Сабақтың тақырыбы: Жұлдызды сәт сыныпаралық сайыс
Мақсаты:
- Оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін толықтырып, оны іс жүзіне шығармашылықпен қолдану дағдысын меңгерту.
- Оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін байқау, көзқарастарын қалыптастыру.
- Химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Жоспары:
- Төсбелгі бойынша қарсылас топтың атын табу.
- Сәлемдесу, таныстыру.
- Химиялық тілде құттықтау.
- Формула жаза білесің бе? (Үндемес ойыны)
- Жанкүйерлер өнері.
- Сұрақтарға жауап беру.
- Жұбыңды тап.
- Топтың өнері.
Қатысушылар: 8,9,11 сынып оқушылары 6 адамнан үш топ құрды. Олар 8-сынып «Күміс», 9-сынып «Алтын», 11-сынып «Гауһар» тобы болып сайысқа түсті.
Төс белгі бойынша қарсылас топтың атын табу.
- Атымызды жасырдық
- Төс белгіге, қарсылас.
- Айламызды асырдық
- Бір-біріңмен ақылдас.
Әр топ өз тобының атын сөзжұмбақ немесе ребус түрінде жасырды.Қарсылас топ тапсырманы орындағанша Д.И.Менделеев пен Мұқағали Мақатаев туралы айтылады.
Жұлдызды сәт сыныпаралық сайыс
Сайыстың барысы:
Жүргізуші: Қымбатты, оқушылар мен ұстаздар! Химияның кереметіне көз салып, құдіретін ұғыну үшін бүгін біз жоғарғы сыныптар арасында химиядан «ЖАРЫС» кешін өткізгелі отырмыз. Ғали Ормановтың химия кереметтерін суреттейтін мына өлең жолдарымен кешті бастауға рұқсат етіңіздер.
Ғажайып нәрсе химия,
Тұңғиық сыры әр алуан.
Жоғалып бір зат зым-зия
Жаңалып бірі жаралған.
Өмірдің бірақ керегін,
Осылар тауып берер ме?
Табар ма ешкім дерегін,
Телмірмей, сірә, тереңге
Жүргізуші:
Болсын дейміз жарысымыз жемісті,
Озып шықсын кім білімді, кім күшті.
Әділ қазы, ақ қазыға жүгінсек
Берер дейміз әділдікпен жеңісті. (Әділ қазылар алқасы таныстырылды)
Әр топ сәлемдесіп өздерін таныстырып өтеді.
«Сәлем сөздің анасы»
Дейтін қазақ данасы.
Сәлемдесіп, танысып,
Кеш бастайық жарысып.
Химиялық тілде құттықтау
Жақсылық әр кез тілейік,
Химияны оқып білейік.
Осы тілде құттықтап
Аман-есен жүрейік.
Алтындай ардақты, күмістей салмақты, қарсыластар! Бүгінгі кеште өздеріңізді суда жүзген балықтай жақсы сезініңіздер.Көңілдеріңіз алюминийден жасалған ұшақтың ішіндей кең болсын, темірдей қатты, болаттай мықты денсаулық тілейміз.Көмірдей қара көздеріңізбен, алмаздай өткір сөздеріңізбен жан жадыратып, өмір ағысымен сынаптай сырғып жүре беріңіздер демекпіз.
Үндемес ойыны «Формула жаза білесің бе?»
Білмейтінін білем деп олжа қуар
Кейбіреудің әр заттан болжамы бар
Химияны болжаммен ұға алмайсың
Формуланың оң жағы, сол жағы бар.
Интерактивті тақтадан оқушыларға оқу бағдарламасына сәйкес заттардың формулаларын жазу тапсырмасы берілді.
8-сыныпқа
- Дұрыс формуланы сәйкестендір
- Сутегі Ba
- Оттегі H
- Барий Fe
- Сынап O
- Темір Нg
- Мыс Mg
- Магний Ag
- Күміс Cu
2. Формулаларын жаз
- Тұз қышқылы — НСl
- Күкірт қышқылы -H2SO4
- Кальций хлориді — CaCl2
- Натрий гидроксиді — NaOH
- Калий оксиді — K2O
- Мыс (ІІ ) сульфаты – CuSO4
- Темір (ІІІ) гидроксиді — Fe(OH)3
9-сыныпқа
Формулаларын жаз
- Күкірт (ІV ) оксиді — SO2
- Кальций оксиді — CaO
- Магний гидроксиді — Mg(OH)2
- Азот қышқылы — HNO3
- Кальций силикаты — CaSiO3
- Натрий дигидрофосфаты — NaH2PO4
- Магний гидрокарбонаты — MgHCO3
- Аммиак — NH3
- Фосфин — РH3
- Метан — CH4
- Силан — SiH4
- Силикагель – SiO2
- Аммоний сульфаты – (NH4)2SO4
- Күкіртсутек — H2S
- Патша арағы — HCl +3HNO3
11- сыныпқа
Формулаларын жаз
- Ацетилен — C2H2
- Бензол — C6H6
- Этанол — C2H5OH
- Глицерин — CH2OH-CHOH- CH2OH
- Құмырсқа альдегиді — H-C =O
- Сірке қышқылы — CH3COOH
- Глюкоза — C6H12O6
- Сахароза — C12H22O11
- Анилин — C6H5-NH2
- Глицин — H-CH- COOHNH2
- Аммоний фосфат- ( NH4)3PO4
- Фосфор қышқылы — H3PO4
- Натрий гидроксиді — NaOH
- Алюминий оксиді – Al2O3
- Метан — CH4
Оқушылар формулаларды жазғанша жанкүйерлер өнері тамашаланды.
«Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар»- дегендей ендігі кезекті сұрақтарға берейік.
8-сынып «Күміс» тобына:
- Бірінші бөлігі көп емес, екінші бөлігі «тілсіз жау» деген мағынада, бірақ өзі химиялық элемент. Ол не? (Аз-от)
- Химия нені зерттейді? (Заттарды, олардың қасиеттерін)
- Д.И.Менделеев қай жылы, қайда туылды? (1834ж 8ақпан, Тобольск қаласы)
- Химияның міндеті қандай?
- Оксид деген не? Мысал айт.
- Бірінші бөлігі «Алда кел» деген бұйрық рай, екінші бөлігі сан есім, шипалы газ деп те есептеледі. (Оз – он)
- «Бөлінбейтін» кішкентай бөлшек. (Атом)
- «Арпа бидай ас екен …..» мақалды жалғастыр. ( Алтын, күміс тас екен)
- Кең әлемді кернейді,
Көзің бірақ көрмейді. (Оттек) - Жұмысты отты жігермен істеу керек деп лепірді «А» деген элемент. Бірақ ол біреудің отын үрлемесе, өзі еш уақытта жанып көрген емес. Ойлаңызшы бұл қай элемент? (Оттек)
9-сынып «Алтын» тобына
- Бірінші буыны жалқы есімге қойылатын сұрақ, екінші буыны сан есім, өзі химиялық элемент. (Не-он)
- Диссоция деген не? (Иондарға ыдырау)
- Реакцияның белгілері қандай? (Газ, тұнба, иіс, жарық, түсінің өзгеруі)
- Тұздар деген не?
- Қышқылдар дегеніміз не?
- Бірінші бөлігі тасқын су, екінші бөлігі мал құлағына салынатын белгі,ал өзі химиялық элемент.Бұл қай элемент? ( Сел-ен)
- Ең қиын балқитын металл? (Вольфрам)
- «Жылап жүріп құдық қазсаң……» мақалды жалғастыр.
- Қыздырып соқсаң иленеді, Балға мен төстен именеді. (Мыс, алюминий)
- «Б» деген элементтің мінезі тіпті өткір, салған жерден тіліп түседі.Осыншама өткірлік неге керек екен деп, шырт етіп, сынып кетті ондайды көтере алмайтын шыны.Ойлаңызшы мінезі өткір бұл қай элемент? (Алмаз, көміртек)
11-сынып «Гауһар» тобына
- Өзі химиялық элемент, егер алғашқы әріпін алып тастасаңдар,шаруашылық заттар салатын ыдыстың аты шығады.Ойлаңызшы бұл қай элемент? (Фтор)
- Органикалық химия нені зерттейді?
- Периодтық заңды ұсынған ғалым, қай жылы? (Д.И.Менделеев 1869ж)
- d деңгейшесінде қанша электрон болады? (10)
- Валенттілік деген не?
- Өзі химиялық элемент, егер «ан» қосымшасын жалғасаң қыстың қаһарлы күндерін есіңе түсіреді.Бұл қай элемент? (Бор-ан)
- Электрхимиялық кернеу қатарын ашқан кім? (Н.Н.Бекетов)
- Құрғақ жерде сақтайсың,
Онсыз тамақ татпайсың. (Тұз) - «Аз сөз алтын…..» мақалды жалғастыр. (көп сөз көмір)
- «Е» деген элемент ширатылып қайта құйса адам түгіл, шайтанның да төбе шашы тік тұрады. Жұрт алдындағы беделі де мығым оның. Шаш ал десе бас алар. Бір де бір қайсар оған төтеп бере алмайды.Ойлаңызшы, бұл қай элемент? (Қорғасын)
Жұбыңды тап
Валенттілігін қарастырып,
Формуланы құрастырып,
Келші құрбым билейік
Білмей қалып жүрмейік.
Топ өнері
Алақаныңды аяма, халқым,
Болды ғой бұлар өнерге жақын.
Бойына қуат, күш-жігер берсін
Оған да керек лебізің жарқын.
- ШҚО
- Аягөз ауданы
- Ақши ауылы
Ақши қазақ жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы интернатымен КММ
Химия пәні мұғалімі - Искакова Жазира Сүбебекқызы
Сабақтың тақырыбы: Жұлдызды сәт сыныпаралық сайыс