)2↓
  • б) Fe²⁺ + 2OH¯ = Fe(OH)2↓

Басқа тұздармен әрекеттеседі

  • а) AgNO3 + KCI = AgCI↓ + KNO3
  • ә) Ag⁺ + NO3¯ + K⁺ + CI¯= AgCI↓ + K⁺ + NO3¯
  • б) Ag⁺ + CI¯ = AgCI↓
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Судың өте аз мөлшерде сутек және гидроксид иондарына диссоциацияланатыны белгілі:
Н2О = Н+ + ОН-
Сутек ионы гидроксид ионының мөлшері бірдей болса, бейтарап ерітінді деп аталады. Гидроксид иондарының мөлшері артық болса, сілтілік ерітінді деп аталады. Сутек иондарының мөлшері артық болса, қышқылдық ерітінді деп аталады.

Әлсіз негіз бен күшті қышқылдың тұзы аммоний хлоридінің суда еруін қарастырайық.
NH4+ + CI- + HOH = NH4OH + CI- + H+
NH4+ + HOH = NH4OH + H+

Тұздардың сумен алмаса әрекеттесуі гидролиз деп аталады. (грек. Гидро – су, лизис – айырылу деген мағынаны білдіреді)

Күшті негіз бен әлсіз қышқыл.
2Na+5 + CO32- + HOH = HCO3- + 2Na+ + OH-
CO32- + HOH = HCO3- + OH-

Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздардың ерітінділері қышқыл ортаны, ал күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздардың ерітінділері сілтілік ортаны көрсетеді.
Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар.
AI2S3 + 6H2O = 2 AI(OH)3 + 3H2S

Сутектік көрсеткіш. Бейтарап ертітінді үшін [Н+] = 10-7, қышқылдық ерітінді үшін [Н+] >10-7, ал сілтілік ерітінді үшін [Н+] <10-7 болады.
Көрсеткіш дәрежесі теріс сандарды қолдану ыңғайсыз болғандықтан, сутек иондарының концентрациясын рН – пен өрнектейді де, сутектік көрсеткіш деп атайды. рН арқылы ерітінділердің ортасы былай сипатталады: бейтарап рН = 7; қышқыл рН 7

IV. Жаңа сабақты бекіту

Тапсырма: Мына пробиркалардың қайсысында (1,2,3,) натрий нитраты (NaNO3), натрий карбонаты (Na2CO3), темір (III) хлориді (FeCl3) бар екенін анықта.

  1. Бірнші тапсырма – тәжірибе арқылы тұздар ертіндісінің ортасын анықта;
  2. Екінші тапсырма – мына тұздарға қатысатын иондарды анықта;
  3. Үшітші тапсырма – бір тұздың гидролиз реакциясын жаз.
  • Натрий нитраты(NaNO3) – күшті негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұз. Орта бейтарап. Индикатор түсін өзгертпейді.
  • Натрий карбонаты (Na2CO3 ) – күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұз. Фенолфталеин таңқурай түске боялады, лакмус көгереді. Орта сілітілік.
  • Темір хлориді (FeCl3) – әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұз. Лакмус қызарады, метилоранж қызғылт түске боялады, яғни орта қышқылдық.
  1. NaNO3 → Na⁺ + NO3 ¯
  2. Na2CO3 → 2Na⁺ + CO3 ²¯
  3. FeCl3 → Fe³⁺ + 3Cl¯
  4. FeCl3 + 3НОН → Fe(OH) 3+ 3HCI;
  5. Fe3++ 3CI ¬¯+ 3НОН → Fe(ОH) 3 + 3Н++ 3CI ¯
  6. Fe3+ + 3НОН → Fe(ОH) 3 + 3Н+
V. Сергіту сәті

Орнымыздан тұрып, әуен ырғағымен жаттығулар жасау.

VI. Танымдық ойын «Өз таңдауыңды жаса»

1 қатар 10 ұпай.

Иісі, түсі өңі жоқ
Табиғатта онсыз өмір жоқ
Өсімдік егер көп болса
Денсаулыққа пайдасы көп (Оттек – кислород – oxigenium)

1 қатар 20 ұпай.

Адам алақанында балқитын металл? (Цезий – цезий – cesium)

1 қатар. 30 ұпай

Сабыр түбі — сары……….

2 қатар 10 ұпай.

Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық
Буланбас қайнатсаң да отынды үйіп,
Көрсететін суықты, жылуды анық
Қандай зат құрал жасар оны құйып

2 қатар 20 ұпай.

Грекше «күн» деген мағынаны беретін, ең алғаш күннен, содан кейін жерден табылған металл (Гелий – Гелий – Helium)

2 қатар 30 ұпай.

Ескі мата бөз болмас
Ескі ……. біз болмас (Темір – железо – Ferrum)

3 қатар 10 ұпай.

Пәлен жерде алтын бар
Барсаң …… та жоқ

3 қатар 20 ұпай.

Алғашқы буыным «көп емес», екінші бөлігім «тілсіз жау» дегенді білдіреді, сонда мен қай элементпін

3 қатар 30 ұпай.

Ең жеңіл элемент саналады
Периодтық жүйе осыдан бастау алады

VII. Үйге тапсырма беру

Мына тұздарға K2SO4, Cu(NO3)2, Na2S, ZnSO4, Na2СO3

  • 1 тапсырма – әрбір тұздың түрі мен ортасын анықта;
  • 2 тапсырма – гидролиз реакциясының теңдеуін жаз;
  • 3 тапсырма — мына иондардың SO32-; S2-; Al3+; Fe3+ сумен әрекеттесуінің реакция теңдеуін жаз, түзілген ерітіндінің ортасын анықта.
VIII. Қорытынды

Сабақтың тақырыбы: Тұздар гидролизі

Добавить комментарий