Қыздар туралы мақал-мәтел — 8 Наурыз

Қыздар туралы мақал-мәтел - 8 Наурыз

Қыздар туралы мақал-мәтел — 8 Наурыз

«Қыз қонақ» деп сыйлаған қазақта қызбаланың орны ертеден қадірлі, бағалы болған. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында бағзы заманнан айтылып келе жатқан қыздар жайындағы мақал-мәтелдерді ұсынуды жөн көрдік.

***
Ұлым – ұяға,
Қызым – қияға.

***
Қыз — ауылдың көркі,
Құндыз болса, бөркі.

***
Қыз жоқ жерде қызық жоқ.

***
Қызға бергенді Қыдыр өтер.

***
Қызды таныс алады,
Таныс алмаса, қоныс алады.

***
Қызыңды жеріне бер,
Жер ыңғайы келмесе, еріне бер.

***
Қызды қартша сына,
Атты жігітше сына.

***
Қызым үйде, қылығы түзде.

***
Астың дәмін тұз келтірер,
Ауылдың сәнін қыз келтірер.

***
Бір жақсы қыз,
Екі жаман ұлға татиды.

***
Жерді шым, елді қыз біріктіреді.

***
Суды құм бөгейді,
Дауды қыз бөгейді.

***
Қой жүрген жер – береке,
Қыз жүрген жер – мереке.

***
Ақылды қызға ана көп,
Аяулы жанға пана көп.

***
Бесін болса, күн тұрмас,
Күйеу келсе, қыз тұрмас.

***
Шыққан қыз шиден тысқары.

***
Теңін тапса, тегін бер.

***
Қалыңсыз қыз болса да,
Кәдесіз қыз болмайды.

***
Қыздың баласындай, қолдың саласындай.

***
Қысыла-қысыла қыз болдым.

***
Қыз күнінде бәрі жақсы,
Жаман қатын қайдан шығады.

***
Қымызды кім ішпейді,
Қызды кім айттырмайды.

***
Ас таңдасаң, аяғына қара,
Қыз таңдасаң, анасына қара.

***
Күндес көргеннің қызын алма.

***
Жақсы қыз біреу келсе, есік ашар,
Жаман қыз біреу келсе, төрге қашар.

***
Тұзды көп сақтама, су болады,
Қызды көп сақтама, күң болады.

***
Қарты бардың хаты бар,
Қызы бардың назы бар.

***
Өзі болған қыз төркінін танымас.

***
Жақсы қыз – жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт – төбедегі жұлдыз.

***
Біреудікі біреуге қыздай көрінер.

***
Отырған қыз орнын табар.

***
Аш кісі май таңдамас,
Кәрі қыз бай таңдамас.

***
Ойының бекімі жоқ қыз қырық құбылады.

***
Қызды жеңге,
Жеңгені теңге бұзады.

***
Қызбен алыспа, қысырақпен жарыспа.

***
Ақылды қыз білімге жүгірер,
Ақылсыз қыз сөзге ілігер.

***
Қыдырымпаз шешенің қызы бастаңғышыл.

***
Жазымсыраған қыстан без,
Жасымсыраған қыздан без.

***
Қызы бар ауылдың қыдыры бар.

***
Қыздың жолы жіңішке.

***
Қызым, саған айтамын,
Келінім, сен тыңда.

***
Ананың көңілі қызында,
Қызының көңілі қызылда.

***
Ұлға – түтін, қызға – күтім.

***
Сұлу жігіт – ел көркі,
Сұлу қыз – үй көркі.

***
Қыздың көркі – кигені,
Жігіт көркі – сүйгені.

***
Қыз бала – өріс.

***
Қыздың тамағы қылдай.

***
Қыздың қырық жаны бар.

***
Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма?

***
Қыз өссе – үйге жұт,
Ұл өссе – үйге құт.

***
Қызды ауылдың иті жатпас.

***
Қыз қылығымен сұлу.

Добавить комментарий