Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Математика: 6 сынып
Мақсаты:
- А. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу біледі және айтады.
- В. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешуге есептер шығарады.
- С. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу бойынша шығарылған есептерді дәлелдейді.
Тапсырма: Интеллект карта. Топтық тапсырма. Бағдаршам
Сабақ барысы:
Кіріспе
- Оқушылармен амандасу
- Оқушыларды геометриялық фигуралар бойынша топқа бөлу.
- Оқушылар амандасады. Үй тапсымасына жауап береді. Геометриялық фигуларды суырып, топ жасақталады.
Тұсаукесер
- Теңдеулер туралы білетіндерін еске түсіру
- Теңдеулер туралы білетіндерін еске түсіреді
Жаңа сабақ
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер
3х+0,8=4х-1,2 х-айнымалы /белгісіз/
3х+0,8 –сол жағы
4х-1,2 — оң жағы
ах=в а- айнымалының коэфиценті, в- бос мүше
ах=в түріндегі теңдеу мұндағы х-айн малы, а және b-қандай да бір сандар бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады.
Мысалы
0,9х=4,5. 2х+5=3х-2. х/3+11=2/х+9-бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер.
Түбірлері бірдей теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады.
Мысалы
4(х-3)=0 теңдеуі мен 4х-12= 0 теңдеуі мәндес теңдеулер, себебі 4(х-3)=0 теңдеуінің де түбірі 3-ке тең, 4х-12=0 теңдеуінің де түбірі 3-ке тең.
1-қасиет. Теңдеудегі қосылғыштың таңбасын қарама-қарсыға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.
2-қасиет. Теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.
1-мысал. 4х+3=х+5,1
1-қасиет бойынша; 4х-х=5,1-3
3х=2,1
2-қасиет бойынша: х=2,1:3 х=0,7
0,7-теңдеудің түбірі
Теңдеудің шешімін дұрыстығын тексерейік; 4*0,7+3=0,7+5,1 5,8=5,8
Теңдеудің түбірі теңдеуді тура санды теңдікке айналдырады.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу үшін:
- Теңдеуді теңбе-тең түрлендіріп ықшамдау керек.
- Айнымалысы бар мүшелерді теңдеудің сол жағына, бос мүшелерді теңдеудің оң жағына жинақтау керек.
- Теңдеудегі ұқсас мүшелерді біріктіріп, теңдеуді ах=b түріне келтіру керек.
- Теңдеудің екі бөлігінде айнымалының коэффициентіне бөліп, теңдеудің х=b/a түбірін табу керек.
Жаңа сабақты пысықтау
- Қандай теңдеулер бір айнымалысы бар теңдеулер деп аталады?
- Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады?
- Теңдеулердің қандай қасиеттерін білесіңдер?
Жұптық тапсырма
- 1-жұп №835 1.4 №837 №835 3,6 1.4
- 2-жұп №835 2,5 №837 2,5
- 3-жұп №835 3,6 №837 3,6
- 1-жұп а≠0 х=в/а
2,3х=9.2
Х= 9,2/2,3
Х=4 теңдеудің бір түбірі болады. - 2-жұп а=0 в≠0 0х=в
7х+3=7х+5
7х-7х=5-3
0х=2 Теңдеудің түбірі болмайды - 3-жұп 2х+х-5=3х-5
3х-3х=5-5
0х=0
Кез келген сан теңдеудің түбірі болады.
Есеп: ені-х см
Ұз 20 см 24 см
48 см2 кем
20х-24х=-48
4х=48
х=12
Жауабы: 12см
Оқушылар жұптарды «Екі жұлдыз бір ұсыныс» бойынша бағалайды.
Есепті орындағаннан кейін әр оқушы критерийлер бойынша өзін-өзі бағалайды.
Қорытынды
Кері байланыс: «Бағдаршам» арқылы бағалау.
Үйге тапсырма
№836 есепті орындау
§5.1. Бір айнымалысы бар теңдеулер оқуға