Кесінді. Кесіндінің ұзындығы

Сабақтың тақырыбы: Кесінді. Кесіндінің ұзындығы

Сынып: 5

Пән: математика

Мақсаттары:

  • Білімділік: Оқушыларға кесінді ұғымын меңгерту. Кесіндінің геометриялық фигура екендігін және оны қандай әріптермен белгілейтінін үйрету. Біліктерін сараланған есептер шығару арқылы логикалық оймен іске асыра білу.
  • Дамытушылық: Оқушылардың оқу материалын ұзақ есте сақтауына жағдай жасау.
  • Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, көрнекілік, есептер шығару, дидактикалық ойындар, ауызша жаттығулар.

Кесінді. Кесіндінің ұзындығы

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, түгендеу

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
  1. Әрбір натурал сан үшін 1) кейінгі натурал санды; 2) алдыңғы натурал санды атауға бола ма?
  2. Натурал сандарды жазу үшін қолданылатын белгілер қалай аталады?
  3. Кез келген натурал санның жоғарғы разрядтарда қандай цифр жазылмайды?
III. Жаңа сабақ

Түзудің берілген екі нүктесі мен олардың арасында жатқан барлық нүктелерден тұратын бөлігін кесінді деп атайды.

Сызықтарды өлшеуге бола ма? Кесіндіні ше? деген сұрақтар қойылады.
Кесіндіні өлшеу оларды өлшем бірлігі ретінде қабылданған қайсыбір кесіндімен салыстыруға негізделген.

Өлшем бірлігі ретінде мм, см, дм,… т.с.с деп алу қабылданған.
Кесінділердің стандартты халықаралық өлшем бірлігіне метр қабылданған.
Бүгінгі сабақта біз кесінділерді өлшеп салу барысында құрал ретінде сызғышты қолданамыз, өлшем бірлігінде см-ді қолданайық.

IV. Бекіту

Балалар, бүгінгі сабағымызда нені оқып үйрендік?
Кесінді дегеніміз не? Тағы қандай геометриялық фигураларды білдіңдер?

Есептер шығару:

  1. Ұзындығы 4 см кесінді сыз. Оны әріптермен белгіле
  2. АВ кесіндісі 3 см, Ал АК кесіндісі 1 см. КВ нешеге тең?
  3. АВ кесіндісі 3,5 см, АС кесіндісі 7,5 дм, ВС-ның ұзындығын тап.
V. Қорытындылау

Үйге: № 10, 11, 12

Добавить комментарий